Басы » Tәрбие сағаттары » Мен –өмірді жырлау үшін келгенмін

Мен –өмірді жырлау үшін келгенмін

unnamedАлматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы

«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

кітапханашысы М.Б.Нұртазаева

«Мен –өмірді жырлау үшін келгенмін»

(Ашық тәрбие сағаты)

Мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту.

  1. Білімділік – оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, ақиық ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
  2. 2. Дамытушылық – оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеуге тілін дамыту, өлең оқуға, логикалық ойлау қабілетін, сана — сезімін дамыту.
  3. Тәрбиелік – Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар және оқушылар!  Бүгін   Мұқағали Мақатаевтің туғанына 84  жыл толуына байланысты «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»  атты ашық тәрбие сағатына

қош келдіңіздер.

Кештің барысы:

Қарасаз, Қара шалғын өлеңде өстім

Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

 

 Жүргізуші: Қазақ поэзия әлеміне шетсіз — шексіз кеңестік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 84 жыл толып отыр. Ендеше, бүгінгі  кешіміз атынан танылып тұрғандай, Хан тәңірінің мұзбалағы атанып, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевқа арналмақшы.

М.Мақатаевтің өмірбаяны  (Слайд көрсетіліп тұрады)

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты — Мұхаммедқали.  Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады . Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Хронология

  • 1948 — 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
  • 1948 — оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
  • 1949 — көктемде жары Лашынмен отау құрады;
  • 1949 — «Советтік шекара» газеті ақынның «Қырман басында», «Қойшы бала — Әкітай» деген өлеңдірін жариялады;
  • 1950 — Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
  • 1954 — Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі «Әдебиет және искусство» журналында жарияланды;
  • 1957 — Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
  • 1960-62 — «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі;

1963-1965 — «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді;

 

Бүгін менің туған күнім, ой , бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

 

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

Мынау-шапан,

Мынау-атың мін демей.

 

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенімбе, әлде мен?

Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмір өттіме екен әуремен?

 

Айтамын деп қуаныштың, мұңымды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен бәрібір, өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

Тойланбаса тойланбасын, не етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін…

 

Жүргізуші: Еңбек еткен жылдары: 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап ауылға оралады. Мұқағали Мақатаев Киров атындағы колхозда кеңес хатшысы болып жұмыс істейді. Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Жастардың елді, табиғатты сүюге үйретеді. Оның өлең – жырлары: «Өмір өзен», «Отан», «Қазақстан», «Елім барда», «Шеше сен бақыттысың» т.б. көптеген шығармалары бар. Жыр шашу.

  1. Маржан: «Елім барда»
  2. Елнара: «Қазақстан»
  3. Назым: «Шеше сен бақыттысың»

1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қиыр шеті Нарынқол ауданындағы, Қарасаз ауылында туып, қыран балапанынша қанат қаққан ақиық ақын Мұқағали өз өмірбаянын  Менің анкетам деген өлеңінде суреттейді.

 Мұқағали МАҚАТАЕВ. Менің анкетам

– Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін…
– Партияда барсың ба?
– Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де…
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
– Мекен-жәйің?
– Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

Ән. Орыдаушы : Диас – Мама
Жүргізуші: Мұқағали – халқын, ана тілін, Отанын қадыр тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлеңінде кейінгі жас буынды халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады.

Айбек:  «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

 

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсемде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші Отан деген,

Біреу кім мықты десе Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

 

Альбина:  «Отан»

Ұлжалғас: «Туған тілім»

Сәлден аспандап, сәлден бәсеңдеп қалатын ақын болмысы тым әсершіл, тым сезімтал, тым мұңшыл болатын. Мұңы бірақ нұрлы еді.

Аяулым: «Күндестік құрысын»

Талшын: «Пай-пай өмір»

Мұратбек: «Жабыр тау»

Ән. Назым мен Маржан –Ана сен бақыттысың

Ақынның ақындығы, дүниетанымы, сан қырлы шеберлігі, суреткерлігі сом-сом сүйекті дүниелер жасарда ғана көрінбек, талантының құдіреті танылып, өмірге деген көзқарасы анықталмақ.

Асел:  «Өмір жайлы»

Ақжол: «Мен таулықпын»

Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаев елімен де, жұртымен де, жылдарымен де тілдесіп үлгерді.

Жанель:  «Жылдарым менің жылдарым»

Жылдарым менің,  жылдарым,

Жазылмай қалған жырларым.

Ақтармай жүрген мұңдарым!

Жылдарым, қайран, жылдарым.

 

Мирас:   Сап-сары жапырақтар…

Сап-сары жапырақтар..

Саудырап құлап жатыр атырапқа

Біреудің жанарында,

Біреудің табанында,

Сап-сары жапырақтар жоғалуда

Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,

Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.

Хор:  Атамекен

Жүргізуші: Мұқағалидың да аяғын көп шалдырғаны рас«Артына өлмейтұғын сөз қалдырғаны да ақиқат». Қазір ол ең көп оқылатын ақын. Мұқағали мұрасы мәңгілік. Нағыз халық жазушысы осындай-ақ  болар.

Абай сөзімен айтқанда:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *