«Жарбұлақ орта мектебі» КММ-нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов. Ғ. С.
ШҚО
Үржар ауданы
Қабанбай ауылы
Халық музыкасының концерті
Сабақтың мақсаты: Оқушының жас ерекшелігі мен мүмкіндігін ескере отырып, оның рухани-адамгершілік қағидалары мен шығармашылық қабілетін ашу.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларды ата-бабамыздың асыл мұрасы – халқымыздың
ертеден келе жатқан көне музыкалық аспаптарымен, күйші – саз
герлермен,түрлі өнер ұжымдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Әртүрлі әдіс – тәсілдер негізінде олардың музыкалық қа — білеттілігін, музыкалық жан – жақтылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып,
оның ұлттық санасы мен көзқарасын ояту.
Сабақтың түрі: Жинақтай отырып қорытындылау.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап, талдау, ой түйіндеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, Өнер.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, саз аспаптарының суреттері, баян.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңдері.
а . Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгендеу.
б. Қ.Р.Мемлекеттік әнұранын орындау.
- 2. Өткен материалдарды қайталап, әндерді еске түсіру.
Біз өткен сабақтарда «Халық музыкасы» тақырыбын кезең – кезеңге бөліп өткеміз. Бүгінгі сабақта сол тақырыпты бекіту мақсатында жалғастырамыз. Сабағымызды Жамбыл атамыздың «Ән мен күй – халық үні. Оның шындығы, оның ойы мен сезімі.» деген қанатты сөзімен бастаймыз. Ендеше әдеттегідей мемлекеттік әнұранды орындап, сабақты әрмен қарай жалғастыру.
- Музыка аспаптарының атын атап табу.
- Ең үлкен музыка аспабын атау.
- Қазақтың халық композиторларын суретке қарап танып, табу.
- Ансамбльдерді ажыратып беру./ дует, трио, квартет,квинтет т.б./
Қ. Ыбырайұлының әні мен сөзіне жазылған «Апа, туған күніңмен !» атты әнін сынып болып орындау.
Жаңа сабақ: Халық музыкасының концерті.
Өнер ұжымдары жайлы түсініктеме беріп, слайд түрінде Қазақстанның өнер ұжымдарымен таныстырып,осы өнер ұжымдарының орындауларында музыка тыңдату.
- Қазақтың мемлекеттік симфониялық оркестрі.
- «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі.
- Құрманғазы атындағы ұлттық халықаспаптар оркестрі.
- Б.Байқадамов атындағы хор капелласы.
- Жеке балалар хоры.
- Жеке әйелдер хоры.т.т.
Музыка тыңдау барысында оқушылар бір мезгілде әнді, күйді, марш музыкаларын, жәй және күрделі музыкаларды ажыратып, музыканың көңіл күйіне дәл бағасын беріп отырды.
Сабақты қорытындылау:
- Жаңа сабақты пысықтау.
а. Дирижер деп кімді айтамыз?.
б. Оркестр құрамында қандай аспаптар бар?.
в. Оркестр құрамында қанша адам болады?.
г. Хор дегеніміз не ?
«Ұйқасын тап» ойынын ойнату.
Ойынның шарты: Екі жол өлең оқимын, соңғы сөзі жасырылады. Сендер өлеңнің ұйқасына қарай жасырын сөзді табасыңдар. Бұл сөз өздерің өткен аспаптардың аты.
1.Ішіп болып қымызды,
Тартты Әбіш /сыбызғы/
2.Түсте, ертең, кешке де,
Ойнаймын мен /шертерде/
3.Тоныма орап кетіп ем,
Бұзылмапты /жетіген/
4.Босқа отырмай ысқырып,
Тартсайшы сен /үскірік/
5.Әуенге кім құмартпас,
Берсе ырғақ /тұяқтас/
6.Жан серігім ол мына,
Деді Аймара /домбыра/
7.Ауыл жұрты сабылды,
Соғып едім /дабылды/
- Оқушы білімін бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
«Апа, туған күніңмен!» атты Қ.Ыбырайұлының әнін жаттап келу.
- Қ.Р.Мемлекеттік әнұранымен сабақты қорытындылау.