Шымкент қаласы.№64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Сейдешова Айгүл
Сабақ тақырыбы: Киіз үй жабдықтары.
ақсаты: Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй құрылысы, жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет беру. Білімділік: Киіз үй туралы түсінік ұғымдарын молайтып , білімділікке жетелеу. Дамытушылық: Киіз үйдің құрылысы жайлы жұмбақтар шешіп, жаңа сабақты меңгерту. Ұлттық мәдениетті құрметтеуге , ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірбиелері мен қолөнерін оқушы бойына сіңіру.
Тәрбиелілік: Ата — дәстүрін , салт-санасын қалыптастыруға , қолөнерін сақтауға, рухани мәдениетін ұмытпауға, мейірімділік пен Отансүйгіштікке , ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас, дәстүрлі сабақ (ойын) Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, тарихи деректер, ертегілер.
Сабақтың көрнекілігі: киіз үй жасаулары – суреттер. Интербелсенді тақта , киіз үй және оның жасауларының суреттері (слайд), тірек сызбалар.
Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт. «Сәлем –сөздің анасы, әдептілік белгісі». Бұл дегеніміз – сауаттылықты, ізеттілікті, адамгершілікті, ұқыптылықты білдіреді. Ал, ендеше балалар, жылы шыраймен , бір-бірімізге жылуымызды беріп, қонақтарға ізет көрсетейік. Мейірімді жүрекпен , Ақ пейілді ниетпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық !
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. Нанды қадірлеу , құрметтеу керектігі туралы түсінгендерін сұрап шығу. Нанның , бидайдың суретін көрсету. 1. Сұрақ- жауап а) Нан дастарханға қалай келеді? б/ Суретті ретімен ата. 2. Мақал-мәтел, тыйым сөздер, өсиет сөздер айтқызу. 1. Нан- тамақтың атасы, Ынтымақ – көптің батасы. \мақал\ 2.Нанды бір қолмен үзбе. \тыйым сөздер\ 3.Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 4.Нанды аяқ астына тастама. 5.Нанды, дастарханды баспа.
«Сергектер» әлемі. Сергіту сәті:
Қарлығаш болып ұшайық, Торғай болып қонайық, Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ болып шоқиық. Қане, қанат жазайық, Қыран болып ұшайық, Ұшып, ұшып алайық , Орнымызға қонайық.
III. Жаңа сабаққа кіріспе: Психологиялық дайындық. Ой қозғау. 1. Жұмбақ айтудан бастау.