Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
№ 201 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Жадыра Байтохаева
Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?
Сабақтың мақсаты: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін
пысықтау. Наурыз мерекесі, көктем мезгілі жайлы білімдерін кеңейту. Логикалық ойлауын, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, оқу,
Көрнекілігі: интер тақта, шығармашылық тапсырмалар
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
І. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау. Үй тапсырмасын 4-6 оқушыдан сұрау
- «Наурыз тойы» жатқа айту
- Наурызда қандай игі істер атқарылады?
- Наурыз тойы туралы әңгіме жазу
Наурыз мерекесі жайлы толықтырып айту
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
— Балалар, енді осы наурыз мерекесі қай мезгілде тойланады?
— Көктем мезгілінде
ІІ. Ендеше, біз бүгін Шегенбай Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?» өлеңімен танысып, жаттығулар орындаймыз.
- Өлеңді мұғалімнің оқуы.
- Өлең мазмұнын түсіндіру.
- Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту.
ІІІ. Суретпен жұмыс. Суретке қарап сөйлем құрау.
— Ал балалар, көктем мезгілі мен жаз мезгілінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын жайлы айтыңдаршы.
ІҮ. Жаттығулар орындау.
-Балалар Шәкәрім Құдайбергенов атамызда көктем мезгілі жайлы өлең шығарған екен.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Семей облысының Абай ауданынының Шыңғыстау бөктерінде туған. Әкесінен жеті жасынан жетім қалды десек те, атақты Құнанбай қажының ерке немересі, ақылы мен білімі дария Абайдай ағасы бар бала Шәкәрім материалдық жағынан да, рухани жағынан жоқшылық пен жетімдік көрмейді.
Өздік жұмыс.
116 — жаттығу. 1. Өлеңді түсініп оқыңдар
Көкорайға қонғанда
Қозылар ойнар дүркіреп
Жаздың күні болғанда
Жаңбыр жауар күркіреп
Шәкәрім
- Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар.
Керекті сөздер: ойнақтады, жауды.
Қозылар ойнақтады.. Жаңбыр жауады.
Тақтамен жұмыс
117 – жаттығу
- Көп нүктенің орнына керекті і әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ұшақ ұшт… . Кеме жүзд… . Аю ақ…рды. Қорадағы мал үр…кті.
- Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
Ү. Сергіту сәті: «Қара жорға» биі
ҮІ. Шығармашылық тапсырма
1 –қатар Не істеді? деген сұраққа жауап жаз.
Айдана
2 –қатар Өлеңді құрастыр
……… жауады. Жаңбыр көптеп жауады.
……… болады, Дала жылы болады.
……… келеді, Құстар ұшып келеді,
……… тереді Балалар гүл тереді.
3 –қатар
Әр сөйлемдегі сөздерді өз орнына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар
- Суретін, қызғалдақтың, Әлия, салды.
- Наурыз көже, әжем, пісірді.
ҮІІ. Білгенге маржан
Жұмбақ
Қазша қанатын жаяды
Үйрекше мойнын созады.
Құсша қонады
Ұшақ
Өлең
Ағам жылқы бағады,
Атам пішен шабады.
Жеңгем сиыр сауады.
Әкем киіз қағады.
Жаңылтпаш
Ұшып кетті үш құс
Ұшып келді ұшқыш
ҮІІІ. Қорытынды:
Сонымен балалар біз бүгін қандай «Бұл қай кезде болады?» өлеңімен таныстық.
— Ендеше, көктем мезгілінде далада қандай өзгерістер болады?
— Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер өлеңдерде, ертегілерде, жаңылтпаштарда, жұмбақтарда кездеседі екен.
ІХ.Үйге тапсырма: Бағалау
“Бұл қай кезде болады?” өлеңін мәнерлеп оқу
“Көңілді көктем” тақырыбында әңгіме жазу