Қорғалжын ауданы
Қараегін ауылы
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі
физика және информатика пәнінің мұғалімі
Калиева Асем Уйсимбаевна
Физика әлеміне саяхат.
/7-8 сынып оқушыларының арасында./
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім дәрежесін байқап,алған білімдерін одан әрі тереңдету, кеңейту. Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге,шапшандыққа жинақтылыққа тәрбиелеу,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Ойын түрі:дәстүрлі емес ,білім сайысы.
Сайыстың өту жоспары:
Ұйымдастыру.
І.Таныстыру.
ІI. “Білімді сынап көр”сайысы
ІІІ. Аралдарға формуланы орналастыру.
ІV. Ауыстырмақ сайысы.
VІ.“Жалғасып тап……сайысы
мұғалім:
Физика — табиғат туралы ғылым,
Физика — эспериментті ғылым,
Физика — үнемі алға ұмтылған ғылым.
Физикада спорттағыдай бастысы -қатысу.
Ендеше бастайық!Іске сәт!
Бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлайық.
1.____________________2.__________________________3._________________________
І тур «Таныстыру»
Бұл турда әр топ өздерін таныстырып ,ұрандарын айтады.
Уақыт:3минут. Бағалану:ең үлкен -5 ұпай.
II тур. “Білімді сынап көр” топтарға сұрақтар қойылады.
Сұрақтар интерактивті тактаға жазылады,сұрақ -жауап шығып отырады.
7-сынып.
1.Физика нені зерттейді?
2.Молекула дегеніміз не?
3.Гипотеза дегеніміз не?
4.Май тұздау,күзгі салаттарды жабу қай құбылысқа негізделген?
5.Диффузия мағынасы нені білдіреді?
6.Броундық қозғалыс дегеніміз не?
7.Космология деп нені айтады?
9.Меркурийдің қазақша аты?
10.Төмендегі құбылыстардың қайсысы физикалық құбылысқа жатады?
8-сынып
1.Микроскопия нені білдіреді?
2.Макроскопия нені білдіреді?
3.Термометр қандай құрал?
4.Біздің жақтың қысы неге қатты болады?
5.Будың сұйыққа айналу құбылысы қалай аталады?
6.Пішінін де,көлемін де сақтайтын дене.
7.Вакуум сөзінің мағынасы.
8.Арақашықтыққа байланысты пайда болатын энергия.
9.Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті.
10.Жұмыстың өлшем бірлігі?
ІVтур:Ауыстырмақ қай топ көп сөз табады екен.
Жіберитә-
Дықдамжыл
Метрмонади
Гуармент
Лысғақоз
Кетпесал
Тремпамре
V тур:Жалғасын тап…
Мақал — мәтел жалғастыру
1.Аузы күйген…
2.Дән себілмей…
3.Дария буланбай шық…
4.Қисық ағаштың көлеңкесі…
5.Бес бармақ жиналса…
6.Бір кісі қазған құдықтан..
7.Ат баспаймын деген жерін…
Осымен сайысымыз аяқталды,әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Жеңімпаздар марапатталады.