Шымкент қаласы.№64 Ж.Аймауытов
атындағы мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі:
Сейдешова Айгүл
Сабақтың тақырыбы: « Ата салтың-бұзылмас қағидаң»
Мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық – салт дәстүр жайында білімдерін тереңдету, оқушы бойында ұлтжандылық пен азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, өзін-өзі құрметтеуге, ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Тақтада — А.С. Пушкин Ресей патшасы бірінші Петрдің орыс халқын “еуропаландырамын” деп орыстың ұлттық қасиеттерін зорлықпен жойған істерін көріп: «Тек бүгінгі күнді өбектеп, өткенді өгейсіту –арамзалық, жабайылық, надандық», — деген екен. “Сіз” деген — сыпайылық. . “Сен” деген –анайылық,
“Сен” – деп сізге не дейін, Тамұқта мәңгі күйіңіз» – деген Мағжан бабамыз. Сыйлағаннан не пайда, Сізді қойып сен десе. (Бұқар жырау) дәстүр туралы кітап, сурет көрмесі, мұражай экспонаттары.
Барысы:
Дәстүр- халықтың атадан балаға көшіп жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени –тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез –құлық, тәлім –тәрбие және рухани іс -әрекетінің көрінісі.
Мысалы:
Ата –ананы, үлкенді сыйлау, құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру т.б. дәстүрге жатады.Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды, ым –бәрі де салт-дәстүрдің салалары мен тармақтары. Сәлемдесу-мәдениеттілік белгісі.
Мұғалімнің сөзі:
Салт –дәстүр дегеніміз не?
Ұлттық жай –күй үйлесімі үш бөліктен тұрады: ұлттық сезім, ұлттық салт –дәстүр және ұлттық мінез.Ұлттық салт- дәстүр – тарихи көне процесс. Ұлттық салт- дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы он мыңдаған жылдар бойы ата-бабамыз қалыптастырған қазақ халқының озық мәдениеті. Сондықтан қазақ халқының мәдениеті, салт- дәстүрі, әдет-ғұрыптың жинақталған түрлері мен рәсімдері Қазақстандағы көпшілік қауымға ортақ болып қалыптасады. Қазақ елінің ішінде тұратын өзге ұлттарда қазақ мәдениетін қабылдайды. Егер қазақ мәдениеті өз елінде жеңіліске ұшырап, орнына көшіп келген басқа ұлттардың мәдениеті ортақ құндылыққа айналса онда қазақ халқы өз еліндегі аз ұлттардың біреуі болып қалады. Қазақта кіші үлкенге «сіз» деп сөйлеп сәлемдеседі. Соңғы кездері амандасу мәдениетіміздің өзі бұзылып бара жатқанын байқаймыз.
1-Жүргізуші
Халқымыз өте жоғары бағалаған қасиеттердің бірі — кішіпейілділік.
Кішіпейіл кісіні барлық жерде сыйлаған, дәріптеген қасиеттеген, үлгі түтқан. “Кішіпейілділік — кішілік емес кісілік, кішіпейілділік — кісілік көркі”, “¥лық болсаң кішік бол” т.б. осы сияқты нақылдар халқымыздың кішіпейілділікті қаншалыкты қастерлегендігін айқын байқатады.
2-Жүргізуші:
Мен балалардан сұрап көрейінші. Балалар өзіңнен жасы кіші адамға “сен” деп сөйлейміз бе, әлде «сіз» деп пе?
1-Жүргізуші:
Балалар барлығың «сен» деп сөйлеу керек деп жатырсыңдар. Ұстазымыздан сұрайықшы дұрысын.
Мұғалім:
Сендер білмегендеріңе кінәлі емессіңдер заман солай болды. Ешкімді де кінәлап керегі жоқ. Тек жіберген қателігімзді түсініп жойсақ болды. Қазақ халқының мәдениетінде өзінен бір жас кішіге де “сен” деп емес “өзің” деген сөз қолданған. Өйткені жатжұрттық жауларына ғана «сен» деп айтқан. Өзінен кіші сіңлісі болса “сіңлім”, інісіне; “інім, бауырым” деген. Үш жас үлкен одан жоғары кісілер; қарағым, шырағым, айналайын, күнім, ботам, қарындасым, жібегім, баяным, қарлығашым деген сияқты қаратпа сөздермен, қазақтың мыңдаған сөзімен сөйлеп өте әдепті, мәдениетті, қазақи жоғары саналықпен қарым-қатынас жасаған. Бұл сөздер алысты жақындатып, жақынды нағыз жанашырыңа айналдырады.
