Басы » Физика » Дененің салмағы.Салмақсыздық.Үйкеліс күші. Табиғаттағы және техникадағы үйкеліс

Дененің салмағы.Салмақсыздық.Үйкеліс күші. Табиғаттағы және техникадағы үйкеліс

Молдашева Мадина ӨтепқызыАтырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған селосыҒ.Сланов атындағы орта мектепте физика және математика пәнінен мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:  Дененің салмағы.Салмақсыздық.Үйкеліс күші.

Табиғаттағы және техникадағы үйкеліс.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға салмақ, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, үйкеліс күші жайлы түсініктерді тереңдету, оның табиғатын ашу, үйкеліс күшінің түрлі факторларға тәуелділігін зерттеу.

Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, тәжірибе көмегімен үйкеліс күшінің жазықтық тегіне, қысым күшіне тәуелділігін орнату,қорытынды жасауға жетелеу.

Тәрбиелік: құрал-жабдықтармен жұмыс жасай алу білігін қалыптастыру, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білім беру, жинақтау.

Сабақ әдісі:  сұрақ-жауап, үшөлшемді әдістемелік жүйе,ассоциация құру.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: компьютер арқылы жасалған слайдтар, компьютер, видеопроектор, демонстрациялық  құрал-жабдықтар, суреттер,

Сабақ барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне. 1-кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушы-лар үйде орындап,бүгінгі  сабаққа дайындалып келеді.Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:

а) ұйымдастыру сәтін;

б) алдыңғы тақырыптың тапсырмаларын үйде оқып келу дәрежесін тексергеннен кейін;

в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді.

«Көпір» тапсырмалары өткен тапсырмалар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары. 1.Қандай күш ауырлық күші деп аталады?2.Ауырлық күшінің формуласы: Fa=mg

  1. Гук заңы бойынша серпімділік күші: F=-kx
  2. Серпімділік күші қандай жағдайда п/ б?
  3. Деформацияның қандай түрлері бар?

6Денеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етеме?

  1. Күштің өлшем бірлігі және күшті өлшейтін құрал.
2 кезең (топтық жұмыс).Жаңа сабақты топтық жұмыс арқылы оқушылардың өз бетімен меңеруіне жағдай жасау:а)оқушылар төмендегі«Білу»,«Түсіну»,«Талдау»,«Жинақтау»тәсілдеріне сәйкес өздері толтырады.ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды;(10минут)Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теория: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім? не? қалай? қандай?нені? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек)(слайд 1) Бос орынға қажетті сөздерді жаз:1.Салмақ-дененің тірекке ,аспаға әрекет ететін күші .

2.Тіректің денеге әрекет ететін күші тіректің реакция күші.

3.Үйкеліс күшінің формуласы – Fүйк=ϻ*N

4.Дененің салмағы, реакция күші және үйкеліс күшінің өлшем бірлігі – Ньютон(Н)

5.Үйкеліс күші:домалау,сырғанау, тыныштық

6.Үйкелісті азайту тәсілдері:-жанасатын бет-тердің арасына сұйық қабатын енгізу, майлау;

-Шарикті, роликті подшипниктер,ауа жастығы

Теория: «Түсіну» неге? неліктен? себебі? не үшін?  сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады. (слайд 2) 1.Көктайғақта неге тротуарға құм себеді? (үйкелісті көбейту үшін)2.Шаңғының астын неге майлайды?(май қабаты үйкелісті кемітеді)

  1. Қарындашпен шыны және қағаздың бетіне сызық жүргізіңдер.Не байқадыңдар?
Теориясы бойынша: «Талдау»:1.Салыстыр.

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек.

Немесе 1-3 тапсырмаларды «Венн диаграммасы» арқылы қамтуға болады.

(слайд 3)

 

     1.Нормаль қысым күші мен тіректің реакция күшінің ұқсастығы неде?Екі шама да модулі бойынша тең.

2.Ауырлық күші мен тіректің реакция күші арасында қандай байланыс бар?

Екеуі де mg формуласымен өрнектеледі.

«Венн диаграммасы»

Жеке
Ортақ
Жеке

 

 

Теориясы бойынша «Жинақтау»: «Қорытынды шығар. Анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені толтыр, тірек-сызбаны,сөзжұмбақ толтыр немесе өздерің құрастыр және тағы басқа тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «Тақырыптың басты идеясы» жазған жауабына қойылады.(слайд 4) 1.Үйкеліс күшінің дұрыс анықтамасы.А) Бір дене екінші дене бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш;

Ә) Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші;

Б) Тіректің денеге әрекет ететін күші.

  1. Төбеден щана ….. күшінің әсерінен сырғанап, …… күшінің әсерінен тоқтайды.

