Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі

Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі

Атырау облысы,   Жылыой ауданы ,Құлсары қаласындағы                                                                  № 9 жалпы орта білім беретін мектептің

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нұрғанова   Хадиша   Едресқызы

Сабақтың тақырыбы:    Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі

Сабақ мақсаттары:1.Білімділік мақсаты: Ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылатын есімдік жайлы түсініктерін бекіте отырып, сөйлемдегі қызметін ұғындыру, білім дағдыларын кеңейту.
2) Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың танымдық қабілетін, тілін, ой — өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік мақсаты: Тілге деген  сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілік қасиеттерге баулып, туған жер табиғатын қорғайтын азаматтарды тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызба — кестелер, үлестірмелі кеспе қағаздар

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру, ойын сабағы, іздендіру.

Сабақтың әдіс — тәсілдері: дидактикалық ойын әдісі, сұрақ — жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Психологиялық даярлық: «Жүректен жүрекке»
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушыларды екі топқа бөлу.

1.”Ұшқын” тобы.Ұраны: Ұшқын оты жалындап бойымызда,

 Биік шыңға жету бар ойымызда.

2.” Жалын”тобы.Ұраны: Жалындаймыз, жанамыз, Асуларды аламыз.

 

Шығармашылық белестер:

І.Таныс белес.

ІІ.Бейтаныс белес.

ІІІ.Шешендікті шыңдау белесі.

     ІҮ.Тапқырлық белесі.

Ү.Шығармашылық шыңы.

 

Шығармашылық белестер: І. Таныс белес.   Есімдіктердің түрленуі

І.         Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

ІІ.      Болса егер менің саған керегім,
Күндерімді, түндерімді,
Ой толқынын, сыр толқынын
Саған ғана беремін! (Б.Мом.)

Есімдіктің түрлері:  жіктеу:маған,сен ; сілтеу: міне, сол ; сұрау: кімсің? неге? өздік: өзі, өздерінен; жалпылау: бәрі, барлығына; белгісіздік: кейбіреу, әркімнің ; болымсыздық: ешкімнен, ешқайсың.

 

Есімдікті тауып,талдау.

І.Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім.

ІІ.Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық.               Ғ.Мұстафин.

 

Семантикалық кестені толтыр.

р/с мысал жіктеу сілтеу сұрау өздік жалпылау болымсыздық Белгісіздік
1. сіздің
2. өзіміз
3. бәрі
4. кейбіреу
5. ешкім
6. нешінші
7. Мынау

 

ІІ.Бейтаныс белес. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

І. Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

         Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.  (М.Мақатаев)

Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды Асқар алыптарын туғызған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім.

ІІ. Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік  тілдерінен әрқашан ерекшеленіп тұрады.   Малов С.В. (орыс ғалымы)

Жаңа ұғымға жаттығу жұмысы.

  • 94-жаттығу.

 

ІІІ.Шешендікті шыңдау белесі. Мақал — мәтелдер

1.Тіліңді биіктет,                            2.Әркімдікі өзіне,

Өзгеге сүйікті ет.                                   Ай көрінер көзіне.

  1. Жүзден біреу – шешен, Мыңнан біреу – көсем.
  2. Біреу күн нұрына малынса, Біреу ай сәулесіне зәру.

 

ІҮ.Тапқырлық белесі.

  1. Өзі үлбіреп тұр, Мұртының тиген жері күлдіреп тұр.
  2. Сыртым — қызыл, өзім — ақ, денем доптай,

       Шешіндірсең, жылатам ұрмай — соқпай.

О жағы —  мәрмәр, Бұл жағы — мәрмәр. Ортасында  сандуғаш сайрар.

 

Ү.Шығармашылық шыңы.  Омоним есімдіктер  Диалог алаңы

  • Кейбіреулер келіп,
  • Әлдекімді көріп,
  • Танысып жатыр.
  • Әлдебіреулерден мәлімет алысып жатыр.
  • Сіз осы қайда тұрасыз?
  • Көксайда,ал өзіңіз?
  • Әлдеқайда!
  • Ол қай жерде?
  • Белгісіз жайда…
  • Мұныңыз қиын екен,

            Іздесек таба алмаспыз оңай…

  • Оқасы жоқ, жаратылысымыз солай…

Омоним есімдіктер 

  • І.Өмірдегі ұлы адам…
  • ІІ.Бөлшек саннан бұрын өттік бұны біз (…)
  • І.Отан, ана, тіл, ай мен күн — нешеу? (…)
  • ІІ.Не етікші құралы,не көпшіліктің атауы… ? (…)
  • І.Сенен бұрын … ?(…)
  • ІІ.Нанбайсың, иланбайсың. Бастауышын қой. ?(…)
  • І.Басың біреу, басқасы бөлінеді оң мен (… )
  • ІІ.Кедір-бұдыры жоқ,… ? (…)

Есімдік сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарады?

Ойтолғау.

Есімдіктерді қатыстырып, «Біз-қазақпыз! «Тіл-біздің тірегіміз» шағын ойтолғау жазу.

Үй тапсырмасы:   93-жаттығу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *