№30 Көктөбе орта мектебі
Мұғалім: Кипралиева Нүрила Кенжебайқызы
Сабақтың тақырыбы: Астана-арман қала
Сабақтың мақсаты: Еліміздің бас қаласы Ел орда туралы мағлұмат беру,өлеңмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,
Оқушылардың ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Туған жерін, елін сүюге ,оған құрметпен қарауға , Астананың көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта слайдтары, суреттер
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
- Сыныпты түгелдеу
- Назарларын сабаққа аудару
ІІ. «Ой шақыру»
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену,
«5»-ке қолды жеткізу.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Менің Туым
Өлеңді мәнерлеп оқу
Ту туралы қосымша деректер сұрау
Сурет салу
Семантикалық карта арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
Авторлары
Рәміздер |
Шота Уалиханов,
Жандарбек Мәлібеков |
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков | Ж.Нәжімеденов,
Н. Назарбаев, Ш.Қалдаяқов |
Әнұран | + | ||
Елтаңба | + | ||
Ту | + |
ІҮ. Жаңа сабақ
- Мозаика арқылы топқа бөлу.
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Елордамызға саяхатқа шығамыз.
-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
-Карта.
-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
Саяхат картасы
3.Пирамида
- Бәйтерек 4.Ақ Орда
- Вокзал 5. «Думан»
- «Хан шатыры»
1-аялдама. «Вокзал»
Өлең авторымен таныстыру.
Махмұтбай Әміреұлы (20.02.1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылы) – ақын.
Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1964). 1964-66 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім, Қызылорда облысы шығармашылық үйінде әдіскер, 1967-97 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде корректор, 1967-71 жылдары аудандық «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1979-85 ж. Редактор, жауапты хатшы, 1971-79 ж. Сырдария ауданы комитетінде нұсқаушы, саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі. 1985 -88 жылдары орта мектептің директоры, 1988 -98 жылдары Қызылорда облысы кәсіподақтар баспасөз орталығының меңгерушісі, 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы.
Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру
2 — аялдама. «Бәйтерек»
- Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.
- Тапсырма
«Бәйтерек» аялдамасының тапсырмасы өлеңді тізбектеп оқу.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
3-аялдама «Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма
*. Сарыарқа, Есіл сөздерімен байланыстыра Астана туралы әңгімеле.
Сергіту сәті
Астана – бас қалам,
Сұлусың жас қалам.
Бақытқа балаймын,
Қызыға қараймын!
4-аялдама «Ақ Орда»
«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма
І топ: «Астана – арман қала» эссе жаз
ІІ топ: Астана қаласына арнап «бес жолды өлең» жаз
5- аялдама «Думан»
«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны.
Тапсырма
Сурет салу
6-аялдама «Хан шатыры»
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Тапсырма
Бұл аялдаманың тапсырмасы оқулықтан бөлек Астана туралы тақпақ айту.
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.
«Кубизм» әдісі.
1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2.Бәйтеректің ұзындығы қанша?
3.Қ.Р тұңғыш президенті кім?
4.Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл ?.
5.Астанаға қандай тілек айтасың?
6.Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік, аймағында.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
«Топтастыру» әдісі бойынша
ҮІІ. Үй тапсырмасы: «Астана-арман қала» өлеңін жаттау
ҮІІІ. Бағалау.
Қай топтың жеңімпаз екенін анықтау