Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия
Жетекшісі: Сытышева Эльмира
Сабақтың тақырыбы: «Ата-әжеме хат» Ы.Алтынсарин
Сабақтың мақсаты:Ы.Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына тоқталып
кету. Хат жазу үлгісін меңгерту. Мәтінді дұрыс түсініп оқуға, жүйелі сөйлеуге үйрету. Ойлау, сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. Үлкенді сыйлауға, достыққа, әдепті
болуға, батылдықпен батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: конверт, интерактивті тақта, суреттер, бейнебаян.
Сабақтың барысы: І-Ұйымдастыру кезеңі
1-слайд Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
ІІ-Үй тапсырмасын сұрау: «Апаңның тілін алса егер…»
- Өлеңді мәнерлеп оқытып шығамыз. Әр топтан бір-бір оқушы оқып шығады.
- Дәптерлеріне жазып келген мақал-мәтелдерін сұраймыз.
- Кесте бойынша жұмыс жүргіземіз.
2-слайд
3-слайдТест
4-слайд
Құт берекең-атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың-әкең қымбат.
- Балалар, айналамыздағы туысқандарымыздың бәрі де бізге қымбат жандар. Солардың айтқан ақылдарын тыңдап, оны орындауға міндеттіміз. Үлкендерді тыңдасақ қандай болатынымызды білдік. Біздің айналамызда апамыздан басқа ақыл айтатын тағы кімдер бар? Айтыңдаршы.
- Ата, әже, әке, аға, әпке, т.б. осылардың барлығы өзімізбен бірге тұра ма? Олармен қалай хабарласып тұрасыңдар.
- Ия, дұрыс айтасыңдар қазір байланыс түрлері өте көп.
5-слайд
6-слайд
Ой қозғау
Аяғы жоқ жүреді,
Тілі жоқ сөйлейді. (Хат)
- Ал балалар олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы.
ІІІ-Жаңа сабақ
«Ата-әжеме хат» Ы.Алтынсарин
- Бүгінгі біз осы әңгімені оқи отырып, хат жазу үлгісіне назар аударайық.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып береміз.
1-сұрақХатты жазып отырған кім?
2-сұрақОл хат кімдерге арналған?
7-слайд
- Балалар міне, бізге ата-апаларымыздан хат келіп отыр. Осы хатты оқып көрейік.
Қымбатты да, сүйкімді, кішкентай құлыншақтарым!
1-топ«Білім»
2-топ«Ақыл»
3-топ«Қайсар»
Оқулықты тізбектеп оқыту.
8-слайд
Дәптермен жұмыс
9-слайд
- Ал, балалар енді осы үлгіге сүйене отырып, әр топ өз қалаған адамдарына хат жазып шығамыз. Әр топ жазған хаттарын оқып береді.
10-слайд
Сергіту жаттығуы
«Жүрек жылуы» шеңбері
Атасын жақсы көретіндер-көк түсті алады
Әжесін жақсы көретіндер-қызыл түсті алады
Анасын жақсы көретіндер-жасыл түсті алады
Барлығын жақсы көретін болса- ақ түсті алады.
Хормен орындау:
Біз бәрін жақсы көреміз,
Отбасымыз аман,
Еліміз тыныш болсын.
Сабақты қорыту:Мәтіннен Назардың хатын төрт бөлікке бөліп, әр бөліктің шегін ажыратып оқыңдар.
1-топХаттың басталуымен аяқталуы.
2-топНазардың оқуы
3-топНазарға айтқан атасының ақылы.
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, хат жазып келу.
Бағалау: