Қарағанды қаласы
КММ ЖББО №53 мектеп-лицейі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Тасимова Айнур Сериковна
«Қазақшаңыз қалай?» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
1. Оқушыларды қазақ тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар. «Мемлекеттік тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
1-жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл шарада 3 сынып оқушылары сайысқа түседі. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз — басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.
2-жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің 3 сынып оқушылары арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Мұғалімнің сөзі:
Сайыстың жалпы турлары:
І тур. «Сәлем – сөздің бастауы»
ІІ тур. «Дода» — сұраққа жауап беру.
ІІІ тур. «Кім жылдам?» шашыраңқы сөздерден сөйлем құру.
ІV тур. «Әріптер сайысы» — тиісті әріппен сұрақтарға жауап қой.
V тур. «Өнерпаз болсаң…» — үй жұмысы. Марапаттау.
Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған оқушылар «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. Әр сайысқа 10 ұпайдан 10 ұпай қойылады. Ең жоғары ұпай 10, ең төмен ұпай 2.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, —
деп әділ қазылар алқасын сайлаймыз. 3 әділ қазылар алқазы сайланады.
Төселген жазушы емес менің затым
Көркемді жұмыс емес жазған хатым
«Сергек ой – ер серігі» дейді қазақ,
Салмақтап ел танысын ерлер атын –
деп, І сайысымызды бастаймыз:
І кезең. «Сәлем – сөздің бастауы». Ойыншылардың сәлемдесуі. Танысу.
ІІ кезең. «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2. ҚР Мемлекеттік тілі?
3. Қыста не жауады?
4. Бір жылда неше мезгіл бар?
5. Күздің бірінші айы?
6. Қазақстанның астанасы қай қала?
7. Қазақта тағам түрлері нешеге бөлінеді?
8. Бір тәулікте неше сағат бар?
9. Наурызда пісірілетін басты тағам?
10. Қазақстан туының түсі қандай?
11. Буын нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.
12. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
13. Қыс айларын ата:
14. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
15. Көктем айларын ата:
16. Тышқаннан қорқатын аң?
17. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
18. Бір жылда неше күн бар?
19. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар??
20. Сөйлем неден құралады?
ІІІ кезең. «Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.
1. Елтаңба, рәміздері, әнұран, ту, Қазақстан.
(Қазақстан рәміздері: әнұран, елтаңба, ту.)
2. Тілі, қаазақ, тіл, мемлекеттік .
(Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.)
ІҮ кезең. «Әріптер сайысы»
Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
(а, е, т, о, с, ә, б, м, н, қ)
1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
2. Досың кім?
3. Бір тәулікте неше сағат бар?
4. Бүгін қандай күн?
5. Сенің көзің қандай?
6. Жігіттер сырға таға ма?
7. Бала оқытатын адам?
8. Бос уақытыңда не істейсің?
9. Қандай тағамдар ұнайды?
10. Жасың нешеде?
1. Мақал білесің бе?
2. Есімің кім?
3. Аспанда не бар?
4. Мектеп мұғалімдері қандай?
5. Қар қай кезде жауады?
6. Алма тәтті ме?
7. Кім болғың келеді?
8. Адамдар неден қорқады?
9. Сыныбыңда неше оқушы бар?
10. Қандай қаланы білесің?
V тур. «Өнерпаз болсаң…»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.
1-жүргізуші:
«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», —
дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.
ІІІ. Қорытындылау.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Тіл — әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Қазақ тілі – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
М. Әлімбаев.
Міне, осындай өлең шумақтарымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!! Сау болыңыздар!!!