Басы » Tәрбие сағаттары » Ж Ұ Л Д Ы З Д Ы С ӘТ Өнерлілер сайысы

Ж Ұ Л Д Ы З Д Ы С ӘТ Өнерлілер сайысы

Жарбұлақ орта мектебі КММ-нің музыка пәні мұғалімі: Байшойынов. Ғ. С.
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы.
Ж Ұ Л Д Ы З Д Ы С ӘТ  Өнерлілер сайысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін
дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.Қазақ халқы-
ның ән-би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге де-
ген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтың басшысын
тағайындау, әр топқа ат беру.
2. Сайысты бастау.
Бүгінгі 5 «ә»- сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған «Жұлдызды сәт» өнерлілер сайысын бастайық. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
1. Ән сайысы.
2. Сұрақ-жауап.
3. Кім көп біледі.
4. «Тіл-өнер» мақалдың жалғасын табу.
Бірінші сайысымыз ән сайысы. Бұл бөлімде әр топ бір-бір әннен айтады.
Екінші бөлім: Сұрақ-жауап.
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Сұрақтар музыка пәнінен өткен тақырыптар. Егер сұрақтың жауабын білмей қалған жағдайда келесі сұраққа көшіп отырамыз.
Бірінші топтың сұрақтары:
1. Музыкада неше дыбыс бар?
2. Д. Нүрпейісованың туған жылы?
3. Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?
4. «Кішкентай» күйі кімдікі және кімге арналған?
5. Наурыз туралы қандай әндерді білеміз?
6. Құрманғазының қандай күйлері бар?
7. «Сүйікті мектебім» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
8. Әнұранның авторларын атаңдар?
9. Дәстүрлі ән өнері дегеніміз не?
10. 25-қазан қандай күн?
Екінші топтың сұрақтары:
1.А. Құнанбаевтың қандай әндері бар?
2.Ән дегеніміз не?
3. «Ақ көгершін» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
4. Дәулеткерей қай жылы, қай жерде туған?
5. А. Жұбанов кім?
6. Балет өнері дегеніміз не?
7. Қазақтың қандай халық әндерін білесіңдер?
8. Наурызда пісірілетін ұлттық тағам?
9. П. И. Чайковский қай елдің композиторы?
10. Тәттімбеттің қандай күйлері бар?
Үшінші топтың сұрақтары:
1. Күй дегеніміз не?
2. Дәулеткерейдің қандай күйлерін білесіңдер?
3. Ана туралы бір мақал айтып беріңдер?
4. Қазақтың қандай ұлттық билерін білесіңдер?
5. Ықылас қай жылы дүниеге келген?
6. 8-наурыз қандай мереке?
7. Көгершін қандай құс?
8. Күй неше түрге бөлінеді?
9. «Домбырасыз ән қайда» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
10. Д. Нүрпейісова кімнің шәкірті?
Үшінші бөлім кім көп біледі деп аталады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, тақтадағы дыбыс аттарын қатыстыра отырып сөз құрау.
Мысалы: Си нотасын алатын болсақ
1. Сиыр
2. Сипа
3. Сила
4. Такси
Т.с. сияқты жалғаса береді
Ендеше әр топтың дыбыс аттары:
1 – топ ДО 2 – топ РЕ 3 – топ МИ
1. Доп. 1. Реп 1. Мимино
2. Домино 2. Рең 2. Домино
3. Бушидо 3. Терезе 3. Помидор
4. Домалақ 4. Ребус 4. Әмина
5. Домбыра 5. Репутация 5. Мирас
6. Помидор 6. Решетка 6. Мишень
7. Документ 7. Берет
Төртінші бөлім «Тіл-өнер» деп аталады Әр топқа мақалдың жартысын айтамын, қалғанын әр топ жалғастырады. Әр топқа үш мақалдан келеді.
Бірінші топқа
1. Ерлік білекте емес – жүректе.
2. Атаның баласы болма, адамның баласы бол.
3. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Екінші топқа
1. Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы.
2. Бай болмасаң, бай болма,
Білім, өнерге сай бол.
3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Үшінші топқа
1. Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық.
2. Ақылың болса, ән тыңда.
3. Анасын силамағанды адал деме,
Ұстазын силамағанды адам деме.
Осымен бүгінгі «Жұлдызды сәт» өнерлілер сайысы өз мәресіне жетті. Енді әр топтың бағасын шығарайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *