Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Сервис және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК
Бекітемін _________
Н.Д.Нургалиева
Оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі
директор орынбасары
«___» _______ 20 ____ ж.
Әдістемелік әзірлеме
тақырыбы:« Былғары мен теріні көркем өңдеу әдістері»
Мамандығы 0413122-«Көркем заттарды тері мен жүннен жасаушы»
Біліктілігі 0413000 – « СҚӨ және халық кәсіпшілігі
Дайындаған: Альдекешева З.Н
Арнайы пәндер оқытушысы
Орал. қ. 2021– 2022 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Былғары мен теріні көркем өңдеу әдістері»
Модуль /пән атауы : КМ 04Жүннен және былғарыдан ішкі иделер жасау
Пән атауы: «Арнайы технология»
Дайындаған арнайы пәндер оқытушысы : Альдекешева З.Н
2021 жылғы «20» сәуір
Жалпы мәліметтер:
Курс, оқу жылы, топ 1 курс, 161 топ
Сабақ түрі: Аралас сабақ
- Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Композиция заңдылық қасиетін сақтап эскиз салуды үйрену, алған білімін өз бетімен қолдана білуін қадағалау. Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту Былғарыны көркем өңдеу әдістерін үйрете отырып, тандалған мамандыққа қызығушылық ояту, еңбекке баулу, жалпы мағлұмат беру,және эстетикалық талғамын арттыру.
2.1. Оқу барысында студенттер жұмыс үлгілерімен таныса отырып, көркемдік сауаттылық негіздерін меңгереді.
Сабақты жабдықтау:
Оқу-әдістемелікқұрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Техникалық құралдар, материалдар жұмыс үлгілері иллюстрациялар. суреттер, альбомдар. Оқушылардың жұмыстары тұмар, панно, сәндік шөлмектерт.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың, оқушылардың дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақстан жерінде тері өңдеу өңерінің дамуы»
ІІІ. Жаңа тақырып
Былғары мен теріні көркемдеп өңдеу түрлері
Ерте замандардан бастап ата-бабаларымыз былғары мен теріні илеп қана қойған жоқ, оларды әшекейлеп, көркемдеп, безендіріп, өңдей білген. Осы әсемдеп, көркем безендірудің бірнеше түрлерін меңгеріп, жақсы дамытып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Міне біз сол ұрпақтың бірі болып, осы өнерді әрі қарай дамытып, үйреніп жалғастырмақпыз.
Былғары мен тері өңдеудін ертеден келе жатқан мына төмендегідей түрлері бар, былғарыға бедер түсіру, қайыс өру, терілерден құрақ құрау, тон, аяқ-киім беттеріне кесте тігу, оларды тесіп, кесіп оюлау, бояп, күйдіріп, батыра өрнек ою сияқты түрлері жақсы дамыған.
Былғары мен терімен көркемдеп, әшекейлеп заттар жасау үшін тек теріні тігу ғана емес, немесе оны өру, кестелеумен қатар өнердің негізгі әліппелерінің-бірі композицияны жасалу мақсатың, пропорциясын, пішінің, материалдық қасиетің және құрал –жабдықтармен сол заттарды көркемдеу әдіс технологиясын жақсы менгеру қажет.
Былғары мен теріні көркемдеудің жеңіл ұлттық түрлерімен қатар қазіргі заманымызға сай игеріліп, қолданылып жүрген әдістерді көрсетпекпін.
- Жапсырмалау: Жапсырмалау әдісін кезкелген бұйымды сәндеу үшін қолдануға болады. Ол қағазбен, матамен орындалған әдістен айырмашылығы жоқ. Көлемді апликацияны орындау үшін мақта, матаны пайдалануға болады.Сәнді аппликация деп «решелье» техникасында орындалған аппликацияны айтуға болады. Жіңішке баулардан геометриялық пішіндерді орындауға болады.
- Былғарының шетін өру: былғары бөлшектерінің шеттерін қосып өру үшін түрлі әдіс қолданады. Былғары құрақтарын алдын ала біз, тескіш арқылы теседі. Тескен орын жылжып кетпес үшін оны бекіткен дұрыс желім арқылы. Былғары шетін өру үшін тесьма, жібек жіп, былғары бау қолдануға болады. Өретін бау мен былғары түсі үйлесімді болған жақсы.
- Өрме түрлері: Өрме түрлерін былғары бұйымдардын кейбір элементтерін орындау үшін қолданады. Жазықтықта өру-бұл әдіспен шынжыр белбеу, сумке, белдікті әшекейлегенде қолданады. Ең қарапайым түрі үш таспалы өрме. Одан басқа төрт, бес, алты таспалы өрме түрлері бар. Өрмені тығыз орындау қажет.
- Жылу мен өңдеу: Былғарының қасиеттерінің бірі оны қыздыру арқылы өңделуі. Осы әдісті орындау үшін бізғе қатты былғары, сіренке немесе басқа қыздыруға пайдалануға келетін газ, электро плитасы қажет. Былғарыны қыздырған кезде, жылу тиген былғары көтеріліп жаңа пішін пайда болады. Осындай әдіспен қыздырылған бөлшектерді сәндік бұйымдарды әшекейлеуге қолданады.
- Дымқылмен өңдеу: Былғары қажетті пішінді жақсы сақтау үшін, дымқыл мен өңдеуге болады. Ол үшін былғарыны теріс жағынан су мен пва желімінің қоспасымен дымқылдап қажетті пішінге кереміз. Кепкен соң былғары жаңа пішіңге ие болады.
- Күйдіру: Бұл әдіспен жұмыс орындау үшін бізге хроммен немесе өсімдік арқылы өңделген былғары қажет.Күйдіруді арнайы құрал арқылы орындайды. Суретті былғарыға калька арқылы түсіреді. Жінішке сурет , сызық қажет болса күйдіргіш құралды тез жүргіземіз, ал жуан сызықтар қажет болса, жәй жүргізу керек. Алдымен суреттің жобасын түсіріп, содан сон фонды салып, ең соңынан ұсақ бөлшектерді саламыз.
- Оймалау: Былғарыны оймалау үшін бізге қалын былғары қажет және өткір кескіш немесе пышақ. Суретті былғарыға түсірген соң, қалындығын ескере отырып, жартысына дейін былғарыны оямыз. Кескен, ойылған сызықтар бір бірімен айқаспау керек. Ұшсыз ағашпен ойылған сурет үстінен жүргіземіз. Енді суретті үстінен бояуға болады.
- Бедер салу: Былғарыға бедер салу әдісін ерте кезден қолданған және жақсы бағалаған. Ол үлкен дайындықты қажет еткен. Бедер салу үшін қалындығы 0,8-1,2мм былғарыны қолданған дұрыс. Өрнекті алдымен қағазға салып, оны калькаға түсіріп, былғарыға жабыстырып, бекітіп, үшкір құралмен басу керек, сонда сурет теріс жағынан көріну керек. Теріс жағынан былғарыны дымқылдап тұру қажет.
- Былғарыны керу: Былғарыны керу әдісін көптеген бұйымдар дайындау үшін қлдануға болады-сырға, білезік, шашбау, сурет жақтауын дайындаған кезде. Бұйымдарды керу үшін жұмсақ былғары жақсы. Негізді дайындау үшін қатырма қағазды, жұқа темір, пластмассаны қолдануға болады.Егерде көлемді болуын қажет етсек негізге паралон жабыстыруға болады. Қаптап керген кезде бұйымнан 3-4мм артық алу керек шетін қайыру үшін.
- Былғарыны жиыру: Бұл әрі қарапайым,әрі сәнді көркем өңдеу ідісі. Жиыру әдісімен ұсақ заттардан бастап үлкен көлемді ппаннолардыда жасауға болады. Жиыру әдісін жұмсвқ, созылмалы былғарыдан орындаймыз. Жақсылап желімденген былғарыны негіге жылдам және әдемі жиыру керекпіз. Желімдеу үшін «момент» желімін қолдануға болады. Қыртыстарды қолмен де пинцет арқылы да орындауға болады. Бұл әдіспен орындалған гүл, ағаш, жапырақтар әдемі болып шығады.
Cабақты бекіту: Оқушылармен көркем өңдеу әдістерін қолдана отырып сәндік пано жасау үшін эскиз салу.
V.Үй тапсырмасы:Былғары мен теріні көркем өңдеу әдістерін қайталау.
Сабақ бойынша рефлексия «Өз сөзімнің дәлелі»
— Сабақта мен жұмыстандым ….себебі……
— Маған сабақ …..
— Сабақ бойы мен….
— Менің көңіл күйім….
— Сабақ материалдыры мен үшін ……