Басы » Өзін - өзі тану » Өмірді бағалай біл

Өмірді бағалай біл

«О.Жандосов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

Орындаған:  Мектеп психологі              М.Жабыкбаева

Өмірді бағалай біл

(ой бөлісу, пікірлесу, тренинг-жаттығулар)

   Мақсаты:

  • Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмір құндылықтары туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Көрнекіліктер: қаламсаптар,  А-4 парақтары, өмір туралы нақыл сөздер, «Менің бір күндік өмірім» презентациясы, құмыраның суреті салынған парақтар, құндылықтар жазылған парақтар, желім, мөлдір шыны ыдыс, грек жаңғақтары, горох,  құм, су, түрлі-түсті тастар, моншақтар және жіптер, түрлі-түсті қағазға оралған кәмпиттер, музыка.

 

Сабақ барысы:

  1. Шаттық шеңбері
  • Танысу: Алдымен бәріміз шеңберге тұрайық. Қазір біз өз есімдерімізді шеңбер бойынша есімдерімізді атап, көрші тұрған қатысушыға жақсы тілек айтамыз
  1. Кіріспе

Әрқайсымыздың таңымыз әр қалай атады: біреулер тез және сергек оянады, біреулер асықпай тұрғанды ұнатады, біреулер – бүгінгі күнім қалай өтеді екен деп қобалжып тұрады, біреулер – шын жүректен күнді күліп қарсы алады.

Таңымыз қалай атқанына, әр күнімізді қалай қарсы алғанымыздан, оның қандай болатыны байланысты. Сіздер осыған келісесіздер ме?

Біздің бір күніміз ол не?…Оған сырттан қарап көрейікші.

«Менің бір күнім» презентациясы (бір күн – таңғы сүйіспеншілік – жаңа жоспарлар – әртүрлі оқиғалар – қызықты кездесулер – үлкен және кішкентай жаңалықтар – түрлі-түсті көңіл-күй – сүйіспеншіліктің бір сәті – аңсаған армандар  —  бұл өмір).

Мұның бәрін бір сөзбен айтуға болады. Бұл ӨМІР.

 

Бір күніңе кішкентай өмір ретінде қарау керек (М. Горький)

 

Бүгін біз осы өмір туралы ойларымызды ортаға салып, оның құндылықтарының мәнін ашып көреміз…

 

3.«Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы. (сұрақ жауап түрінде)

  1. Өмір дегеніміз не, қалай түсінесің?
  2. Өмір сүру жақсы ма, әлде жаман ба?
  3. Сен бақыттысың ба?
  4. Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса сен не істейсің?
  5. Сенің мінезіңнің жаман, жақсы жақтары бар ма?

Бұл сұрақтарға оқушылар өздері жазып келген шығармаларынан үзіндіні оқып беру арқылы жауап береді.

 

Өмірді адам қалай қабылдаса да – игілік немесе сынақ ретінде болсын – бәрібір ол бақытқа қол жеткізуге тарасады. Өмір – ол адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес сый.

 

(Осы кезде оқушыларға тақтада «7 чудес света» атты презентация көрсетіледі)

 

4.Топтық жұмыс

Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?  (постермен жұмыс ұйымдастырылады, баяу әуен қосылып тұрады «Подводный мир»)

Әр топ өзінің жұмыстарымен таныстырады.

 

5.Шығармашылық жұмыс

Статистикаға назар аударайық. Мәтін тақтада көрестіледі. Адам орташа есеппен 76 жас өмір сүреді екен. Бұл бар болғаны 3952 аптаны құрайды. Оның 1317 аптасын адам ұйқымен өткізеді екен. Яғни өмір сүру үшін бар болғаны 2635 апта қалады екен. Осында отырғандарымыздың жасын алсақ, орташа есеппен 33 жаста. Яғни өмір сүру үшін бізде бар болғаны 1114 апта бар. Өмір қамшының сабындай қысқа – дейді атам қазақ. Осы қысқа өмірімізді маңызды құндылықтармен толтырайық.