А) ауырлық, үйкеліс;

Ә) серпімділік, үйкеліс;

Б) үйкеліс, серпімділік;

В) серпімділік,  ауырлық.

  1. Үйкеліс күшінің өлшем бірлігі.

А) Дж;  Ә) Н;  Б) Кг;  В) Кг/м3

  1. Тіректің реакция күшінің формуласы.

А) ϻ*N;  Ә)mgh;   Б) ρ*v;  В) mg.

Оқулықпен жұмыс (5минут) төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады.Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану» (оқулықпен жұ-мыс жүргізу барысында қарапайым тапсыр-малармен бекіту жүргізіледі) слайд 5 1.Дененің массасы 0,5кг . Егер дене горизонталь тіреудің үстінде қозғалмай тұрған болса, онда оның салмағы неге тең? Жауабы: (4,9Н)2.Массасы 50кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коффициенті 0,3. Жауабы:(205,8Н)
Практикасы: «Баға беру» (сен қалай ойлайсың? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады). (топтық жұмыс) (слайд 6) Екі шыныны бір-біріне қаттырақ қысып,бір-біріне қатысты қозғалтып көріңдер. Болған құбылысты қалай түсіндірер едің? 

 

 

 

 

3 – кезең. (кері байланыс –бағалау кезеңі); Жеке жұмыс.Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік,яғни құзірет-тілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысын-да оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ баға жүзеге асырылады.Бұл тапсырмаларды  са-бақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды, +3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл санын дәстүрлі бағаға айналдырып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
                  1 деңгей (5 балл). Әр тапсырманың бағасы  — 1 балл
Теориясы: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім? не? қандай? қалай? не үшін? Қашан? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар 2 кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады.) (слайд 7)
  1. Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші қалай аталады? Салмақ

2.Үйкеліс күшінің формуласын жаз?

3.Ньютон қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі?

4.Денелер бір-біріне қатысты тыныштық қалпын сақтаса, шаңғышы қар үстімен сырғанаса, доңғалақ-тардың айналу жағдайында қандай күштер бар?

5.Үйкелетін беттерді майлау не үшін қажет?

Практикасы: «Қолдану» (2 кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар орындалады.) Массасы 50кг дене 200Н күш әсерінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді.Үйкеліс коффициенті неге тең? Жауабы: 0,4
2 – деңгей (5 балл+4 балл=9балл). Әр тапсырманың бағасы – 1 балл
Теориясы: «Түсіну» неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда көрген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады. 1.Үйкеліс күшінің модулі неге қысым күшінің модуліне пропорционал?2.Жанасатын беттердің арасына сұйық қабатын енгізу не үшін қажет?
Теориясы: «Талдау» (слайд 9)

  1. Салыстыр
  2. Айырмашылығы неде?
  3. Ұқсастығы неде?
  4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. (кестені слайдтан көрсету)
1.Үйкелістің пайдасы және зияны қандай?2.Кестені толтыр:

р/с Күштің түрлері   анықтамасы Формуласы
1 Ауырлық   F=mg
2 Серп/күш F=kx
3 Үйкеліс F= ϻN
4 Теңәре- кетті күш F=F1+F2F=F2-F1
Теориясы «Қолдану»2кезеңдегі қарапайым тапсырмалар өзгертілген нұсқасы орын/ды. Үйдің төбесіне ілінген массасы 3,5кг люстраның салмағы қандай?  Жауабы: 34,3Н.
      3 – деңгей (9 балл +3 балл =12 балл). Әр тапсырманың бағасы — 1,5 балл.
Теориясы: «Жинақтау» (қорытынды шығаруға бағытталған мазмұнды жүйелер, анықтама бер, кесте деген сөздер тапсырма шартында болу керек.) (слайд 10 Үйкелістің түрлерін атаңдар? Қандай түрінде үйкеліс күші көп немесе аз болады, неліктен? 
Практикасы: «Баға беру» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)Рефлексия   «Бес саусақ»

  1. Бас бармақ не ұнады?
  2. Балан үйрек жаңа не білдім?
  3. Ортан терек не жөнінде

ойландыңыз?

  1. Шылдыр шүмек өз қоржы-

ныма  не аламын?

5.Кішкентай бөбек       не білгім

келеді?

1.Күнделікті жаяу жүргенде біз сырғанамаймыз. Неге? Сен қалай ойлайсың?

Білемін Білгім келеді Білдім
1.Денені тоқтатады2.Қозғалысқа кедергі жасайды

3.Жылдам-дықты азайтады

 

Үйкеліс неден тәуелді?Үйкелістің себептері қандай?

Үйкелістің қандай түрлері бар?

Үйкелісті қалай арттырып, кемітуге болады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *