“О.Жандосов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен”КММ
Биология мұғалімі: Алимжанова А.Н
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін
айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Тәрбиелік: Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың интеллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Сызбалар,электронды оқулықтар.
Әдіс-тәсілдері: Баяндау,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеп,керекті материалдарды журналға түсіріп,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2 Өтілген сабақты қайталау:Оқушылар екі топқа бөлініп:бірінші топ омыртқалыға жататын жәндіктерді,екінші топ омыртқасызға жататын жәндіктердің атын жазу.
Шала және толық даму жәндіктерге не жататынын жазу.
3 Үй тапсырмасын сұрау: Рефлексиялық-бағалау кезең
«Иә» немесе «жоқ» сұрақтарға жауап беру арқылы
1 Бунақденелілердің бәрі зиянды ма?
- Бунақденелілер демтүтік арқылы тыныс ала ма?
- Шыбын шала түрленіп дамиды ма?
- Бунақденелілердің зәр шығару мүшелері мальпигий түтікшелері ма?
- Масаның ауыз мүшесі шаншып-сорушы ма?
- Балараның ауыз мүшесі сүзіп-жалаушы ма?
- Бунақденелілердің денесі 3 бөліктен тұра ма?
- «Имаго» сөзі ересек жәндік деген мағына бере ме?
- Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілер толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атала ма?
- «Энтомология» бунақденелілерді зерттейтін ғылым ба?
- Балара ауыл шаруашылық зиянкес па?
- Бунақденелілерде 4 жұп аяқ бар ма?