Адеми Исмайлова
Қазақ тілі
Тақырыбы: Мәтін
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, көше тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Түрлендіру, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу, жұптық жұмыс, ойын
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Ой қозғау
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Үнді дауыссыздарды ата?
3. Ұяң дауыссыздарды ата?
4. Қатаң дауыссыздарды ата?
5. Сөздерді талдау
ІІІ. Жаңа сабақ. таныстырылым арқылы түсіндіреді
ІV. Қызығушылықты ояту. ребус шешу
-
Проблемалық әдіс
Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан — жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді. Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Екі баланың ісіне ел риза болды.
1. Бұл тыңдағандарың не?
2. Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Әр бөлік неден басталған?
4. Сөйлемдер бір — бірімен байланысып тұр ма?
5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?Мәтіннің үш бөлімі болады:
Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
Мәтін — мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады. - Кітаппен жұмыс
190 — жаттығу. Бірінші, екінші бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.
Ара — жәндік. Оқушы құстың Ара — бал беретін қанатты
суретін салды. Апам тон тікті. жәндік. Ол гүл шырынымен
қоректенеді. Балды омартаға
жинайды.
Бірінші бағандағы сөйлемдерде не туралы айтылған? Екінші бағанда ше? Қандай айырмашылық байқадың?
Қай бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға болмайды? Неге?VII. Сергіту
«Мен қазақпын» сергіту
VIII. Адасқан сөйлемдер (ойын)
191 — жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.
Бөлменің ауасы таза. Оның терезелері үлкен. Мынау — менің бөлмем. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел, орындықтар қойылған.
IX. Ой қозғау
Өз бөлмелеріңді сипатта.
Мәтіннің үш түрі болады
Әңгімелеу (не істеді?)
Сипаттау (қандай?)
Пайымдау (неліктен?)
X. Тіл дамыту жаттығулары 192 — жаттығу Мәтінді оқып, оған ат қой.
Бұғы — сиырға ұқсас мал. Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі. Олар суыққа төзімді. Қыс кезінде қарға батпай жүру қиын. Ал солтүстік бұғылары қарға батпай жүре алады. Сондықтан олар көлік ретінде пайдаланылады. Бұғылар мүк пен қынаны жейді. Қыста қуатты, жалпақ тұяғымен қарды теуіп жайылады.
XI. Шығармашылық жұмыс
1. Бұғы қандай жануар?
2. Бұғының қандай ерекшелігі бар?
3. Солтүстік бұғысы немен қоректенеді?
XII. Қорыту
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін неше бөліктен тұрады?
Әр жол қалай жазылады?
Мәтін неше түрге бөлінеді?
XIV. Бағалау