Басы » Бастауыш сыныптар » Қызықты грамматика

Қызықты грамматика

gulsim Қордай ауданы Жамбыл ауылы

  Жамбыл жабаев атындағы №26 орта мектеп.                            

  Ержанова Гүлсім Бисенбаевна

Сабақтың  тақырыбы:     Қызықты грамматика.

Сабақтың мақсаты: 1Оқушылардың алған білімдерін грамматикалық,  ойын арқылы қайталау, бекіту.

   2 Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауға,

                                   тапқырлыққа шығармашылыққа баулу.

                                   3 Оқушыларды бірлікке, достыққа,

                                   оақылдылыққа,ой тәрбиесіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ, жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру.

                                2 Психологиялық сәт.

 

Екі  көзің не үшін керек,

Жақсылар ды көру үшін

Екі құлақ не үшін керек,

Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек,

Елге көмек беру үшін.

Екі аяқ не үшін керек,

Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

1- топ дауысты дыбыстар

2- топ дауыссыз дыбыстар.

Балалар, бүгін ерекше сабақ, біз бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

Мен сендерге «Әріптер әлемі» ертегісін айтып берейін.

 Ертеде барлық әріптер бірге тату-тәтті тыныш  бір қалыпты өмір сүріпті.Олардың бәрінің түсі де бірдей екен. Бір күні қатты жел соғады  желдің  қатты болғаны соншалықты әріптердің барлығы жан-жаққа шашырап ұшып кетіпті. А ә е е и о ө ү ұ ы і э ю я-дыбыстары күнге қонып қып-қызыл болып, б в г ғ д ж з дыбыстары ағашқа қонып ұяң болып қалыпты. Қ ккккккккк п с т ф х Һ ч ц ш щ дыбыстары ағаш діңіне қонып қатаң болып қалыпты. Л м н ң р й (у) дыбыстары бұтаққа қонып үнді болып қалыпты. Олар күні бойы қайғырып-жылап не істейміз дейді.Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті. Олар ортақ шешімге келіпті.

-Бұларды біз біріктірейік –деп шешеді. Оданкейін олар әріптерден буын, буыннан сөз құрапты.

  -Ал сөзден кейін не құрапты.

  -сөйлем.

Дұрыс айтасыңдар балалар сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соңынан нүкте,леп белгі, сұ.ақ белгісі қойылады.  Сөйлем сөзден тұрады,сөздер бөлек-бөлек жазылды.Сөз дыбыстардан тұрады.

Дауысты дыбыстар.                            Дауыссыз дыбыстар

 1-топ:

1) Қазақ тілінде қанша дауысты дыбы бар?

2)Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

3)Дауысты дыбыстар буын құрай ма?

4)Дауысты дыбыстар қаншаға бөлінеді?

5) Жуан дауысты дыбыстарды ата.

6)Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

2-топ

1)  Қазақ алфавитинді қанша дауысты дыбыс бар?

2)Дауыссыз дыбыстар  қалай айтылды ?

3)Дауыссыз дыбыстар қанша дыбыстар?

4)Қатаң дыбыстарды ата.

5)Ұяң дыбыстарды ата.

6) Үнді дыбыстарды ата.

1-топ :    Бүгінгі жарысқа,

     Алға шық жарыспа.

2- топ:    Тілейміз сәттілік,

               Жеңіп шықсын бірлік.

 

Енді балалар  сайысымызды бастайық.

1-ші сайыс:

Әріпті сайыс.(Жұмбақтар)

1-топ:                                                               2- топ:

Күнде бар, айда жоқ,                             Аяқты бар, баста жок,

Түнде бар,таңда жок. (Ү)                      Таяқта бар, таста жоқ. (Я)

Қызда бар,ұлда жоқ,                             Тәтті де  жоқ ,  ащыда бар,

Тұзда бар, ұнда жоқ.(З)                             Қаттыда жоқ,тұщыда бар.(Щ )

Балжанда бар,                                        Алтында бар,

Айжанда жоқ.                                         Күмісте жоқ.

