Басы » Бастауыш сыныптар » Жалқы есім мен жалпы есім

Жалқы есім мен жалпы есім

jakqyЖамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы

Әйтеке би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Акерке Жанабилова

Күні 11. 02 Сыныбы 2 «Б» Пәні:қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Жалқы есім мен жалпы есім
Жалпы мақсаты: Адам, жер – су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту
Міндеті: 1.Сөз таптарының ережесін үйрету.

2.Сөйлем ішінде кездесетін бас әріппен жазылатын сөздердідұрыс жазуға үйрену.

3.Кейбір заттардың атары бас әріппен (мысалы: өсімдік аттары) жазылмайтынын ажырата алу  Сөздік қорларын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Сөз таптарының ережесін біледі. Адам, жер – су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын жаттап алады.Сөйлем ішінен сөз таптарын ажырата алады.Сөздік қорларын артады. Сөзді құрамына қарай талдай алады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, РАФТ стратегиясы тірек сөздер, қызықты лездеме сұрақтар топтамасы
Сабақтың көрнекілігі: Тұжырымдамалық карта, маркер, тақта, стикер, кесте
Қызығушылығын ояту
Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларды 1, 2, 3 деп санату арқылы топтарға бөлу. Топтарға ат қою Топтарға бөлініп, бір – біріне көмектесу, ережелерді еске түсіруге ықпал ету
Білім
Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Зат есім – дәрігер

Етістік – жадырады

Сан есім – жиырма бес

Сын есім – ақылды

Сөз таптары: Зат есім – оқулық

Етістік – келді

Сан есім – жиырма бір

Сын есім – көрікті

Түсіну
Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақ қысқаша түсіндіріліп, түсініксіз сөздердің мағынасын ашады

Сөз таптары: Зат есім, Етістік, Сан есім, Сын есім

Дәптерге жазып алады. Топқа плакат таратылады, жаңа сөздерге оқушылар жұмыс жасап, топта талқылайды, ұжымды түрде аударады, бір-бірінің қатесін жөндейді. Өз ойларын ортаға салады.

Кім? Кімдер? Не? нелер? Сұрақтарға жауап беретін сөздерден постер жасау. Үй жұмысын тексеру Дәптер алмастыру Бағалау

Қолдану
Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға тапсырма береді. Жигсо әдісі бойынша кітаппен жұмыс жасайды. Әр топ басшысы басқа топтан  барып ақпарат жинақтайды, алып келген ақпаратты бірі-біріне таныстырып, ой бөліседі. Топта талқылап, жауап береді
Талдау
Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар топтаса отырып, өз ойларын ортаға салады. Ортақ шешім шығарады.
 Кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді табу.

Зат есімдер тауып, көп нүктенің орнына жазу

Жер – су аттарын тауып жазу. Ауылымыздың маңындағы елді –мекендердің атауын айтқызу. Олардың қандай әріппен жазылатынын пысықтау

Жинақтау
Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта әр оқушының іс-әрекетіне қарай фишкалармен формативті бағалайды. Суммативті бағалайды Топтар өзара бірін – бірі бағалайды. Смайликтер пайдаланады.
Үйге тапсырма беру: 4 – жаттығу

Ереже жаттау

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *