Тақырыбы: Қарағанды
Мақсаты:
1) Қарағанды-пайдалы қазбалардың қоймасы ретінде оқып танысу.
2) Сабақ барысында оқушылардың шығармашылығын, ойын,сөздік қорын дамыту.
3) Оқушыларды патриоттыққа, пайдалы қазбаларды үнемдеуге тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз. Біз талапты жас Ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ. Үй жұмысын сұрау:
- Алматы а). Еліміздің бұрынғы астанасы.
ә). Өнеркәсіп орындары.
б) Оқу орындары мен ғимараттар
в) Халық достығы. Қала тұрғындары мен қонақтары
- Алматы – әсем қала (шығарма).
Оқушылар жазып келген шығармаларын оқиды.
3.Суреттер сөйлейді (Алматының сурет салу)
Салып келген суреттер бойынша айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Сиқырлы буындар» ойыны.
ра ды ған Қа
Балалар, қазір біздер «Сиқырлы буындар» ойынын ойнаймыз. Ол үшін мына шашылып тұрған буындарды орындарына дұрыс қоюымыз керек. Буындарды орындарына дұрыс қою үшін, мына төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер, сонда біз жаңа сабағымыздың тақырыбымен танысамыз.
Алматыда өсетін алманың атауы?
Алматыдағы опера және балет театры кімнің атында?
Қалада қандай ұлттар тұрады?
Қалада қандай өндіріс орындары бар және олар не өндіреді?
Сұрақтың жауабына қарайбуындар ашыла береді.
Қарағанды сөзі шығады.
Картамен жұмыс. Картадан Қарағандының жерін көрсету. Жерінің көлемінің
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді оқып, түсіндіру.
Сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінігін тексеру.
Қарғанды көмір бассейіні қалай ашылды, көмірді алғаш тапқан кім?
Тас көмірді қандай жерлерде пайдаланылады?
Жер қойнауынан тас көмірді қалай өндіреді?
Көмірден қандай пайдалы заттар алынады?
Оқушыларға оқыту.
Дәптермен жұмыс:
Шахтер, көмір сөздеріне сөйлем құрау. Жазған сөйлемдерін оқыту.
Сергіту сәті
Балдырған баламыз.
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріне
Сенімді боламыз.
Суретпен жұмыс
Апақ Байжанов туралы, жер асты көмір шахтасы, террикондар туралы айтып кету.
Апақ Байжанов көмірді ең алғаш боп тапқан үшін, Қарағанды қаласына ескерткіші орнатылды. Көмірді жер астында қазады. Адамдарға қазу қиынға соғады, сол үшін үлкен машиналарды әкелеліп сол машиналармен көмірлерді қазып алған. Террикон дегеніміз – шахтадан көмір, темір, т.б кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйіндісі.
Топтастыру стратегиясы
Қазақстандағы қалалардың суретін көрсетемін. Көрсетілген қаланың қандай байлығы бар екенін тауып, сол сөзді сол қаланың тұсына ілдірту.
Шымкентте мақта өсіріледі,
Ақтөбеде тары,
Маңғыстауда мұнай,
Қызылордада күріш,
Ақмолада астық.
Және тағы басқа қандай қалаларды біледі, сол қаладан не өндірілетіні туралы сұрау.
ІV. Қорыту.
«Орамал тастамақ» ойыны
Ойынның шарты: орамалды бір оқушыға сұрақ қойып лақтырамын, ол маған жауабын айтып кері лақтырады.
1.Қарағанды көмір бассейні қалай ашылды?
2.Таскөмірдің негізгі қасиеті қандай?
3.Көмір алынатын жерді не деп атайды?
4.Шахтер деп кімді атайды?
5.Көмірден қандай пайдалы заттар алынады?
6.А. Байжановтың ескерткіші қай қалада орналасқан?
7.Террикон дегеніміз не?
- Бағалау.