Ол үшін мен сендерге мына тапсырманы орындауды ұсынамын.

Барлық қатысушыларға парақта салынған түрлі-түсті құмыралар және құндылықтар жазылған каточкалар таратылады.

Өздеріңіз үшін ең қымбат, маңызды  деген құндылықтарды таңдап, осы құмыраларға жазып шығыңдар.

Өте маңыздыларын үлкенрек етіп жазыңдар

 

 

6.Тәжірибе көрсету

Қазір мен сендерге философия ғылымының профессоры өз студенттеріне көрсеткен тәжірибені көрсетемін.

Ол мөлдір шыны ыдысты алып, оны тастармен толтырды ( мен жаңғақтарды алайын). Сөйтіп өзінің студенттерінен «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Студенттер «Ия, толды» деп жауап берді.

Сол кезде ол бұршақтарды алып ыдысқа салып, тастардың арасындағы бос орындарды толтырды. Профессор қайтадан студенттерінен «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Студенттер тағыда «Ия, толды» деп жауап берді.Сол кезде ол құмды алып ыдысқа салды, әрине құм толықтай бос орынды толтырып шықты. Профессор тағы да «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Бұл жолы да студерттер «Ия» деп жауап берді. Сол кезде профессор ыдысқа аздап су құйды,  студентттер күліп жіберді.

Ал профессор студенттерге былай деді: «Мен сендердің бір нәрсені түсінгендеріңді қалаймын. Ыдыс – ол сендердің өмірлерің, тастар ол сендердің ең құнды бағалы заттарың: отбасы, денсаулық, достар, балалар, махаббат – яғни сендердің өмірлеріңді толтыратындар. Сендер бәрін жоғалтып алсаңдар да, бұлар сендердің өмірлеріңді мәнді етеді. Бұршақ – ол жеке сендер үшін маңызды болып саналатындар: жұмыс, үй, көлік, ақша. Құм – ол біздің өмірімізді толтырып жүрген ұсақ-түйек заттар.

Егер алдымен ыдысты құммен толтырсақ, тастар мен бұршақтарға орын қалмай қалады. Өмірде де солай, егер бар күшімізді ұсақ-түйекке жұмсасақ, маңызды заттарға орын қалмай қалады. Сізді бақытты ететін істермен айналасыңыз: достарыңызбен ойнаңыз, жақындарыңызға көңіл бөліңіз, достарыңызбен кездесіңіз. Сол кезде жұмыс істеуге, үй жинауға, көлік жөндеуге үнемі уақытыңыз болады. Ең алдымен тастармен айналасыңыз, яғни өмірдегі маңызды істермен, ал қалғанның бәрі — құм».

Бір студент қыз қолын көтеріп «Судың қандай мағынасы бар?» деп сұрапты. Прфессор күліп тұрып «Сен осы сұрақты қойғаныңа қуаныштымын. Мен мұны сендерге жәй, өмірлерің қаншалықты толы болса да, әркезде бос отыруға орын табылатынын көрсеткім келді.»

Енді сендер өмірлерің неге толы болу керек екендігін білесіңдер. Алдарыңдағы құмыраларға тағыда көз салыңыздар. Мұнда тастар қайсысы, бұршақ пен құм қайсысы екенін байқап көріңіздер. Не нәрсеге көп уақыттырыңды бөледі екенсіңдер.

 

 

7.Бейнеролик көрсету

Оқушыларға адам мүмкіндігі туралы бейнеролик көрсетіледі

   Слайд

«Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді» Б.Бұлқышев

 

  1. Рефлексия

Оқушылар стикерлерге мына сөйлемдерді аяқтап, талға іледі:

  • Маған ұнағаны …
  • Мен өзіме жаңалық аштым…
  • Менің білгенім…
  • Есіме жақсы сақтап қалғаным…
  • Мен түсіндім…
  • Менің таң қалғаным…
  • Өзіме және басқаларға тілейтінім…
  • Менің қалайтыным…
  • Мен таңдаймын…
  • Басқаларға айтып беретінім…
  • Мен алғысымды айтамын…

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *