ШҚО Семей қаласы
№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Багдатова Айнур Руслановна
Тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.
Сабақтың мақсаты:1)Білімділік: Далалық белдеу,оның ерекшеліктері,
дала өсімдіктері мен жануарлары, ауа райы туралы кең көлемде мағлұмат беру
2)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру таным белсенділігін арттыру.
3)Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд , электронды оқулық, Қазақстанның табиғи белдеулер зонасының картасы, дала өсімдіктері мен жануарлары энциклопедиясы.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой қозғау, топпен, жұппен жұмыс, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа назарларын аудару.
ә) Топқа бөлу
ІІ Өткенді пысықтау
I топ
1.Шалғын дегеніміз не?
2.Адам шалғынды қалай пайдаланады?
II топ.
1.Шалғында қандай жануарлар тіршілік етеді?
2.Шалғынды жануарлардықоректерімен сәйкестендір. (Сурет бойынша)
III топ
1Шалғын өсімдіктерін ата.
1.Шалғынды өсімдіктерді атауларымен сәйкестендіріңіз.(Сурет бойынша)
ІІІ.Ой қозғау.
Қазақстан табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді,өйткені біздің еліміз ұлан ғайыр жерді алып жатыр. Жер бедері бөлімінде танысқан болатынбыз осы кең байтақ жеріміз жер бедеріне қарай қалай жіктеледі? (Ойпатты,төбелі,қыратты, жазық болып жіктеледі.)
—Балалар жазық дегенде ойларына және көз алдарына не елестейді? Жазық дегеніміз не?
—Кей жерлерде қыратта, тау да жоқ,төңірек айқын көрінеді,айнала теп-тегіс болады.мұндай жерлер жазықтар немесе жазық дала дейді.
—Иә балалар бүгін біз кең байтақ жеріміздің жазықтығындағы дала өсімдіктері мен жануарлары жайлы оқып танысамыз.
Сабақтың мақсатын хабарлау
IVЖаңа сабақ. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Дала өсімдіктері
мен жануарлары».
Кіріспе әңгіме. Дала – ормансыз жазық алқап. Қазақстанның солтүстік бөлі
гін негізінен далалы аймақ құрайды. Далалы аймақ 7 облыс жерін алып
жатыр,олар:Орал,Ақтөбе,Қостанай,Көкшетау,Повладар,Астсан,Қараған
ды(картадан көрсету),яғни Қазақстан жерінің 29% — ға жуығы далалы аймақ.
Далалы аймақ үшін ауа-райы қатаң,қысы суық,ұзақ,аяз,қардың қалындығы 20см болып,140-160 күн жатады.Ал жазы керісінше ыстық,құрғақ болады,ауа температурасы жоғары болады.
V.Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.Мәтінді бөлік бойынша әр топ оқиды.
Даланың бірнеше түрі бар. Дала түрлері мен шалғын өсімдіктері жайындаIтопоқиды.Бейнетаспадан далалы алқап туралы мағлұмат алады және көктемде шалғында өсетін гүлдердің түрлерін слайдтан көрсету.
Даланың бірнеше түрі бар.
Шалғындыдала Қуаң дала Егістік дала
II топ оқиды. 2-бөлім бойынша қуан далаға тән өсімдіктерінің ең көп тараған түрлері-қоңырбас, бидайық, субидайық, тарғақшөп және басқа дәнді өсімдік -тер.Оларды мал жақсы жейді. Ыстық әрі құрғақ жаз басталысымен дала қуаң тарта бастайды.Қуаң даланың сәнге бөленетін кезі-көктем.Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып,көз тартады. Қуаң дала-жылудың көбеюімен, жауын-шашынның азаюымен ерекшеленеді. Жер кеуіп құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері қурап қалады. Ал жуашықтары топырақ арасында құрғақ күйінде жаз, қыс бойы сақталып қалады да көктемде тағы да көктеп гүлденеді. Слайдтан қуаң далаға тән өсімдіктерді көрсетіп, атату.
Мәтіндегі дала жануарлары жайлы бөлікті электронды оқулықтан көріп тыңдайды.
III топ соңғы бөлімін оқиды. Егістік дегеніміз-жерді жыртып,егін егетін алқапты айтамыз. Егістік даласына тән өсімдіктер олар қарақұмық, бидай, арпа,сұлы және т.б дәнді дақылдар(слайдтан көрсету).
-Балалар сендер қалай ойлайсындар құстар мен аңдар немен қоректенеді? Олар ұялары мен інін қай жерлерге салады?
-Даланы қандай тұяқты жануарлар мекендейді? (ақбөкен,құлан,қарақұйрық).
Дәптермен жұмыс:Қарақұйрық сөзіне сөздік жұмысын жұргізу.
Сергіту сәті.
Салыстыру жұмысы.
Дала түрлерінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?(Әр топтан бір бала шығып мәтіннен түсінгендері бойынша кетені толтырып,айырмашылықтарын айтады).
Шалғындыдала | Қуаң дала | Егістікдала |
Кім жылдам?ойыны.
Сөйлемдерді толықтыру.
1)Даланы жануарлар мекендейді?
2)Ақбөкен далада болып жайылып жүреді?
3)Дала зонасының көп бөлігін болып келеді.
4)Құстардың ішінде жыртқыш құстарқатарына жатады.
5)Далалы жер негізінен үшін жыртылады.
Кескін картамен жұмыс.
Жұптық жұмыс.Картадан дала зонасын тап.Оны кескін картаға белгіле.
VI.Ой толғау.Әр топ берілген тақырыпқа ой толғау жазады.
1топ. Өсімдік-жер бетін ажарын аша түсетін, сәнін келтіретін жасыл әлем.
2 топ. Өсімдік-денсаулыққа қажетті дәрі-дәрмек.
3топ. Өсімдік-адамдар менұшқан құс, жүгірген аңға баспана.
Осы тақырыптар бойынша әр топ өз ойларын ортаға салып талқылап,шағын эссе жазулары керек.Топтың ойын бір бала оқып қорғайды.
Экологиялық есептер. Мәтіні жазылады, әроқушы өзбетінше орындайды.
- Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі-
орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктермен тышқандар-
ды жейтін болса, 1аптада қанша зиянкестерді жей алады? (7кг)
- Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12кг шөп жесе, үш
маралға неше кг шөп керек? (36кг)
VІI.Ой жинақтау.Бекіту кезеңі.
Дұрыс нұсқаны таңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
- Дала дегеніміз не екенін көрсетіңіз.
а)Ормансыз алқап б)Шөлді аймақ в)Тау бөктері с)Құрлық жер
- Тез құрғап кететін даланың түрін көрсетіңіз.
а) шалғынды б)қуаң в) егістік с)жазық
- Дала жануарын көрсетіңіз.
а)арқар б)бақа в)ор қоян с)қоңыр аю
- «Қызыл кітапқа» енген, даланы мекендейтін бағалы жануарды көрсетіңіз.
а) Қасқыр б)ақбөкен в)түлкі с)қоян
VІII.Қортынды рефлексия:
—Бүгінгі сабақтан алған әсерін?
—Не ұнады?
—Нені үйрендің?
Бағалау. Топ басшыларымен бірлесе отырып, топ ішінде ұтымды жауап бер ген оқушыларды бағалау.
ІХ.Үйге тапсырма: Дала өсімдіктері мен жануарлары мәтінін оқу.
Табиғат туралы кітаптардан дала жануарларының тіршілігі туралы дерек тауып оқы.