С. Шарипов атындағы мектеп- интернатының
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Избасова Ұлмекен Серікқызы
Сабақтың тақырыбы: | Елің . Жуан және жіңішкке жұп дауыстылар | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға жуан және жіңішке жұп дауыстылардың ерекшеліктерін өзара салыстыру жолымен аңғарату. Өлеңдегі сөздердің мағынасын түсініп, мәнерлеп оқуға баули отырып, өлең арқылы адамгершілікке тәрбиелеу | ||||||||||
Күтілетін нәтиже: | оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы түсініктері кеңиді, сөздерге дыбыстық талдау жасауға машықтанады | ||||||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | топтық жұмыс, «қар үйіндісі» әдісі, төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар | ||||||||||
Құрал-жабдықтар немесе көрнекіліктер: | интербелсенді тақта, электрондық оқулық, флипчарт, түрлі түсті маркерлер, ресурстар,сюжетті суреттер т.б | ||||||||||
Сабақтың барысы:
|
|||||||||||
Сабақ кезеңдері: |
Мұғалім әрекеті: |
Оқушы әрекеті: |
|||||||||
Кіріспе бөлім |
Оқушылармен амандасу
Топқа бөлу
Үй жұмысын тексеру. «Құмырсқа мен қарлығаш» тізбектеп оқу; |
Оқушылар ұлт өкілдеріне байланысты бір-бірімен амандасады. «Амандасу» тренингі арқылы үш топқа бөлінеді. I топ: «құмырсқа» II топ: «Көгершін» III топ: «аңшы»
Мәтінді тізбектей отырып, мәнерлеп оқып шығады.
|
|||||||||
Тұсаукесер |
«Сөз әлеміндегі патшалыққа» саяхат жасау. Мұғалім сөз әлеміндегі патшалықтан бір даулы оқиғаны айтады. Патшалықтағы жуан және жіңішке жұп дауыстылар арасында реніш туып, олар өз патшайымына келіп шешпек болады. «оқушы» және «күрек» деген сөздердегі дауысты дыбыстардың жұбын табу керек. Оларға патшайым: Сөзде дауысты дыбыс жуан болса,сөз жуан .ал жіңішке болса,сөз жіңішке айтылатынын айтады. — Ал, бізде мұндай түсінбеушілік болмас үшін, бүгінгі сабағымызда «жуан және жіңішке жұп дауыстылар» тақырыбын жете меңгеретін боламыз. Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.
|
Оқушылар «Сөз әлеміндегі патшалыққа» саяхат жасайды. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Оқушылар сабақ мақсатымен танысады. |
|||||||||
Негізгі бөлім |
Постермен жұмыс.
Электрондық оқулықпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. а) «Елің» өлеңін мәнерлеп оқып беруі; ә) Өлең мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар; -Өлең не жайында?
— «Шексіз мөлдір-көгің,Самғап шығар төрің» дегенді қалай түсініесің?
-Автор сенің елің қандай дейді?
Б) Сөздікпен жұмыс;
Дәптермен жұмыс 65-жаттығу. Суретке қарап құрамында Ұ дыбысы бар сөздерді, содан соң ү дыбысы бар сөздерді теріп жазу. Сергіту сәті Бұйра бұлттар аунап, Найзағайлар ойнап. Құйды нөсер заулап, Гүрілдейді сай жақ, Көрінбейді тау жақ. . Ресурстармен жұмыс.
|
Әр топ суретті жапсыра отырып, сол тақырыпқа сай сөздерді топтастырады. Топ басшысы постерді қорғап шығады. Оқушылар электронды оқулықтан Қастек Баянбай , Қазақстан туралы қосымша мағлұмат алады. Электронды оқулықта берілген әнұран әуеніне қосылып айтады.
Оқушылар өлеңді тізбектеп оқып береді.
Елің-байтақ,берекелі,шексіз мөлдір көгің т.с.с
I топ: құстардың атын тауып жазу. II топ: құрамында «Ұ»дыбысы бар құстардың атын теріп жазады III топ: Құрамында «Ү»дыбысы бар сөздерді теріп жазады
|
|||||||||
Қорытынды бөлім |
Сәйкестендіру тесті.
Үй жұмысы: 66-жаттығу Жаңылтпашты жаттау Өзара бағалау
«От шашу» тренингі
|
Оқушылар екі бағандағы буындардың сәйкес келетіндерін сәйкестендіріп сызады. бол өр тол бөл ор төл қорық көрік
Оқушылар бағалау парағын толтыра отырып, әр топ келесі топты бағалайды.
«От шашу» тренингі арқылы оқушылар сабақты аяқтайды.
|