2-Жүргізуші:
Әдептілік — әдеп сақтау халықтық рәсімге, жол- жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда адамгершілік борышты сактау болып табылады. “Әдептілік — әдемілік” дейді халық. Әдептіліктің басы — сәлемдесу мәдениетінен басталады. Сондықтан лауазымына қарамай кіші адам үлкеніне бірінші болып «сіз» деп сөйлеп амандасады.
1-Жүргізуші:
Бүгінде көп отбасында баласы әкесіне “сен” деп әкіреңдесе, немересі “атасына, ағасына “сен” деп едіреңдейді; әжесіне, апасына қыздары; әпкесіне сіңлісі — “сен” деп бажылдағаны, бұл отбасы мүшелерінің арасында шынайы сүйіспеншіліктің жоқтығын білдіреді. Қазақ үшін «сен» деп сөйлеу — өштесудің, ат құйрығын кесісудің белгісі
2-Жүргізуші:
Анасы баласына: — Әй, Айжан сен, дүкенге барып кел – деп жұмсады. Осы жерде анасының қызына қарым-қатынас сөзі дұрыс айтылды ма?
— Қане, балалар кім айтады екен?
Мұғалім:
Иә, балалар қарап отырсам барлығың; «анасы дұрыс айтты» деп отырсыңдар. Біріншіден, «әй» дегені, екіншіден, «Айжан» дегені, үшіншіден, «сен» дегені, негізінен дұрыс емес. Бір сөзді үш түрлі анайы мағынамен қайталап отыр. Мұның орнына; «ботақаным дүкенге барып келші» десе өте мәдениетті, сыпайы болар еді. Ата-аналарыңнан сұрап көріңдер.
1-Жүргізуші:
Қане, үлкенге, аға-әпкесіне, апа-көкесіне, ата-әжесіне «сіз» деп іштеріңізде кім айтады?
2 — жүргізуші:
Ұстазымызға сөз берейік.
Мұғалім;
Иә, көріп отырмыз әр отбасында әртүрлі тәрбие екен. Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Кімнің үйінде салт-дәстүр ұстанады сол үйде тәлімді –тәрбие бар екені әрқайсыңнан көрініп тұр. Өзге ұлттар «сен» деп сөйлейді деп сен деп сөйлеу қазақ халқының болашақта сақталып қалуына қауіп төндіреді.
1-жүргізуші:
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2 — жүргізуші: Қорытынды сөзді ұстазымызға берейік.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Мәдениетсіздік қайдан шықты десек ол1794 жылы Францияда мемлекеттік төңкеріс арқылы билікке келген Француз “қызыл коммунистерінің» алғашқы заңдарының бірі қасиетті “сіз” деген сөзді “сен” дейтін “мырза” деген сөзді “азамат” деп өзгертті. Осылай әлем тарихында тұңғыш рет адамзаттың рухани генетикасына қастандық жасалып, ұлттық құндылықтарына, үлкен мен кішінің, ата-ана мен баланың , әйел мен еркектің, туыстар арасына “теңдік” деген теріс түсінік кіріп, сыйластық, ибалық, адамгершілік қағидаларының арасына «сына» қағылды. Содан 1917 жылы Ресейде де “большевик”, “қызылдар”, “коммунистер” дегендер билікті басып алды. Совет Одағы деген мемлекет құрып, бұларда француз революционерлеріне ұқсап “сіз” деген сөзді, “сенге” мырза” сөзін “жолдас” деп ауыстырып айтатын заң шығарды. Заңды бұзғандар аяусыз жазаланды. Сондықтан мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық асыл қасиеттерінен қазақ халық да амалсыз айырыла бастады.
Бұрын күштеп, зорлықпен болса қазір үйреніп кеткендіктен, білместікпен қалпына келтіре алмай келеміз. Әсіресе, шетелдіктер мен өзге тілде оқыған қазақтар үлкенге де кішіге де «сен» деп сөйлеу “мәдениеттілік” деп осы күнге дейін адасып келеді. «Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, ата-салтымыздың жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, жас ұрпақ!