Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Ембі қалалық жанындағы интернатпен №7 орта мектебінің педагог-психологы
Салмаева Сая Инирбаевна
«Жарнама агенттігі» ойыны
Мақсаты: ойынмен өзара әрекеттесу арқылы балалар ұжымын нығайту, оқуға уәждеме (мотивация).
Міндеттері:
- Ойын тәжірибесін зерделеуге үйрету.
- Ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
- Өзінің әрекеті мен шешіміне жауапкершілікпен қарауға үйрету.
- Рефлексия дағдыларын қалыптастыру.
Уақыты 1сағат 15 минут — 1 сағат 30 минут.
Қатысушылар жасы: 9-15 жас
Ойын мазмұны
Әр топ — ол жарнама агенттігі. Біздің мектебімізді жарнамалауға үлкен тапсырыс алдық. Жарнама агенттігін құрып, мектебімізге жарнама жасау керек.
Қажет материалдар:
- Қатты қағаз, түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қатты қағаз.
- Ватман, үлкен форматтағы қағаз.
- Түсті қарындаштар.
- Фломастерлер, маркерлер.
- Желім, қайшы, скотч.
- Қаламдар.
- Ескі журналдар, суреттер, мата қиындылары.
Алдын ала дайындап қою қажет:
- Әуендік сүйемелдеу. (жәй аспапты әуен)
- Қатысушы санына қарай бейджик.
Қатысушылар:
- Қатысушылар саны топтар санына байланысты. Әр топта 5-7 адам болғаны дұрыс. 3-5 топ болғаны жақсы.
- Жүргізуші.
- Жүргізуші көмекшісі.
Ойынды өткізу тәртібі:
- Қатысушыларды ойынға дайындау. «Сәлемдесу» жаттығуын өткізу.
- Бейджикке есімдерін жазу.
- Қатысушыларды түсті қағаздар көмегімен топқа бөлу.
- Ойынның өткізілуі.
- Ойын біткеннен кейін қатысушыларды ойын жағдайынан шығару үшін рефлексия өткізу.
Ойын барысы
Тапсырмалар:
- Жарнама агенттігіне біздің мектебімізді жарнамалау үшін үлкен тапсырыс түсті. Ол тапсырысқа қол жеткізу үшін өздеріңнің жарнама агенттіктеріңнің атауын ойлап тауып, тапсырыс берушіге таныстыруларың керек. Дайындық уақыты: 10-12 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
- Жарнама агенттігінің негізгі идеясын құрып, тапсырыс берушіге ұсыну қажет (жарнама компаниясының девизі). Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
- Қалқанды (щит) жарнама дайындап көрсетулерің керек. Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
- Мектеп туралы видео жарнама түсіріңдер. Дайындық уақыты: 15-20 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
- Fл енді осыған дейін ойлап тапқан жарнамаларымыздың барлығын біріктіріп, бір жарнама жасайық. Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
Ойынға қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Жарнама агенттігі жабылды.
қосымша №5
Ойынға қатысушыға арналған сауалнама
Қатысқаның үшін көп рахмет! Біз үшін сенің пікірің өте құнды!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
|