Басы » Бастауыш сыныптар » Қызықты математика

Қызықты математика

otegenovaҚызылорда облысы  № 5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының  бастауыш сынып мұғалімі Өтегенова Гүлмира

Тақырыбы: Қызықты математика 1

Мақсаты:

Білімділігі: Математика пәніне деген қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, шапшақдық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы:ойлау қабілетін, ой-ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, мәнерлеп өлең айтуын, ұйымдастырушылық қабілетін, ортада өз-өздерін ұстау дағдылырын дамыту.

Тәрбиелігі:оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылығын арттыру.

Түзету: ұсақ маторикасын дамытуға және көзге жаттығулар жасауға үйрету.

Түрі: топтық сайыс.

Типі: ойын түрінде

Көрнекілігі: ойын есептері, кестелер, геометриялық фигуралар, асықтар, плакаттар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру:

Мұғалім: Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар және оқушылар!

«Қызықты математика» сабағына қош келдіңіздер! Бүгінгі сабақ топтық сайыс түрінде өтеді.

Ортада «Қыран» және «Тұлпар» топтары өздерін таныстырады .

1.«Қыран» топбасшысы:

Біздің топ: «Қыран»

Біздің ұран: «Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар!»

  1. «Тұлпар»- топбасшысы:

Біздің топ: «Тұлпар»

Біздің ұран: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске!»

Мұғалім: Екі топты сабақ барысында қадағалап, олардың тапқырлығы мен өнеріне баға беретін әділ қазыларды сайлап алайық!

І. Сайыс :«Бәйге» топбасшылар сайысы:

  1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
  2. Бір сағатта неше минут бар? ( 60 минут )
  3. Оқу жылының алғашқы айы? ( қыркүйек )
  4. Қосуға кері амал.( азайту )
  5. 1 ғасырда неше жыл бар? (жүз )
  6. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын сан? ( 98 )
  7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? (жексенбі)

8.Тәулікте неше сағат бар? (24)

  1. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш,қосылғыш, қосындының мәні)

10 71 жылда неше ай бар? (12 ай )

  1. Бөлу амалының компоненттерін ата?

ІІ. Сайыс: « Сиқырлы кестелер» Бос торкөзге 4,5,6,7,8,9 сандарын қойып баған бойынша,қатар бойынша қосқанда 15 шығатындай болсын.

 

8

 

 

1

 

5

 

7

 

4

 

 

2

 

 

1

 

5

 

4

 

 

3

 

2

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Сайыс: «Фигуралар сайысы»

Әр топқа бірдей фигуралар беріледі. Сол фигуралардан адам бейнесін жасау керек. Қай топ фигураларды көп қолдаса, сол топ жеңеді.

ІV. Сайыс: «Біліктілік сайысы»

1 топ: х+45=185                     2 топ? у+12=422

 

Сергіту сәті: көзге жаттығулар жасату.Көз қарашығымен 9,6

сандарын жасау

 

  1. Сайыс: «Хан талапай» Топ басшылар сайысады.

Талапай-ау , талапай,

Табылды айың алақай,

Асықты алға шашамыз,

Талапайға басамыз.

Қолыңдағы асықты 5 ке көбейт.

 

VІ. Сайыс: «Қасиетті 7 саны»

Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (7)

7 саны жайлы не білесің?

Жеті:күн ,жарғы,ата,керемет,нан жұт, қарақшы,қазына,жарғы.

 

VІІ. Сайыс: «Жұмбақ есеп» сайысы.

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса, 3 кг болады, ал екі аяғымен   тұрса, оның салмағы қанша?  ( 3кг)

2.Үстел  үсті төртбұрышты . Оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

  1. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

4.Екі адам шахматты 2 сағат ойнаса, әрқайсысы неше сағат-

тан ойнады? (2 сағат)

5.1 топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы 5-еу.1-еуі жерге қон са нешеуі қалады? (1)

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып

алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10)

VІІ. Сайыс: «Ой сергіту»

  1. 7 жұрттың тілін біл,(7 түрлі білім біл.)
  2. Білекті бірді жығар,(білімді мыңды жығар.)
  3. Жүз сомың болғанша ,( жүз досың болсын.)

4.Екі жақсы қас болмас,(екі жаман дос болмас)

 

Қорытынды:Әділқазылар алқасы қорытындысын айтады .

Марапаттау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *