Балқаш қаласы, Қарағанды облысы
Жалпы білім беретін №9 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Рахимбаева Гульсара Силановна
Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесінің ертегі қойылымы «Шортанның айтуыммен!»
Жаңа жылдық қойылым 7-12 жастағы балаларға арналған. Бұл ертегіде жеті кейіпкер және жүршізуші Емеля. Музыкалық әуендер кесінділері керек.
Емеляға балық аулайтын құрал- жабдықтар, Үйшік — үлкен қораптың екі шетін кесіп, қол, аяқ, бас шығару керек. Терезе салу керек. Ал басына шапка кигізу керек.
Ал айдаһарға құйрық, оны жасыл матадан тігуге болады. Екі қолға таяқ ұстап, оның басына бас кигізу керек.
Марья ханшайымы қап- қара киім киіп, ернін қара помада жағу керек.
Зал балалар жиналғанша көңілді әуен ойнайды. Сосын ертегі әуеніне ауысады. Емеля кіреді. Емеля шыршаны айналып шығып, ортаға келеді.
Емеля:
— Ой, не қыс түскен бе? Ой, қардың көп жауғанын қарашы. Бірақ бұнымен мені алдай алмайсың. Мен бәрі бір қиыншылықтан құтылып шығамын. Осыдан да өзім сабақ аламын. Осы сендер мектепте оқисындар ма?
Балалар:
— ИЯ!
Емеля:
— Ал мен болсам мектепте оқымаймын! Мен пештің үстінде күні бойы бос жатамын. Маған оқыған ұнамайды. Маған оқымасам да, бәрі жақсы. Мен былай сауық құрамын!
Әсем әуен ойнайды,балалар барлығы бірігіп би билейді.
Флешмоб.
Емеля:
— Ой, жарайсыңдар! Қандай тамаша балалар жиналғансыңдар, бұндай балалармен қайда барсам да қорықпаймын. Сендер балық аулау білесіңдер ме?
Балалар:
— Ия!
Емеля:
— Қазір байқап көрейік!
«Балық аулау» сайысы. Картон корабының ішіне тәттілер салынады. Оны пласстмастан жасалған қармақпен тәттілерді аулап алу керек. Әр ойыншыға үш реттен попытка беру қажет.
Емеля:
— Осылай балық аулаушы ма? Мен қазір сендерге мастер класс көрсетемін.
Емеля өзінің үлкен қармағымен балық аулай бастайды. Шортан ұстап алады. Оған мақтана бастайды.
Емеля:
— Міне, көрдіңдер ме? Ой, мынау не? Сен кімсің?
Шортан:
— Мен Шортанмын! Мен жай Шортан емеспін. Мені Емеля жіберші суға, мен саған сыйлық беремін.
Емеля:
— Ия, мен саған сенеді дейсің бе! Қазір мен сені суға жіберсем, сен маған сыйлық бермек түгілі, мені ұмытып кетесің.
Шортан:
— Сен мені жібер, Емеля. Мені жіберсең, өкінбейсің, Мен сенің үш арманыңды орындаймын.
Емеля:
— Үш арманымды дейсің бе. Ойланып көру керек, сен балалармен өлең айта тұр. Мен барып пешке демалып, жата тұрайын. Бұл қиын жұмыс болып тұр.
Емеля пешке барып жатады. Ал, Шортан балалармен өлең айта бастайды.
Біраз уақыттан соң Емеля келеді
Емеля:
— Болдым, ойландым, жақсы менің үш арманымды орында.
Шортан:
— Жақсы, сенің бірінші арманың не?
Емеля:
— Астана қаласының қақ ортасынынан вилла.
Шортан басын шайқап тұрып:
— Ой, Емеля, Емеля,жарайды сенің айтқаның болсын.
Әуен ойнайды, Шортан сиқырлы таяғын алады.
Шортан:
— Менің айтқаныммен, менің ойыммен Астана қаласында виллада Емеля тұрасын!
Тауықтың дауысымен залға тауық аяғыммен жүгіріп үйшік кіреді, Емеля қорыққанынан шыршаны айнала қашан жөнеледі.
Емеля Шортанның артына тығылады:
Әй, Шортан сен маған не бердің?
Шортан:
— Сен не сұрадың, соны бердім ғой.
Емеля:
— Мынауың вилла емес қой, қорқынышты бірдене ғой.
Тауық аяғында тұрған үйшік:
— Мен қорқынышты емеспін, мен дизайнерлік жұмыспын. Сен осы өмірден қалып қойыпсың ғой, Емеля! Бар анау тұрған балалардан барып үйрен!
Тауық аяғындағы үйшік: Балалар мен бірге би: «Маленьких утят».
Емеля:
— Ой, рахмет! Мен одан да өзімнің пешіме барайын. Ал сен қайда барғын келсе, бара бер!
Үйшік:
—Ой, жарайды, мен айтуым міндет қой, чао!
Үйшік кетеді.
Емеля:
— Менің бірінші арманым орындалмады, ғой. Екінші арманым жақсы, ойдағыдай орындалатын шығар. Көрейін.Ал, Шортан арманымды орында. Ол менің жеке тікұшақ керек!
Шортан:
— Ой, Емеля,сен қандайсың, жас бала сияқтысын.
Емеля:
— Орында, болды!
Шортан өзінің сиқырлы таяғын алады, қорқынышты әуен ойнайды. Қорқынышты әуен дауысын естіп Емеля жерге жата қалады. Ол екі ортада Айдаһар кіреді. Емеляның бүйірінен қойып қалады. Емеля айдаһарды көре салып, Шортанның артына тығылады.
Айдаһар:
— Ия, кім мені шақырған?
Емеля жай дауыспен:
— Мен! Мен жай аспанға самғасамын дегенім ғой.
Айдаһар:
— А, аспанға самғағын келген екен ғой, онда қазір! Мен сенің арманыңды орындаймын!
«Жұмыртқаны итеру » сайысы. Екі футбол командасы құрылады. Қолмен залдың келесі жағына дейін допты апару керек. Кім бірінші апарса, сол жеңімпаз.
Айдаһар:
— Ия, балалар, менің көңілімнен шықтыңдар. Әйтпесе, Емеляны жеп қояйын деп едім. Жарайды, сендер үшін қой жемеймін. Мен кетейін, басқа достарыма барып, сендермен қандай ойын ойнағанымды айтып берейін, оларда қуанып қалсын.
Емеля:
— Ух, өмірмен қошайтыса жаздадым. Мен үшінші арманымды айтпай — ақ қойсам, деймін.
Шортан:
—Жоқ, ал айта бер, үшінші арманыңды айт тез, орындап, үйіме қайтқым келіп тұр.
Емеля Шортанның құлағыына бірдеңе айтады.
Шортан:
— Нееееееееее?
Емеля қайта құлағына бірдеңе дейді.
Шортан:
— Мария ханшайымы!
Шортан ауызын қолымен жауып, Емеля басын шайқайды. Шортан сиқырлы таяғымен…салып қалған, қазіргі (современная) әуен Мария ханшайымы кіреді.
Мария ханшайымы:
— Хелло! Привет кісілер!Мені біреу іздеген сияқты. Ол кім, білесіңдер ме? Көрдіңдер ме?
Балалар Емеляны көрсетеді. Емеля жаман қылықтар көрсете бастайды.Мария Емеляның қасына келеді.
Мария ханшайымы:
— Сен бе мені іздеген?.
Емеля жан жағына қарап:
—Кешіріңіз, ханшайым.
Мария ханшайым:
— Мен қорқынышты ханшайымымын! Мен «Қорқыныш әлемі 2014» жүлдегерімін. Енді сенің міндетің: маған тамақ жасайсың, ыдыс аяқ жуасың, кір жуасың, «Тарзанчик» итімді далаға шығарып, ойнатасың және тағы сондай жұмыстар…
Емеля, дірілдеген дауысымен:
— Ал, сіз қымбаттым, немен айналысасыз,а?
Мария ханшайымы:
— Ал, мен сайыстардың төрайымы боламын, қазір бастаймын.
Мария ханшайымы би өткізеді.
Емеля ұялы телефонын алып, Аяз ата мен Ақша қардан көмек сұрайды.
Аяз ата мен Ақша қарды шақыру.
Аз уақыттан соң Аяз ата мен Ақша қар келеді.
Аяз ата:
— Тәртіп!Тәртіп! Шырша жанбаған, балалар билемеген, ән салмаған!
Ақша қар:
— Ия, ата тез бүгінгі мерекені қолға алыңыз!
Емеля:
— Аяз ата мені құтқара көр. Маған Астанадан виллада, Тікұшақта, Үйленгім келмейді.
Ақша қар:
— Емеля,сен дұрыс армандарыңды айтпаған шығарсың,а.
Аяз ата :
—Сенің қателігің балаларға жұмбақ жасырмағаның. Ал, енді бір, екі, үш шырша шамы жарқыра!
Шырша шамы жарқырайды.
Аяз ата:
— Екінші арманымыз балалардың жақсы көңіл күйлері. Қазір сонымен айналысамыз.
Аяз ата мен Ақшақар. Ойын ойнату. Би сайысын өткізеді. Сыйлықтар таратады.
Аяз ата мен Ақшақар бірге: Енді үшінші арманымыз. Бізге жаңа жыл келсін!
Куранттар ойнайды. Әуен ойналады, мереке аяқталды!