Басы » Кембридж бағдарламасы » Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Аңғал батыр ауылы

Аманкелді орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ЖАРОВА ҚУАНЫШ ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы

Күні Қазақ әдебиеті Сынып 8
Сабақтың атауы Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Сілтеме Қосымша әдебиеттер, ғаламтор желісі, интербелсенді тақта, флипчарт, стикер, фломастер,
Сабақтың мақсаты Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, поэманың идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді,  поэманың негізгі түйінін таба білуге дағдыланады.
Сабақтың нәтижесі

 

Оқушылар өз бетінше сыни тұрғыдан ойланып жұмыс жасауға дағдыланады,дарынды оқушылар жаңа материалды ізденіп, зерттеп, қорғауға үйренеді, шығармашылық жұмыс жасауға бейімделеді
Сабақта туындаған негізгі идеялар

 

  1. Оқушылардың білгендеріне сүйену.
  2. Ауызша тапсырмалар беру арқылы сөздік қорын молайтып, шығармашылықты қалыптастыруға ықпал жасау.
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары
  Мұғалімнің ісәрекеті  Уақыты  Оқушының ісәрекеті
І. Ұйымдастыру  кезеңі:

  1. Амандасу./-бүгін бізде ерекше сабақ өтпек, себебі біздің сабағы-мызға қонақтар келіп отыр/
  2. Сергіту сәті: «Жылулық шеңбері» шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін сыйлайды.

3.Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа  бөлінеді. «Қалқаман» және «Мамыр» 

  1. Әр топ топ басшыларын сайлайды
  

 

   5 мин.

 

1.Амандасады.

 

 

  1. Шеңберге тұрып бір-біріне жүрек сыйлау арқылы жылулық сезімдерін білдіреді.

3.Өз топтарында отырады.

 

Үй тапсырмасын тексеру

Абайдың 17 қара сөзінің мазмұнын сұрау

  1. 17 қара сөз не туралы?
  2. Қара сөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
  3. Ақын бұл шығарма арқылы не

 айтқысы келген?

  1. Абайдың айтқанымен өзің келісер ме едің?
  2. Ақыл, қайрат, жүрек кімге келіп жүгінеді?
 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

   Оқушылар жауап береді

 

Шәкәріммен Абайдың туыстық жағын дарынды бала айтады. 2 мин Дарынды оқушының қорғауы
ІІІ. Ойқозғау. Жаңа сабақ

1.Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы Шәкәрім туралы өздігінен оқып келген білімдерін  тексеру.

  1. Қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын атанған Шәкәрім туралы кім не біледі. /Бейнебаян көрсету/
5 мин  

Сөзжұмбақтың шешуін табады.

 

 

1.Шәкәрім туралы үйде оқып келгендерін  мазмұндай бастайды.

 

 

Тобықты руы туралы түсіндіру 2 мин Білгендерін айтып отырады.
Оқулықпен жұмыс. «Ізден тап»

  1. Мамырдың соңғы сөзі.
  2. Қалқаманның елімен

 қоштасу сөзі.

5 мин  

Оқулықтан әр топ тауып оқиды.

Дәптермен жұмыс.

І топ. Дәптерге, флипчартқа поэмадан үзіндіні өлең құрылысына  талдайды,

  ІІ топ

дәптерге, флипчартқа поэмаға композициялық талдау жасайды.

10 мин  

 

 

Оқушылар дәптерлеріне орындайды, әр топтан бір оқушы шығып, флипчарт бетіндегі өлеңді талдайды.

Жаңа сөздермен танысу.

Слайдта жаңа сөздер жазылған, дауыстап оқып, мағынасын түсіндіреді

 

2 мин

 

     Орындарында отырып орындайды.

Пікірталас.

 Жақтаушы топ, Даттаушы топ.

Мұғалім : Иә,балалар әрқайсың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шық-тыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп ай-ту қиын . Ол заман әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сат-қан заман, сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген , адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шә-кәрімнің да мақсаты сол. Не десек те екі топтың да нақты жауап-тарына мен ырзамын. Басты мақ-сат — Қалқаман -Мамыр оқиғасынан ғибрат алу .

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

Өз ойларын еркін жеткізіп,

Үйге тапсырма :

«Егер мен Қалқаман болсам…» атты ойтолғау жазу.

3 мин  

Үй жүмысын күнделіктеріне жазады.

Бағалау .

Топ басшының бағалауы

5 мин Әр топтағы топ басшы қойған бағасын түсіндіріп кетеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *