Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
№40 орта мектебі
Жанабергенова Аикенже Ареповна
Тақырыбы Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер
ІІI тоқсан
КМЖ №117 Күні:2.02.2015ж |
5 «Б» класс | |
Сабақтың тақырыбы: | Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығару алгоритмі | |
Сілтеме | Математика 5кл Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов | |
Жалпы мақсаттар | 1) Білімділік:Бірлесіп орындалатын жұмыстар, атап айтқанда күнделікті тұрмыста екі немесе бірнеше жұмысшы бірлесіп бір тапсырманы орындауға есептер шығарып үйрету.
2)Дамытушылық: Есептің берілуі мен мәнін түсіндіру, мысалдар арқылы үйрету,шығармашылық белсенділіктерін дамыту. 3)Тәрбиелік:Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру. |
|
Оқыту нәтижесі | — шамалардың бір пүтін бөлігін біледі;
— жұмыс мөлшерін есептер шығаруда қолдана алады; — алгоритмнің көмегімен өрнекті құрастыра алады; |
|
Сабақтың әдісі | Cыни тұрғыдан ойлауды сабақ барысында тиімді пайдалану | |
Жалпы | Білу
Ой қозғау.Сұрақтарға жауап алу. Түсіну Мағынаны тану. Қолдану Кітаппен жұмыс Талдау Күрделірек тапсырмаларды орындау. Жинақтау Ой қорыту.Қорытынды сұрақтар. Бағалау. |
|
Сабақ барысы | ||
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | |
Психологиялы дайындық 2 минут
8 минут
7 минут
14 минут
10 минут
4минут |
Сәлемдесу, дайындығын тексеру, көңіл-күйін сұрау, бүгінгі сабаққа тілек айту. Шамалардың бір пүтіні, жұмыс, жұмыс мөлшері сөздері жазылған қағаздарды таңдау.
І. «Білу «Кім білгіш?» Үй тапсырмасын тексеру №850
№850 Хауыз бірінші және екінші құбырдан аққан сумен 6 сағатта толады. Хауызға су бірінші құбырдан ғана ақса, хауыз 10 сағатта толады. Хауызға су екінші құбырдан ғана ақса, хауыз неше сағатта толады?
Шешуі: 1(пүтіні) – хауыз сыйымдылығы.
;
Жауабы: Екінші құбыр хауызды 15 сағатта толтырады. ІІ. «Түсіну» Кім тапқыр?
1.Санның бөлігін табу үшін, ………… 2.Бөлігі бойынша санды табу үшін ………….
Сұрақтың жауаптары.
ІІІ. «Қолдану»
І топқа:№848 (Қытай, б. З. II ғ.) Жабайы үйрек Оңтүстік теңізден Солтүстік теңізге дейін 7 күн ұшады. Жабайы қаз Солтүстік теңізден Оңтүстік теңізге дейін 9 күн ұшады. Жабайы үйрек пен жабайы қаз бір уақытта ұшса, олар неше күннен кейін кездеседі. Шешуі: 1(пүтіні) – Оңтүстік теңізден Солтүстік теңізге дейінгі ара қашықтық.
Жауабы: 3 күнде ІІ топқа: №849. Ертедегі есеп. Бір қойды арыстан 2 күн,қасқыр 3 күн, ал ит 6 күн жейді. Егер бір қойды арыстан, қасқыр және ит бірлесіп жесе, неше күн жейді? Шешуі: 1(пүтіні) – бір қой.
Жауабы: 1 күн.
ІІI топқа: №851. Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса 24 минутта,егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды? Шешуі: 1(пүтіні) – қардан жасалған аққала.
Жауабы: 1 сағатта.
ІV. «Талдау» №852. Хауызға үш құбыр жүргізілген. Бірінші және екінші құбырмен хауызға су құйылса, үшінші құбырмен су хауыздан сыртқа ағады. Бірінші құбыр хауызды 6 сағатта, ал екінші құбыр 8 сағатта толтырады. Үшінші құбырмен хауыздағы су 4 сағатта толық ағып бітеді.Құбырлардың үшеуін де бір уақытта ашып қойса, бір сағаттан соң су хауыздың қандай бөлігінде қалады.
Шешуі: 1(пүтіні) – хауыздың сыйымдылығы.
Жауабы: бөлігінде.
Әрбір топ өзінің таңдаған тақырыптық сөздердің мағынасын түсіндіріп қорғау.
Бағалау. Кері байланыс: Бүгінгі сабақта не білдің, және не үйрендің, нені үйренгің келеді. Үйге тапсырма: №875; №853,854 үлгермей қалған есептерді үйде аяқтау.
|
852 ші есептің жауабы қандай