№2 Қаратау колледжі
II – санатты өндірістік оқыту шебері
Талас ауданы, Қаратау қаласы
Тақырыбы: Машинамен тігілетін тігіс түрлері.Қоспа тігістер.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік – білімгерлерге қоспа тігіс түрлері жайында түсінік беру, тігістердің өңдеу әдістерін үйрету.
- Тәрбиелік – білімгерлердің мамандыққа қызығушылығын арттыру, еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыпты, сапалы жұмыс жасауға тәрбиелеу.
- Дамытушылық – берілген тапсырмалар арқылы білімгерлердің ой-өрісін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық, эстетикалық талғамын дамыту.
Заттық техникалық жабдықталуы:
А) Шеберхана жабдықтары
Б) Технологиялық карталар, тақырып бойынша буклеттер, Т.Қ. ережелері бойынша қима қағаздар, сәйкестендіру плакаты, қоспа тігіс түрлерінің үлгілері.
Пәнаралық байланыс: Математика, сызу, эстетика, жабдықтау, материал тану
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
А) білімгерлерді журнал бойынша түгендеу
Б) сабаққа дайындығын тексеру
Кіріспе нұсқау
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
III.Өткен тақырыпты қайталау
Қима қағаздар арқылы өткен тақырыпты қайталау
Қол жұмыстарының терминологиясы
Көктеу – екі немесе бірнеше біркелкі бөлігін бір-бірімен беттестіріп инемен сирек тігу.Бұл машинамен тігер алдындағы әзірлік процесс.Иық, жан тігістері, жең тігістері көктеледі.
Айналдырып көктеу – аударылған немесе көмкерілген бөліктердің жиегін уақытша қиғаштап тігу.Қақпақ, түймелік пен жаға айналдырып көктеледі.
Шетін бүгіп көктеу – бөліктің шетін белгіленген сызық бойынша бүгіп уақытша тігу.Юбканың, көйлектің етегі, жеңнің төменгі қималары бүгіліп көктеледі.
Қондыру – екі бөлікті ойынды бойымен қосып уақытша көктеу.Жеңмен жаға бұйымға қондырылады.
Қадау – түйме, ілгек, шыртылдақ және басқаларды қадау.
Қолмен жүргізілетін жұмыстарды орындаған кезде келесі техникалық шарттарды орындау керек:
1.Қосымша сызықтарды (жағаның,түймеліктің бұрыштарының сызығы) лекал немесе сызғыш арқылы жүргізу керек.Сызықтың қалыңдығы 0,1 см аспау керек.
2.Синтетика талшықтары араласқан маталарда сызықтарын сабынмен жүргізеді.
3.Уақытша тігістерін ашық түсті мақта жіппен орындайды.
4.Матаның қалыңдығына иненің номері сәйкес болуы керек.
5.Көктеу тігістерінің соңын 1-2 қайтара тігістермен бекітеді.
6.Көктеу тігістерінің жіптерін шығару үшін, тігістің әрбір 10-15 см аралығында, жіпті қайшымен қияды.Жіпті матадан тартып тастайды.
IV.Жаңа тақырып
Киімді тіккен кезде бөліктерін бір-біріне қосу, өңдеу және әсемдеу үшін машинамен жүргізілетін тігістер қолданылады.Сыртқы көрінісіне және конструкциясына қарай тігістер әр түрлі болып келеді.Тігістер конструкциясына және тігістің қолданылуына қарай: қоспа тігіс,шет тігіс, әшекей тігіс болып бөлінеді.
Қоспа тігістердің түрлері:
1.Айыра үтіктелген қоспа тігіс.
Қалың маталардан тігілген бұйымдардың негізгі бөліктерін қосу үшін (бүйір,иықтарын,жең тігістерін) айыра үтіктелген қоспа тігіс қолданылады.Тігіс ені – 1см.