Сағындықова Ләззат
Арал қаласы № 220 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Үйшік (орыс ертегсі)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ертегі жайлы мағлұмат бере отырып, мәтін мазмұнын түсінікті тілмен ұғындыру. Сөздік қорын молайту, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға төселдіру. Ертегі кейіпкерлерін рөлдерде ойнауға жаттықтыру.
Сауатты оқуға, өз сөзін жүйелі жеткізуге үйрету. Ынтымаққа , бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнефильм ,интерактивті тақта ,кесте ,үйшік суреттері , мақал –мәтелдер , сұрақ –тапсырмалар ,суреттер ,сөзжұмбақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі : рөлдік сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап , ой қозғау , топпен жұмыс , шығармашылықпен жұмыс, түсіндірмелі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау
Наурыз-жыл басы өлеңін жатқа айту және мазмұнын әңгімелеу. Кестемен жұмыс жасалынады.
Тақырып бойынша сұрақтар беріледі:
1) «Наурыз» сөзі нені білдіреді?
2) Наурыз көжеге неше түрлі дәм салынады?
3) Наурыз тойының мақсаты не?
4)Сен наурыз мейрамын қалай тойлайсың?
ІІІ.Өтілген материалдарды пысықтау
Сөзжұмбақ шешіледі. «Ертегі» сөзін шығару.
Жүйрік аң-елік
Аң патшасы-арыстан
Еңбекқор жануар-тиін
Түлкіге алданған жануар-есек
Көктем көркі -гүл
Өзі айлакер ,өзі қу… –түлкі
ІV .Жаңа сабаққа дайындық
Психологиялық дайындық
Біз тағы да біргеміз,
Сөгілмейді іргеміз.
Құшып күннің шуағын,
Көрісеміз қуанып
Ертегі дегеніміз не? (ой қозғау)
Ертегінің неше түрі бар?
Қандай ертегілер білесіңдер?
- Жаңа сабақ
Ертегі-бұл халық шығармасы. Ол халықтың ой –қиялынан туған туынды. Бұның авторы –халық. Ертегінің төрт түрі бар:1) Қиял –ғажайып; 2) Хайуанаттар туралы ; 3) Шыншыл ертегі; 4) Тұрмыс-салт ертегісі.
Қазақ халқы сияқты басқа ұлттардың да өз ертегілері болады. Бүгін біз көрші орыс ағайындарымыздың « Үйшік» атты ертегісімен танысамыз. Алдымен мульфильмнен үзінді көрсетіледі.
- VI. Бейнефильм көрсетіледі. Әр сюжетті суреттер бойынша әңгімеленеді.
VII. Оқулықпен жұмыс Мәтінді іштей оқытамын.
Топтық жұмыс Әр топқа кейіпкерлер беріледі. Соған сәйкес сахналап көрсету.
1-топ : Тышқан мен бақа
2-топ Қоян мен басқалар
3-топ : Түлкі мен басқалар
VIII. «Адасқан сөздер» ойыны жүргізіледі.
Әр оқушы жеке-жеке орындайды.
IX .Шығармашылық тапсырма
Ұнаған кейіпкеріңе өлең немесе жұмбақ құрастыр.
X Сабақты бекіту
Рөлмен ойнату. Бірнеше оқушы кейіпкерлерді бөліп алады. Ертегіні сахналап қойғызамын.
Мақал –мәтелдер беріледі. Оқып ,мағынасын түсіндіру.
Мәтінге сәйкес мақалды ата. Қандай ой түйдің? Пікірлері тыңдалады.
- Үйге тапсырма беру
XII. Оқушыларды бағалау