Бірлікте бар,                                                    Тиында бар,

Тірлікте жок (Б)                                     Теңгеде жоқ.(Ы)

 

2- сайыс

Сыйқырлы дыбыстар сайысы.

Қай дыбыс екі топқа да, ортақ. Ол қандай дыбыс екен.

1-топ:  у дауысты дыбыс

 2-топ: у дауыссыз  дыбыс

1-топ: уық,уыз,ашу,оқу,оқушы,қору,суық, аққу.

2-топ: сөз құрау. У дауыссыз дыбыс.

Ау,суысқан,алу,суар,тау,астау,су,ту, асау.

Енді бұл жазған сөздерден екі сөйлем жазамыз, оқимыз.

   1-топ                   Киіз үйдің уығы көп. Кеше уыз көже іштік.

   2-топ                Балықшылар көлге ау салды. Сусыз өмір жоқ.

3-сайыс. Қызық сөздер сайысы.

.Екі жағынынанда оқысаңда бір сөз шығу.

1-топ:                                           2-топ:

Апа                                               Тот

Ата                                               Қалақ

Нан                                              Ала

Аса                                               Аса

Аша                                            Шаш

Қазақ                                           Көк

4-сайыс.

Қызық  сөйлем сайыс.   1-топ:

  1. Алмат Алматыда апасының  ауылында.
  2. Балжан Бейнеуге балаларына  барды.
  3. Санжар Семейде Сәкенге сеніп серуендеді.

4.Әжем  Әселмен әндетіп Әсемге  әтір  әкелді.

5.Жанар Жанатпен жазба жұмысын жазды.

                2-топ:

1.Қанат, Қайрат, Қайсар қаладан  қатты құйған қарға қарама –қарсы  қайтты.

2.Марат, М ұрат,Мәжит Мәскеудегі мейманхананы мүмкіндігінше мекендеді.

3.Кемел кемемен көпірге көп күттірмей Кеңеспен келді.

4.Ораз орманда ойланып, оюланған ойыншықтармен ойнап отыр.

5.Имашпен Инеш ибамен инелікке иілді.

Кім жылдам?

ААра,алма,Астана,алабота,ана, Ккек,керік,көкек,

Атамырза,ата,Айнура,алаша,алша,аласа, көмек,кірпік,көбелек,көк,

Алима,Америка, Аниса,Алиса,Анара,    күшік,көжек,көлік,көрік,

Альбина,аша,аса,айна, Айна,Айдана,     көйлек,көпшік,Көксерек,

Айнара,аққала.                                           Кеңесбек,кетік, Күмісбек.

Біздің ауылымыз қалай аталады?

Жамбыл ауылы. Балалар онда сөз шығарайық.

Жамбыл

Жал,бал, ала,жала,лал,ым, алма,мал,жыл,бам,лаж,лам,баж.

 Жаңылтпаш айтып жарысу сайысы.

 Екі топтан 2 оқушы шығып жаңылтпаш айтып жарысады.

Мақал-мәтелдер айту жарысы.                                                                  Екі топтан 2 оқушы шығып мақал-мәтел айтып жарысады.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін сөз тапқанға берейік.

Арамызда білгіш достар көп екен,

Оларды енді жарыстырып көрейік.

Таңдап алынған әріптер: А Б Ж С О Қ

Сұрақтар:

  1. Балашақта кім боласың ?

2.Ауа райы қандай?

  1. Сайысқа қайдан келдің?

4.Қандай жаман әдетің бар?

5.Жолда қалай жүруің керек?

6.Қай пәнді ұнатасың?

7.Бос уақытыңда не істейсің?

8.Отан үшін не істейсің?

9.Достарымызға не тілейміз?

Осыменен сабағымызды аяқтай отырып бүгінгі сайыста достық жеңді деп ойлаймыз. Еліміз аман,жұртымыз тыныш  балсын –деп сабағымызды әнмен аяқтаймыз.

«Әрқашан күн сөнбесін»

Әрқашан күн сөнбесін,

Басым күн төнбесін.

Қасымда болсын аман,

Болайын менде аман.

  

 Соңы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *