Басы » Информатика » информатикадан сабақтар топтамасы

информатикадан сабақтар топтамасы

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
№3 мектеп
Айгүл Өтекешова

Сабақтың тақырыбы:Компьютер-әмбебап есептеуіш машина.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды компьютер түсінігімен таныстыру,компьютердің құрылымы,қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс:<<Компьютердің>> анықтамасын, компьютердің түрлерін,пайдалану саласын анықтауды.

Оқушылар үйренуі тиіс:адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп,сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды,оның қызметін,оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануды.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • 4 бойынша тест жұмысын тексеру

IV.Білімді өзектендіру

Сұрақтар

1.Ақпараттың минималды бірлігін атаңдар. Ол қандай мағынаны қабылдайды?

2.1000 байт артық па,әлде 1 килобайт артық па?

3.Тағы қандай ақпараттың өлшем бірліктерін білесіңдер?

Мұғалім сабақтың тақырыбын ,мақсатын жариялайды.

V.Жаңа сабақты түсіндіру

Тақырыпты түсіндіру оқулық бойынша жүргізіледі.Тақырып қиын емес,кампьбтерлік техниканы қолдану саласына басты назар аударылады.

VI.Сабақты бекіту

Деңгей бойынша орындалған тәжірибелік жұмыс жаңа білім алудың жалғасы болып табылады.Түсіндіру барысында мұғалім оқушылардың өз бетімен ақпарат алуларына негіз болатындай түсінік береді,оқушылар оқу барысында қызығушылық танытқан бөлімдеріне байланысты қосымша ақпаратты өз беттерімен ала алады.В деңгейлі тапсырманы бос уақыт қалса бүкіл сыныпқа оқып беруге болады.

VII.Сабақты қорытындылау

Компьютерде орындалған тәжірибелік жұмыс бағаланады.

VIII.Үй тапсырмасы

  • 5 сұрақтарына жауап беру.

Тест жауаптары

1 2 3 4 5 6 7 8
в в д д д с а а

 

8-сабақ.Алгаритмдер.Алгаритм атқарушысы

6 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

·         Оқушыларға алгаритм түсінігі мен оны атқарушылар туралы негізі түсініктерін қалыптастыру

·         Алгаритмнің іргелі ұғымдарын және оларды кеңейтілген түрде пайдалануын мысалдар арқылы көрсету

·         Оқушыларға алгаритмді құру ережелерін мысалдарды келтіре отырып таныстыру алгаритмді формалды түрде орындау мүмкіндіктерін түсіндіру.

Дамытушылық:

·         Логикалық және арифметикалық ойлауын себеп салдар байланысы арқылы бекітуін

·         Танымдық қабілеттерін мен пәнге деген қызығушылықтарын дамыту,ақыл-ой әрекетін,жады,салыстыру,сараптама жасау,қорытынды жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік:

·         Оқушылардың танымдық қызығушылығын,коммуникативтік дағдысын қалыптастыруға тәрбиелеу

·         Тұлғаның рухани-әдептілік,адамгершілік қасиеттерін елгезектікке,еңбексүйгіштілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

<<Алгаритм және оның қасиеттері>> тақырыбын дәстүрлі түрде информатиканың теориялық басты тақырыбы деп санайды.ДК-де практикалық жұмысты орындауда алгаритмдік жүйені үйрететін <<Бота>> (АЖҮ) программалық қолданбасы пайдаланылады.Аталған тақырып бойынша өтілетін сабақтың басты міндеті-программалау тілі мен оның әдістерін үйретудегі негізгі бастама болып табылады.

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,сабақтың тақырыбын,мақсатын және міндеттерін айту,жаттығу жасату.

II.Сабақтың өзектілігі.

Мұғалімнің сұрақтары:

·         Өз күнін жоспарлап қою

·         Торт пісіру

·         Компьютерде есеп шығару

·         Машинамен орнынан қозғалу

Осындай есептерді шешудеде маңызды,шешуді неден бастау керек?

Қойылған мақсатқа жеткізетін жеке әрекеттерді орындау тәртібі.Осыған байланысты есепті шешу үшін оны алдымен алгаритмдеу керек.Сабақтың тақырыбын анықтау.

III.Жаңа түсініктер мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру.

Мұғалімнің сөзі.

Құбылыстың алгаритмдік мәнін ерекшелей білу және алгаритмді құру кез келген мамандықтағы адам үшін өте маңызды.

Алгаритмдік ойлау-ойлай білу өнері,өз әрекетін жоспарлай білу,түрлі жағдайға байланысты қабілеттіліктіқарастыру және соған сай әрекет ету.

Алгаритм түсінігі тек практикалық пайдалануда ғана бағалы емес,ол жалпы білімдік және дүниетанымдылық көзқарас мәнінде де маңызды болып саналады.Алгаритмдік ойлау дағдысы адамның ерекше стилінің қалыптасуына көмектеседі және оның құрамына

·         Мақсаткерлік пен ойын жинақтап алушылық

·         Шынайылық және нақтылық

·         Өз әрекетін жоспарлауда және орындауда дұрыс ойлауы мен жүйелілігі

·         Өз ойын дәл және қысқа айта білу

·         Шешімді дұрыс қою және оны нақты шешу жолын табу

·         Ағымдағы қарқынды ақпараттарды жылдам түрде бағалай білу .

Оқулықпен жұмыс-§3.1.

<<Есікті кілтпен ашу>> алгаритмін қарастыру.

Алгаритмнің атқарушылары және атқарушылар камандасының жүйесі түсінігін енгізу.

Адамдар мен кампьютерлер,роботтар,станоктар,жасанды серіктер,күрделі тұрмыстық техника және тіпті бала ойыншығы да алгаритмді орындай алады.

Төмендегі робот түрлерінің атқарушыларын атаңдар

Жол қиылысындағы жүйелі қозғалыс

Адамдардың емделуі

Ауладағы қоқысты тазалау

Пиццаны дайындау

Теледидарды жөндеу.

Атқарушыға алгаритді түсінікті түрде жазылуы бойынша оны өздігінен түсініп,талдамай шешеді.

Адамның алгаритмдерді формалды түрде орындалуы.

Атқарушы алгаритмдерді өздігінен түсініп жатпай талдамай шешеді,оны формальды түрде орындай алады.

Алгаритмнің қасиеттерін қарастыру.

Жаңа атқарушы <<Ботаны>> енгіз.Аталған Атқарушының командалар жүйесін жазу.Бота үшін құрылған программа мысалын көрсет.

IV.Білімі мен дағдыны қолдану.

Практикалық тапсырма: Аққаланы жасау алгаритмін құр.(оқулықтағы 5 тапсырма).

V.Жаңа білімді қорытындылау және іс-әрекет тәсілдерін қолдану.

·         Алгаритм сөзі қалай шыққан?

·         Алгаритм қандай элементтерден тұрады?

·         Алгаритм қасиеттерін ата

·         Түрлі мысалдармен алгаритм қасиеттерін көрсет

Сөйлемді аяқта:

·         Алгаритм-бұл……….

·         Алгаритм………..орындалады

·         Атқарушының команда жүйесі………………..

·         Атқарушы Ботаға кіретін команда…………………

Келесі сөздердің ақиқатын көрсет:

·         Алгаритм-есептеулердің біршама бірізділігін ұсынады.

·         Алгаритм-есептеулердің біршама бірізділігін ұсынады,ал кей жағдайда әрекеттердің математикалық сипаттағы бірізділігін ұсынады.

·         Кампьютер алгаритмді орындайды.

Жұмыс дәптерінде берілген <<Қолдану және шығармашылық>> деңгейіндегі тапсырмаларды орындау.

VI.Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақта алған жаңа ақпараттар элементтерін бекіту арқылы сабақты қорытындылау.

Сұрақтар:

1.Мектеп өмірінен алгаритмге мысал келтір

2.Қоршаған ортадан алгаритмге мысал келтір

3.Алгаритді қалай елестетуге болады

4.Ата-аналарыңның үй тіршілігінде орындайтын жұмысының алгаритмін жазыңдар.


1 сынып            4-5 сабақтар.

Сабақтың тақырыбы.

Қоршаған әлемдегі және табиғаттағы ақпарат.

Дәм сезу,иіс сезу және сипап сезу ақпараттары түрлері.

 

Сабақтың мақсаты

1.Ақпараттың жаңа түрлерін қарастыру

2.Оқушыларға ақпарат түрлерін ажырата білуді үйрету.

3.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқаулар.

Оқушыларға ақпарат және оның түрлері туралы материалдарды қайталау ұсынылады.

Жаңа тақырыпты меңгерту мен оны оқушылармен бірге қорытындылау мына түрде өткізіледі

  • Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты иіс сезу,сипап сезу және дәм сезу мүшелерінің көмегімен қабылдайды.
  • Егер біз ақпаратты денеміздің терісі арқылы қабылдасақ,онда ол сипап сезу ақпараты болып табылады. Ал оның ғылыми атауы-тактильдік ақпарат.
  • Егер біз ақпаратты иіс арқылы қабылдасақ,онда онда ол иіс сезу ақпараты болып табылады.
  • Егер біз ақпаратты тіліміз арқылы қабылдасақ,онда онда ол дәм сезу ақпараты болып табылады.
  • Есту,көру,сипап сезу,иіс және дәм сезу мүшелері ақпаратты алу арналары болып табылады.

 

Мұғалімге арналған мазмұндық бөлім.

 

Біз денеміз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз.Мысалы,өзендегі су жылы ма,әлде үтік ыстық па,т.б. әрекеттерді денеміз арқылы байқаймыз.

Бізді қоршаған иістер де маңызды ақпараттар қатарына енеді.Егер газдың иісін сезсеңдер,онда не істер едіңдер?Ондай жағдайда жедел жәрдем қызметіне хабар береміз.Жаңа жылда қандай иістер сезесіңдер Мәселен,шыршаның иісі,анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмді иіс шығады.Бұл ақпараттарды біз иіс сезу мүшелері арқылы анықтаймыз.сондықтан ол иіс сезу мүшесі арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.

Ал енді мына бір көрініске назар аударайық.Аруна Әлімге алма берді.Әлім Аруна берген алманың қышқыл,не тәтті екенін қалай біледі Бұл жағдайда ол дәм сезу мүшесі-тіл арқылы анықтайды.Ол дәм сезу ақпараты деп аталады.

Сонымен, ақпаратты мынадай сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз есту,көру,сипап сезу,иіс сезу және дәм сезу.Көру,есту,сипап сезу,иіс сезу және дәм сезу ақпаратты қабылдау арналары болып табылады.

 

4-сабаққа арналған тапсырмалар:

Суретте не бейнеленгенін әңгімеле.Боя.

Аруна мен Әлімнің қандай ақпарат түрлерін алатынын оқушылармен бірге талқылау қажет.

1-сурет-дәм сезу ақпараты.

2-сурет-сипап сезу ақпараты.

3-сурет-иіс сезу ақпараты.

 

2.Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос және боя.

3.Гүл мен оның атауын сызықтар арқылы қос.Боя.

Бұл тапсырманы орындау барысында гүлдердің иіс сезу ақпараттарына енетінін талқылаған дұрыс.

4.Суретте не бейнеленгенін әңгімеле.Боя.

5.Суреттерде қандай ақпарат түрлері бейнеленген

6.Сөздерді әріптермен қос.

Бұл сөздердің қандай ақпараттүрлерімен байланысты екенін талқылау керек.

 

 

5-сабаққа арналған тапсырмалар:

 

1.Суреттер ішінен дәмі тәтті,тұзды,қышқыл,ащы заттарды тап.

2.Сөздерді жина  (торт,сары,суық,түтін,дыбыс).

3.Қатарды жалғастыр (тақ сандар-1,3,5,7,9).

4.Жеуге болатын заттарды боя.

5.Тиісті әріптерді қойып,шыққан сөздерді оқы (елік,есік,ара,аша).

6.Суреттерді сәйкес әріптермен қос (піл,от,шырша,әтеш).

7.Тізбекті жалғастыр.

 

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

Балалар ағаштардай тербеледі,желдің қозғалысын көрсетеді,”кіп-кішкентай” сөзіне отырып,”үлкен” сөзіне тұрады.

 

 

 

 

2-сынып

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы.”Терістеу” ұғымы.

Сабақтың мақсаты.

1.”Терістеу” ұғымын түсіндіру.

2.Нысанның қарама-қарсы қасиеттерін қайталау.

3.Ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

4.Оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

 

Әдістемелік нұсқаулар.

“Терістеу” ұғымы-алгебралақ логика  немесе Буль алгебрасының негізгі түсініктерінің бірі.Емес сөзінің көмегімен заттардың кейбір қасиеттерін үйретіп,осы ұғымды түсіндіру үшін ойын ұйымдастырылады.Мысалы,Керісінше айт ойынын өзгертуге болады.

Мұғалім бір сөзді айтады.Оқушылар ол сөзге емес сөзін қосып теріс мағынада айтады,содан кейін кері мәндерін айтады.Мысалы үлкен-үлкен емес т.б. Сол сияқты Керісінше жаса ойынын өткізуге болады.

Мұғалім бір әрекетті көрсетіп,оның атын атайды.Ал оқушы кері әрекетін көрсетіп,оның мәнін айтады,мысалы оқу-оқымау,қарау-қарамау т.б.

Оқушылармен бірлесіп,мына мақалдарды талқылаңдар.

Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні кәріп.

Білсең айт-білмесең үндеме.

Тапсырмалар:

1.Әріптерді қорша.Қалған таңбаларды қалай атауға болады

(Әріптер емес)

2.Артық затты тауып,терістеуді құрастыр (Кітап,дөңгелек емес,қызыл емес)

3.Кім қайда тұрады? Мұғалім оқушыларға әрбір үйдің жанында белгі тұрғанын былай түсіндіреді мұнда дөңгелек емес,яғни үшбұрыш немесе шаршы және т.б.тұрады.

4.Нысандарды салыстыр.”Емес” сөзінің көмегімен оның қарсы мағынадағы мәнін жаз( Машина-биік емес,доп-қызыл емес,шай-ыстық емес және т.б.)

5.Жұмбақтарды шеш.

1.Түнде ұйықтамай,тышқан күзетеді   (Мысық)

2,Қанша ақса да бітпейді,

Арнасынан асып кетпейді.  (Өзен)

 

3.Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.   ( Кірпі)

4.Қанаты бар, ұшпайды,

Су астында қыстайды.     (Балық)

5.Ыстық құйсаң, суымайды,

Суық құйсаң, ысымайды.   (Термос)

6.Ақ түсті,қар емес,

Дәмі тәтті,бал емес.    (Қант)

 

5-6-сабақтар.  2-СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы.

Тұжырымдар.

Сабақтың мақсаты.

1.Тұжырымдар туралы мағлұмат беру.

2.Ақиқат және жалған түсініктерін қайталау және бекіту.

3.Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

4.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқаулар.

Тұжырым –бұл қандай да бір ойды тұжырымдайтын немесе терістейтін хабарлы сөйлем.Тұжырым туралы ұғымдарды қалыптастыру барлық тақырыптарға қойылатын ортақ сұрақтар арқылы жүргізіледі мына берілген сөйлем ақиқат па немесе жалған ба Егер тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтай алмасақ онда мұндай тұжырым анықталмаған немесе жай пікір деп аталады.

Мысалы

Назар аударыңдар Оң жаққа қараңдар

Қыс аяздан да қатты.

Бауыржан кітаптан да жылдам.

Оқушылармен бірлесіп,ақиқат немесе жалған тұжырымдарды анықтайтын ауызша ойындар өткізуге болады.Тұжырым мысалдары

Итпен дос бола алатын мысықтар бар.

Барлық адамдар сурет сала алады.

Кейбір адамдар сурет салғанды жақсы көреді.

Барлық көбелектер сары бола бермейді.

Құстардың бәрі ұша алмайды.

Кейбір дәрілер тәтті болады.

Кез келген адам қолымен жүре алады.

Ай әрқашанда дөңгелек.

Оқушылардың өздеріне жалған немесе ақиқат тұжырымдарды ойлатып,мысал айтқызуға болады.

5-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Тұжырымдардың қайсысы ақиқат,жалған немесе белгісіз екенін анықта.

  1. Тұжырымдардың қайсысы ақиқат,жалған немесе белгісіз екенін жаз.

6-сабаққа арналған тапсырмалар.

1.Суреттердің астына олардың ақиқат атауларын жаз.

2.Жалған жазуларды сызып таста.(алма,кірпі).

3.Жазулар ақиқат болатындай етіп,суреттерді толықтырып сал( 3 жалау,4 шар).

4.Жазулар жалған болатындай етіп,суреттерді толықтырып сал.

А) Шарларды түрлі бояулармен боя

Ә )үйдің төбесін үшбұрыш түрінде сал.

5.Аруна саңырауқұлақтарды,ал Әлім алмаларды жинады.Себеттердің төмен жағындағы жазулар жалған болған жағдайда балаларға өз себеттерін табуға көмектес:(Әлімнің себеті-жоғарыда,Арунаның себеті-төменде).

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *