Қарағанда қаласы
№59 ЖББОМ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Мустафина Назгуль Кабидолловна
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту «Балтабай Табылдиев»
Сабақтың мақсаты: Топтық жұмыс арқылы оқушылардың еліміздің суретшілері туралы білімдерін толықтыру.
Міндеттері: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру, өлең жазу қабілеттерін қалыптастыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау,мәтінмен жұмыс, ауызша-жазбаша, диалог, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивтік тақта, бейнесуреттер (презентация), плакат.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Әрбір адам — туысым, досым жұрағат,
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу ұлағат.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.
Оқушыларды топқа бөлу:
Үй жұмысын тексеру
4-тапсырма «Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы»тақырыбында әңгіме құру./слайдтарды көрсету/
Жаңа сабақ
Ой шақыру әдісі.
Бейнесуреттерді көрсетеді. /Ә.Қастеев,Ж.Қайрамбаев суреттері көрсетіледі./
- «Олар кімдер?»
Әр топқа суретшілер туралы мәтіндер таратады.
1-топ Ж.Қайрамбаев
2-топ Б.Табылдиев
Жаңа сөздермен жұмыс
Қарапайым –
Кәсіби суретші –
Жомарт –
Білікті азамат –
Өнертанушы —
2 Оқиды,ойлайды,өз ойларын қорытады
3 Топпен талқылайды.
4 Мәтінді оқиды.
5 Мәтін бойынша тірек сызба құрып,қорғауға дайындалу
Әр топқа жеке тапсырмалар беру. Топтық суретпен жұмыс.
1-ші топ. Ж. Қайрамбаевтың бір суретіне сипаттама беріңдер.
2-ші топ. Балтабай Табылдиев
3-тапсырмадағы мәтіннен етістіктерді теріп жазып,қалау райға айналдыру.
Етістіктің рай категориясын топтайық
Ашық рай
Бұйрық рай
Шартты рай
Қалау рай
Қалау – ниет, тілек дегенді білдіреді
Сонда қалау рай дегеніміз не? іс иесінің қимылды, іс — әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді, бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады.
Мысалы: Менің жақсы оқығым келеді.
Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді.
Қалау райдың жасалу жолдары.
- – ғы/гі; — қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып, кел көмекші етістігімен тіркеседі.
Мысалы: Менің теледидар көр — гі — м келеді
Менің Астанаға бар — ғы — м келеді.
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар
І топ. Жұмақын Қожақынұлы Санкт-Петербург қаласындағы сурет өнер институтын бітірген.
ІІ топ.Балтабай Табылдиев 1940 жылдың 6 наурызында Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген.
«Кім жылдам?» Семантикалық карталарды толтыру
Етістік ——-Ашық рай ——Қалау рай ———Бұйрық рай ———-Шартты рай
Оқы
Жаз
Тыңда
Айт
Күре
Рефлексия.
-Сонымен суретші болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуға тисті деп ойлайсыңдар?
— Суретші болу кез келген адамның қолынан келе бермейді, оған нағыз шеберлік керек, яғни суретті жай ғана сала салмай оның мәнін, бұл сурет қандай да бір көріністі немесе адамның белгілі бір сезімін білдіру керек.суретші болу оңай емес,
Сабақты қорыту.
Тест
- Ж. Қайрамбаев қай жылы дүниеге келген?
а ) 1953 жылы
ә ) 1940 жылы
б ) 1932 жылы
- Ж. Қайрамбаев қай қалада мүсін-сурет институтын бітірді?
а ) Алматыда
ә ) Сант-Петербургте
б ) Мәскеуде
- Б. Табылдиев қай жерде дүниеге келген?
а ) Қарағанды
ә ) Қызылорда
б ) Тараз
- Балтабай Табылдиев қай қалада оқыды?
а ) Алматыда
ә ) Сант-Петербургте
б ) Мәскеуде
- Қалау райлы етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?
а ) –са,-се
ә ) –ғы, -гі , -қы, -кі
б ) –да, — де, -та, -те
- Б. Табылдиев кім?
а ) ақын
ә ) суретші
б ) әнші
- Мына етістіктердің қайсысына –қы, -кі жұрнақтары жалғанады?
а ) айт, сөйлес
ә ) жүр, көр
б ) жаз, сал
- Балтабай Табылдиев кім?
а) еңбек сіңірген әнші
ә) дарынды ақын
б) халықаралық көрмелердің дипломаты
- Қалау райда тұрған сөйлемді тап.
а) Менің сурет салғым келеді.
ә) Ол алса береді.
б) Мен айтайын
- Шартты райлы етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?
а) –ғы,-гі
б) – са,-се
б) — да,-де
Тест жауаптары
- а ) 1953 жылы
- ә ) Сант-Петербургте
3.ә ) Қызылорда
4.б ) Мәскеуде
- ә ) –ғы, -гі , -қы, -кі
- 6. ә ) суретші
- а ) айт, сөйлес
- б) халықаралық көрмелердің дипломаты
- 9. а) Менің сурет салғым келеді.
- б) – са,-се
Үй тапсырмасы: Балтабай Табылдиев туралы әңгімелеу.