№64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Сейдешова А.
Сабақтың тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жабайы аңдар туралы толық мағлұмат беру . Олардың тіршілігі мен адам өміріне пайдалы тұстарын түсіндіру.
Дамытушылық: оқушыларды жабайы аңдармен таныстыру арқылы оларға деген сүйіспеншілігін сезімталдығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: мейірімділікке тәрбиелей отырып жабайы аңдарды қорғауға және қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас, дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастырушылық кезеңі.
Сәлемдесу. Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн қонақтар
- Үй тапсырмасын пысықтау: Төрт-түлік мал туралы түсініктерін, білгендерін сұрау. Төрт-түлік малдың түрлі суреттерін көрсету, мақал-мәтел айтқызу.
Сергіту сәті:
Қарлығаш болып ұшайық,
Торғай болып қонайық,
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ болып шоқиық.
Қане, қанат жазайық,
Қыран болып ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық ,
Орнымызға қонайық.
Жаңа сабақ: Жабайы аңдар. «Орман» әлеміне саяхат.
Жабайы аңдар дегеніміз — дала аңдары. Себебі, олар ормандарда, тауларда өмір сүреді. Жабайы аңдарға – арыстан, жолбарыс, түлкі, аю қасқыр, барысғ, сілеусін, борсық – бұлар, жыртқыш аңдарға жатады. Олар кез –келген әлсіз жануарларды аулап жейді. Ал жабайы жануарларға бұғы, зебра, жираф, піл, арқар т.б жатады. Арыстан – аң патшасы, айбатты , алғыр. Жолбарыс – қайратты, күшті аң. Біздің қазақта – батырлардың қайтпас, қайсар мінездерін, алғырлығын, арыстанның айбаттылығына, жолбарыстың қайраттылығына теңестірген. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты деген сөз осыдан қалған. Сібір еліндегілер аюдың, жолбарыстың терісінен сырт киімдер, бас киімдер тігіп киеді. Қасқырдың, түлкінің терісі мен құйрығынан қымбат бағалы жағалар жасайды. Ал, аю мен борсықтың майларынан суыққа қарсы ем ретінде дәрілер жасап, дәріханаларда сатады. Демек, бұл аңдар қанша жыртқыш болғанымен де адамдарға тигізер пайдасы да бар екен.
«Кім тапқыр» еліне саяхат жасаймыз. Жұмбақтар шешу:
- Орманда тұрады, өзі бір қу, жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
- Орғыған қорқақ, көзі қыли еді,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (Қоян)
- Жазда қыдырады,
Қыста тынығады. (Аю)
«Білгірлер» еліне саяхат: Қар бетіне түскен іздерге қарап, жануарлардың ізін сызық арқылы қосу.
«Мен зерекпін» еліне саяхат: Жабайы аңдар мен жануарлардың дыбысын есту арқылы ажырату.
Дәптермен жұмыс. «Алғырлар» еліне саяхат: Жабайы аңдардың құйрығын табуға көмектесеміз.
«Дәрігер тышқан» ертегісі.
Аңдардың барлығы тұмаумен ауырады. Ем іздейді. Тышқан бақшадан тамақ іздеп жүріп сарымсақтың піскенін көреді. Қазып жеп отырып, ауруынан жазылады. Қуанады. Тағы біреуін қазып алып, орманға апарады. Бір биік тастың үстіне шығып:
- Тұмаудың емі табылды! – деп айқайлайды. Тышқанның дауысын естіп қорбаңдапт аю келеді.
- Мені емдеші, — дейді, түшкіріп, пысқырып.
- Сарымсақ жесең ауырмайсың, — деп бір бөлігін бөліп береді. Сол жерде –ак сарымсақты жеп алған Аю:
- О, мен жазылып кеттім, деп рахмет айтып жөніне кетеді. Аюдың алдынан Зебра шығады. Аю оған:
- Тышқанда тұмаудан жазатын шөп бар,- дейді. Шауып Зебра келеді.
- Тұмаудан емдеші – дейді. Тышқан оған да сарымсақтың бір түйірін береді.
- Жазылып кеткен сияқтымен,- деп Зебра ойнақтай жөнеледі. Оның алдынан Бұғы кездеседі. Зебра оған Тышқан тұмаудан емдейді – дейді. Бұғы асығып жетеді.
- Тышқан мені тұмаудан емдеші, — дейді тамағы қарлығып. Тышқан Бұғыға да сарымсақтың бір бөлігін береді. Орғып бара жатқан Бұғы сүмірейіп отырған Қоянды көріп:
- Тышқанда тұмаудан емдейтін сарымсақ бар, — дейді. Қуанып Қоян келеді.
- Тышқан мені де тұмаудан емдеші дейді. Тышқан бір түйірін оған да береді. Сол сәт Тышқанның озі қатты түшкіріп жібереді. Сосын, сарымсақтың ең соңғы бөлігін жеп алады.
- Алақай, тұмаудан жазылдым, Тышқанда тұмауды емдейтін дәрі бар! – деген Қоянның даусын Қасқыр естіп жетіп келеді.
- Тышқан сарымсақ қайда? – дейді алқынып. Шошып кеткен Тышқан сарымсақтың мұртшасын:
- Мә, саған сарымсақ, — деп лақтырып жібереді. Қағып алған Қасқыр:
- Сарымсақ бітіп қалыпты , — деп жылап жібереді.
Қасқырды аяп кеткен Тышқан сарымсақ әкелуге бақшаға қарай зымырай жөнеледі.
Сұрақ- жауап
Балалар, бұл ертегіден не байқадық?
Тышқанның кішіпейілділігін, жанашырлығын, мейірімділігін байқадық…
«Мейірімділер» еліне саяхат: Тостағанның ішіне қарап, мейірімді сөздерін, жылы тілектерін айту арқылы тостағанның ішін мейірімге толтыру.
Балалар, барлығымыз сыртқа көз тастайықшы. Күн жарқырап тұр бізге шуағын төгіп тұр, енді, менің қолыма қараңдаршы менің қолымда не бар ?
Тостаған .
Дұрыс айтасыңдар, бұл жай тостаған емес, мейірімді тостаған. Енді, осы тостағанның ішіне қарап бәріміз мейірімді сөздерімізді, жылы тілектерімізді айтайық сонда тостағанның іші мейірімге тола түседі. Балалар, кішкентай ғана ботақандары м, аспандарың ашық болсын, ешқашан ауырмаңдар, мектебіміздің іші мейірімге бүлдіршіндердің күлкісіне толсын.
- Әр жыл құт жылы болсын.
- Аспанымыз ашық болсын.
- Мейірімді болайық
- Қайырымды болайық.
- Ешқашан ауырмайық.
- Үлкендерді сыйлайық.
- Кішілерге қамқор болайық.
- Тату болайық.
- Кешірімді болайық.
- Бақытты болайық.
- Деніміз сау болсын.
- Ата- аналарымыз ауырмасын.
- Молшылық болсын.
- Үлгілі болайық.
- Дос болайық.
- Сыпайы болайық.
- Күн шуағын төге берсін! Мына тостағанның салмағы ауырлай түсіпті өйткені бұның іші мейірімге толып тұр.
Оқушыларды бағалау:
Үй жұмысын орындағаны бойынша.
Жаңа сабаққа белсене қатысқаны үшін.
Сабақты бекіту. Жабайы аңдар туралы тақпақтар, жаңылпаштар жаттап келу.