Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Тұмарбекова Д.Ж
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)
Сабақтың мақсаты:
- Мысалды түсініп оқу, саналы түсініп оқу, мазмұнын түсінуге жетелеу.
- Ойлау қабілеттерін арттыру , сөздік қорын дамыту, өз ойларын жетілдіруге төселдеру.
- Оқушыларды жан-жануарларғ, үлкенге, кішіге қамқор болуға, қоршаған ортадағы тірі жандарды аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі:автордың суреті, тышқан мен арыстанның суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-О.Әубәкіровтың «Ара мен шыбын».Мәтіннің мазмұнын сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
-Мәтінде ара қандай?
-Шыбын қандай?
Сипаттама беру.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме жүргізу.
-Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз:
«Арыстан мен тышқан».
Авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров (портреті көрсетіледі)
-Қане ,балалар С. Торайғыров туралы не білеміз,еске түсірейікші.
-С. Торайғыров (1893-1920)қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауылында дүниеге келген.Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі,ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «неге жасаймын», «шәкірт ойы»,т.б өлеңдердің «Қамар сұлу» т.б көркем шығармалардың иесі.
-Ал балалар , бүгінгі тақырыбымыз «Арыстан мен тышқвн» деп аталады.
-Балалар алдымызды қандай мезгіл келе жатыр?
-көктем
-көктемде айналада қандай өзгерістер болады?-жан-жануарлар не істейді?
-Дұрыс айтасыздар.Балалар көктемнің осындай жайма-шуақ күнінде арыстан мен тышқан кездесіп қалады.Қане, балалар, айта қойыңдаршы, арыстан мен тышқанның айырмашылығын салыстырыңдаршы, екеуіңе мінездеме беріңдер.
Арыстан тышқан
Жыртықыш кеміргіш
Аң патшасы ұсақ
Батыл өте күшті жыл басы
Ұзақ жасайды өте қорқақ
Етпен қоректенеді өте әлсіз
Бірнеше жылда тағам талғамайды
ұрпақ береді көп балалайды
негізгі бөлім
«Арыстан мен тышқан»
А) мәтінді оқушылардың іштей оқыту-Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
Автор жан-жануарлар
Мысал
Адамдар арасындағы өсімдіктер заттар
Қатынастар
-сызба бойынша түсінік беріледі.
-Рөлдерге бөліп оқыту.
—Сөздік жұмыс жүргізу
Сейіл құру-қыдыру, бойын жазу.
Зиян-залал, зақым.
Азат қыл-еркіндікке жібер, босат.
Мақалдарды оқып, ішінен мысалдың мазмұнына сәйкес келетін мақалды тауып оқу.
Дәптермен жұмыс. Мақалдарды дәптеріңе жаздыру.
Мысалды оқи отырып , әр шұмаққа сурет салу.
1-қатарға-1,2 шумаққа
2-қатарға 3,4,5 шумаққа
3-қатар 6,7 шумаққа
Салынған суреттерді байланыстырып, мәтіннің мазмұнын баяндау. Салынған суреттерді талдау.
ҮІ. Түсінгенін тексеру
-Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
-Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
-Тышқан қалай өлімнен құтылды?
-Ол өз айтқан уәдесін қалай орындады?
ҮІІ. Сабақты қорыту:
-Балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық?
-Мәтін ұнады ма?
-Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
-Адамдар қатты қысылған уақытта, қандай көмек беру керек?
-Осы мақалдан қандай сабақ алдыңдар?
Түйін.
Үлкен сабақ түйгеніміз мақалдан-
Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.
Тығырыққа тірелер күн туғанда,
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан!
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
«Арыстан мен тышқан»мәнерлеп оқу, мазмұндау.
Бағалау