Ақшабаева Алмагүл Санақбайқызы
Балқаш қаласы
Тәрбиеші
М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты КММ
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің төл теңгесі
Мақсаты:
Білімділік: : Оқушыларға тәуелсіздігіміздің бір белгісі теңге-ұлттық валюта туралы түсінік беру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (Оқушылардың зейіндерін аудару)
Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.
Кіріспе: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! “Тәуелсізелдің төл теңгесі” атты сынып сағатымызды Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің баюына және гүлденуіне ықпал етсін» деген сөзімен бастағым келіп отыр.Осы 21 жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Еліміздің экономикасы артып, басқа елдермен терезесі тең бола бастады.Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді. Әрине, теңге бірден төрт аяғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жылдар оның құнсызданған кезеңі болды. Дегенмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқтатқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен орнықтылығын сақтауы мемлекеттің қаржы саясатындағы қарымды істерінің нәтижесі.
Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесінің бірі екені сөзсіз.
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды.
2-жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1-жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз
.2-жүргізуші: 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Дулат: Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Аружан: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
Дамир: 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты.
Аяулым: ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
1-жүргізуші: Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар. Енді теңге туралы әңгімелейік. Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою – өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою — өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
2-жүргізуші: Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша мынадай болып өзгерді.(қазіргі қолданыстағы теңгелер көрсетіледі.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана – Байтерек» монументі бейнеленген . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбсы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанда Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған. Енді балалар, бізде қонақта теңгелер.
Шағын көрініс.
200 теңге-Аслан
Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін “Подделка банкнот преследуются по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
500 теңге-Дариға
Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
1000 теңге-Айсұлу
Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
2000 теңге-Ислам
Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ“ жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
5000 теңге-Аңсар: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ“ жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
10000 теңге-Нұрбол банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай – орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу орналасқан.
Мақал- сөздің азығы. (Жалғасын тап ойыны)
1.Теңге тиыннан өсер.
(Жылқы құлыннан өсер.)
- Есепсіз (дүние жоқ.)
3. Алтын тапсаң (санап ал.)
4. Ақша кетуге тырысады,
(Есеп ұстауға тырысады.)
5. Тамшыдан тама берсе (дария болар.)
6.Шашу оңай, (жинау қиын.)
7. Ақша ашпайтын ( құлып жоқ.)
8. Судың да (сұрауы бар.)
9. Ақшада (көз жоқ.)
10. Ар — намысы таза адамның (ақшасы аз болады.)
11.Ақша ашпайтын (құлып жоқ.)
Жұмбақ-ойдың қазығы. («Кім тапқыр?» ойыны)
Дүние аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды әдемілік, сонда сымбат.
Мақсатың көңіліндегі табылады,
Адамға ықыласпен қызмет қылмақ.
/Ақша/.
Бір нәрсе сондай епті жер баспайды,
Аптығып ақылынан бір саспайды.
Данышпан ақылы көп сондай зерек,
Жаңылып басқа жөнге бір баспайды.
/Есепшот/.
Кішкентай ғана безер,
Жер дүниені кезер.
/Күміс ақша/.
Ол не дүр бір нәрсе бар ойға зерек,
Жүгірер әрлі-берлі дөп-дөңгелек.
Жай нәрсе өз бетімен түк білмейді,
Қосымша адамзаттың зейіні керек.
/Есепшот/.
«Ақша – уақыт тынысы»
Жанарыс: Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Аяулым:
Ел ырысы – тайқазан
Төл теңгеміз қақпағы
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
Диана: Теңге теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы ,
Теңгеменен дөңгелер.
Ақша туралы ырымдар
- «Қағаз купюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді.
2. «Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз»
3. «Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
4. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең, жоғала береді.
Қорытынды: Балалар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады? Еңбектен.Дұрыс айтасыңдар, ақша еңбекпен, біліммен келеді
Әр отбасы ақшаның құнын бағалап, оны орынды жұмсай білу керек. Терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармаларында бірде Қазыбек би Төле биге «Кедейлік деген не?» деп сұрақ беріпті. Сонда Төле би: Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы- кежірлік, ортаншысы-еріншектік, кенжесі- ұйқы. Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды,-деп жауап берген екен. Ендеше балалар, Тәуелсіз еліміздің болашағы сендерсіңдер. Осы жаман әдеттерден аулақ болып, еліміздің экономикасын дамытушы, икемді, ұқыпты тұлға болып өсулеріңе тілектеспін.