Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары мен үй құстары».
Білімділік мақсаты: Оқушылардың үй жануарлары мен үй құстары туралы түсініктерін тереңдету.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың үй жануарлары мен үй құстары туралы білік дағдыларын қалыптастыру.Үй жануарлары мен үй құстарына тақпақ, жұмбақтар айта отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Олардың адамға пайдасын айту, және оларды күтіп-баптауға ,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Үй жануарлары мен төлдерінің ,үй құстарының суреттері, интерактивті тақта, тарату материалдары.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс:информатика, ана тілі,математика.
Жаңа сөздер: төлдер, үй жануарлары, үй құстары.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру. Сынып ішін даярлау.Оқушыларды түгендеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
Мұғалім: Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн!-деп оқушырадың назарын өзіне аударады.Оқушылар, енді бізге қонақтар келіп қалған екен, орнымыздан тұрып амандасайық дейді.
Оқушылар орнынан тұрып амандасады.
Мұғалім. Оқушылар, біз бүгін үй жануарлары мен үй құстары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп қолда ұстайтын жануарларды айтамыз.
I –cлайд: I бөлім.Олар мыналар деп интерактивті тақтадағы қой, сиыр, түйе, ешкі, жылқы, суреттерін көрсетеді. Олардан алынатын өнім түрлерін атайды.
II-слайд: II бөлім. Мұғалім:Оқушылар мына ілінген суретті қараңдар. Үй жануарлары төлдерін ертіп жүр екен.Осы үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?
-Түйенің төлін -ботақан.
-Жылқының төлін-құлын.
-Сиырдың төлін -бұзау
-Қойдың төлін -қошақан.
-Ешкі төлін -лақ -деп атаймыз.
III-слайд. III бөлім. Мұғалім: ал, енді үй құстарына келсек, олар мыналар деп тақтадан үйрек, қаз, күркетауық, тауық суреттерін көрсетеді.Бұл құстарды үй құстары деп атаймыз.
Олардан жұмыртқа алынады, ет алынады, ұлпа жүнінен жастық жасайды.
Мұғалім: Осы төлдер мен құстарға арнап кім тақпақ айтып береді?
Оқушылар тақпақ тар айтады.
Сергіту сәті: «Төлдер» әні.
IV-слайд.IV бөлім. Өз бетімен жұмыс.
V бөлім.Мұғалім оқушыларға жеке-жеке үй жануарларының суреттерін таратты.Оны бояуға тапсырма берді.
VI бөлім. Жұмбақтар шешу.
V-слайд. Бір кезде есік тық-тық қағылады. Есіктен хатшы келіп:- Сәлеметсіз бе?. Балалар!
-Сәлеметсіз бе?
Сіздерге бір хат келіпті, оны әкеліп берейін деп келдім, әлі тарататын хаттарым бар еді -деп кетіп қалады.
Мұғалім хатты ашып оқиды.
Ішінде үй жануарларына және үй құстарына байланысты жұмбақтар жазылған екен.
Мұғалім: -Оқушылар қол көтеріп жауап береміз деп ескертіп, жұмбақты оқиды.Оқушылар жұмбақтарды шешеді.
Мұғалім :- Өте жақсы оқушылар,жарайсыңдар!
Мұғалім: Ал енді, ойын ойнағыларың келе ме?
Оқушылар: -иа.
VI -слайд. VII бөлім. Қорытынды.
«Қай жануардың төлі» дидактикалық ойыны.
Ойынның шарты:Үй жануарларының төлдері ауыстырылып қойылады: жылқыға-бота, түйеге –бұзау,, қойға-құлын, сиырға-қозы. Оқушылар қай жануардың төлі екенін анықтап, орнына қояды. Мұғалім сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап өтіп:
Деніміз сау болсын!
Ақ мол болсын!
Төрт түлігіміз сай болсын!
Жылқы жылымыз құтты болсын!-деп сабағын аяқтайды.
VIII.Оқушыларды бағалау. Дөңгелек- бес, төрбұрыш-төрт,
Үшбұрыш-үш деңгейлерімен бағалайды.