Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы
Әйтеке би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Акерке Жанабилова
Күні 19. 01 | Сыныбы 2 «Б» | Пәні: математика | ||
Сабақ тақырыбы: | Тәулік. Апта. Ай | |||
Жалпы мақсаты: | Екі таңбалы сандарға екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды үйрету. Уақыт туралы жаңа білім беру | |||
Міндеті: | 1.Сандарды ауызша және жазбаша қосып, азайтуды меңгерту
2.Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту 3.Жүйрік ойлауға баулу |
|||
Күтілетін нәтиже: | Жаңа әдістерді қолдану арқылы қызығушылығы оянады. Оқушылар жаңа сабақ жайлы мағлұмат алады, ойларын ашық дәлелдермен айтуға, оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Есте сақтау қабілеті артады. Суреттеу, болжау арқылы оқыту, оқушыны жаңаша бір әлемге жетелейді, ынталандырады. | |||
Сабақтың түрі: | Жарыс сабақ | |||
Сабақтың типі: | Жаңа білімді меңгерту | |||
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Интервью әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, ой туғызу, топпен жұмыс, ішіне –сыртына, Жигсо әдісі, кубизм әдісі. | |||
Сабақтың көрнекілігі: | Сандар, кеспе сандар, сабаққа байланысты суреттер, түсті қарындаштар мен тұжырымдамалық карта т.б | |||
Қызығушылығын ояту |
||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Топқа «Мозайка» әдісі арқылы бөлу | Қиылған суретті құрастыра отырып, топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды. | |||
Білім |
||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Қосындыдан санды азайтуға есептер шығару
Үй тапсырмасын тексеру Қатемен жұмыс Дәптер алмастыру |
Өзіндік жұмыстан жіберген қателерді тексеру
|
|||
Түсіну |
||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Жаңа сабақ қысқаша түсіндіріліп, түсініксіз есептердің мағынасын ашады.
Тәулік. Апта. Ай |
Дәптерге жазып алады. Топқа плакат таратылады, жаңа сөздерге оқушылар есептермен жұмыс жасап, топта талқылайды, ұжымды түрде аударады, есептерді шығарады, бір-бірінің қатесін жөндейді. Өз ойларын ортаға салады. | |||
Қолдану |
||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Оқушыларға тапсырма береді. Жигсо әдісі бойынша кітаппен жұмыс жасайды. Оқулықтағы есептер топтарға бөлініп беріледі. Топ мүшелері ақылдасып отырып есептерді шығаруына көмектеседі | Әр топ басшысы басқа топтан барып ақпарат жинақтайды, алып келген ақпаратты бірі-біріне таныстырып, ой бөліседі. Топта талқылап, жауап береді | |||
Талдау |
||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Топтарға тапсырма бере отырып, жаңа сабақты меңгерту.
Бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерден бірліктерді азайтады. Ондықтарға ондықтарды қосып, ондықтардан ондықтарды азайтатынын меңгерту |
Оқушылар топтаса отырып, өз ойларын ортаға салады. Ортақ шешім шығарады. | |||
Жинақтау |
||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
«Ішіне -сыртына» бірнеше есептер беріледі. | Бірліктер мен ондықтарды ажыратып алып, тапсырманы орындайды. Бір – біріне есепті қалай шығаруға болатынын түсіндіре отырып шығарады. | |||
Бағалау |
||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Сыныпта әр оқушының іс-әрекетіне қарай фишкалармен формативті бағалайды. | Кері байланыс парағын толтырады. Әр оқушы жинаған фишкалар санына қарай бағаланады
Топтар өзара бірін – бірі бағалады. |
|||
Үйге тапсырма беру: |