Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанава Гүлсім Бисенбаевна.
Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры.
Cабақтың мақсаты: 1. 7 таныстыру, тура және кері санауға үйрету.
7 санының сандық құрамын анықтау.
7 санын дәптерге жаздыру.
2.Танымдық белсенділілігін артыру,ой-
өрісін, ойлау қабілетін, математикалық
тілдерін дамыту.
3.Мақсатқа жете білутге,еңбектенуге,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы: саяхат сабақ.
Пәнарлық байланыс: әліппе.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
- Үй жұмысын сұрау.
а) 0 ден 6 ға дейін санап келу.
б) 6 санының құрамын біліп келу.
- Жаңа сабақ өту.
Ой шақыру:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Күздің нешінші айы? нешінші аптасы?
3.Бір аптада неше күн бар?
4.Бүгін аптаның қай күні?
Сонымен балалар 6 санының көршісін кім атайды?
Ия дұрыс айтасыңдар 5 және 7 саны. Енднеше біз сендермен 6 саының оң жақ көршісімен 7 санымен танысамыз.
7 Тақ сан, киелі сан .
7 санымен танысу үшін мақтақыз бен мысық ертегісісі бойынша 7 өткелден өтеміз. Мысыққа қатық табуға көмек берейік. Мысықпен бірге тапсырмала орындайық. Сәт сапар достар.
- Сиырдың тапсырмасы:
Балалар өткен сандарға байланысты санамақ айтамыз:
1-дегенім бесік,шықтық содан өсіп.
2- дегенім елім,далам, тауым, көлім.
3- дегенім үміт, үміт артар жігіт.
4- дегенім төзім,төзе білем өзім.
5-дегенім бақыт,бағалайтын уақыт.
6- дегенім ақын тыңдағаның мақұл.
7- дегенім жалау жүректегі алау.
- 7 саны қандай сан ?
7 қасиетті сан.
7Ата,қазына,күн,шелпек,ғалым,жоқ,жұт.
Сиыр тағы не сұрайды?
Жапырақ.
Сиырға жапырақты қайдан аламыз?
Ағаштан.
Онда ағаштын тапсырмасын орындайық.
1.7 санға дейін тура кері санату.
0 1 2 3 4 5 6 7
7 6 5 4 3 2 1 0
2.7 атаны атау.
7 ата: ата, әке,немере,шөбере, шөпшек, немене.
Ағаш не сұрайды?
Су.
Олай болса мық шаршап қалған шығар,ендеше балалар мысықтың көңілін көтеріп сергіту сәтін жасайық.
Бір,екі,үш, бір,екі,үш ,
Ал кәнекей ұш.
Төрт;бес алты,жеті, төрт;бес алты,жеті,
Мынау ауыл шеті.
Мысық сергіп қалды, енді су іздеп жолға шығайық:
Мысықтың алдарынан қыздар шығады.
Қыздардың тапсырмсы:
7-қазынаны ата:
7-қазына: Ер жігіт,сұлу әйел, жүйрік ат, берен мылтық, қыран бүркіт, құмай тазы,ақылды әйел.
7 санын тақтада жазу, ауада жазу.
Дәптермен жұмыс:
Біз қандай баламыз,
Сұлу тәртіпті әдемі,
Олай болса жазуымызды да әдемі жазайық.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш,
Жинап алып күш.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
7 санын жазу.
№1
+
6+1=7
—
7-1=6
Қыздар не сұрайды?
Сағыз
Балалар олай болса біз дүкенге барайық.
Дүкеншінің тапсырмасы:
7 жұтты ата.
7 жұт, өрт,оба,соғыс,құрғақшылық,зілзала,аштық.
№2
6 7
7 6 6 см
7см
Дүкенші не сұрады?
Жұмыртқа.
Енді балалар жұмыртқа алуға тауыққа барайық.
Тауықтың тапсырмасы:
7 жоқты ата.
7 жоқ. Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда өлшеуіш жоқ,тасбақада талақ жок,аллада бауыр жоқ,жылқыда өт жоқ,таста тамыр жоқ,құста өт жоқ.
№3
7 6 6 7 6 6 7 7
5+1=6
6+1=7
Тауық не сұрайды ?
Дән
Балалар біз тышқаннан дән сұрайық.
Тышқанның тапсырмасы:
7 жлған көл жетіетім не?
7 Тыңдалмаған жер жетім,киюсіз тозған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім,қазсыз қалған көл жетім,жерінен айрылған ер жетім,басшысыз болса ел жетім, замандасы қалмаса ,бәрінен сол жетім.
Көршісін тап:
1 | 3 |
5 |
4 | 2 |
0 | 3 |
Мысық мақтақызға тапсырма берді. 7 тағамды ата:
7 тағам: сүт тағамдары,ет тағамдары,сорпа тағамдары,ұн тағамдары,дән тағамдары,балық тағамдары,жеміс тағамдары.
Ойын «жасырын санды тап»
6+1 2+5
5+2 4+3
3+4 7+0
0+1 1+0
Балалар бізге мақтақыз тапсырмасын орындайық.
Адам өмірін жақартатын қанша ай бар? 7 ай.
7 ай: Әкімдердің шапағаты,ғұламалардың шарапаты, байлардың салауаты,кедейлердің қанағаты, үлкендердін ұалағаты,жастардың инабаты,азматтардың ар-ұяты.
№7
6 -0=6 3-2=5 5 -1=4
4- 2=2 7 -1=6 3 +3=6
Балалар біз 4 – сыныпқа барғанда әлемнің 7 кереметін өтеміз.
7 керемет:Хеопес пирамидасы,Александрия маягы,Семиралидалық аспалы бағы,Родиос алыбы,Галикарнас кесенесі,Артемеданның ғибадатқанасы.
Балалар біз қандай болуымыз керек? Адал.
Балалар біз бүгін не жасадық? Саяхатқа шықтық. Мысыққа көмек бердік,тапсырмалар орындадық,7 санының қандай сан екенін бі лдік.
Енді біз балалар 7 нәрседен аулақ болуымыз керек.
7 өсек, өтірік , мақтаншақ, еріншек,сұраншақ,алаяқтық,үстемдік.
Сұраншақ болса –арсыздық белгісі.
Өсек –күншілдіктің белгісі.
Ішімдік-азғындықтың белгісі
Жәбірлеу-қорлықтың белгісі
Алдау-алаяқтың белгісі
Үстемдік-зорлықты белгісі
Еріншек-жалқаулықтың белгісі
Балалар біз еш адамға жамандық жасамай , жақсы адал болуымыз керек.
Үйге: 7 санын жазу .
Оқушыларды бағалау.