Басы » Бастауыш сыныптар » Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. Жануарларды қорғау.

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. Жануарларды қорғау.

Жалпы білім беретін №9 орта мектебі

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Бастауыш сынып мұғалімі

Аханова Айнұр Кінарқызы

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 3 Б

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. Жануарларды қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жануарлар  туралы  алған  білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу ,тіршілік ортасына бейімделуі туралы түсіндіру.Қазақстанның қорықтары туралы мәлімет беру.

Дамытушылығы: Орманда  өмір сүретін аңдар әлемін  танып, жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасына көз жеткізу.

Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға,  жануарларды  қорғауға,  қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадан слайдтар.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру   кезеңі.Балалармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Психологиялық дайындық.

— Балалар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады.

— Бұл неге ұқсайды? (кішкентай шарға)

-Шарымызды үрлейік.

— Енді қандай шар болды? (Үлкен шар)

— Бұл шарымыз тағы, неге ұқсайды? (Күнге)

Ал, балалар, қолымызды күн нұрына созайықшы.

Қуанайық, шаттанайық, алақай!

Қуанатын күн келді,

Қайырлы таң, қайырлы таң!

  • Балалар, күннің нұрына қолымызды жылытып, алақанымызбен көзімізді жұмайық.
  • Балалар көздерін жұмып тұрғанда орманда өмір сүретін әртүрлі құстардың, аңдардың дыбысы естіледі.

Балалар аң-таң болып көздерін ашады.

Жұмбақ шешу

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады.

Ол не? (тоқылдақ)

 

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (қоян)

Жануарлардың, аңдардың, құстардың түрлерін атау.

 

ІІІ.Лездеме сұрақтар.

  1. Жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады?
  2. Жорғалаушыларға тән белгілерді атаңдар.
  3. Жорғалаушылардың кеңінен таралған тобы
  4. Жорғалаушылардың табиғаттағы маңызын айтып беріңдер?
  5. Бұл жануарлар тобын неліктен сүтқоректілер тобы деп атайды?
  6. Сүтқоректілердің ең үлкен тобы.
  7. Сүтқоректілерге жататын жануарлар тобын ата.
  8. Сүтқоректілердің адам өміріндегі маңызы қандай?

 

Флипчартта жануарлар әлемі атты слайд ашылады .

 

Оқушылармен бірге слайдта берілген жануарлардың топтарын бірге қайталап айтылады.

 

  1. IV. Жаңа сабақ .

Осы жануарлардың барлығы да  әртүрлі ортада тіршілік етеді.Суда, құрлықта, Топырақта, тауда  тіршілік етеді.

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

Камбала

Аузы үлкен, бүйір сызығы түзу

Денесінің ұзындығы 5 метр

Салмағы 300 кг

Көзі денесінің бір жағында болады.

 

Тиін- құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде, ағаш жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.

Қаз , аққу , үйрек сияқты құстар судан қорек тауып жеуге машықтанған. Аяқтарындағы башайлары арасындағы жарғақ тері суда жақсы жүзуге көмектеседі. Ұзын да жалпақ тұмсығы аулаған азығын ұстап жеуге қолайлы. Бейімділікті жануарлардың сыртқы дене пішінінен , құрылысынан , тағы басқа белгілерінен байқауға болады. Сонымен жануарлардың тіршілігіне қолайлы жағдайлар табатын табиғи тұрағын ( үлескіні ) мекен ортасы деп атайды.

Жер бетіндегі жануарлардың түрлері де көп және мекен ортасы да алуан түрлі әрқайысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Жасыл өсідік тірі ағзаны қоректендіріп , баспана да болады. Ал жануарлар өсімдіктердің көбейіп таралуына , өсіп дамуына, жеміс беруіне әсер етіп көмектеседі.

Табиғатқа адам әрекетінің әсері ерекше . Адам табиғатта кез келген шаруашылықты жүргізгенде өсімдіктер мен жануарларға әсер етпей қоймайды. Жол салу , үй тұрғызу , мұнай газ құбырларын  салғанда жерді   қазып , ормандарды кеседі.Мұндай жағдайда өсімдіктер ғана емес , аң,құс, жәндіктер де өз мекен ортасынан ажырайды. Ұсақ жануарлар қырылады, ірілері ( құстар , аңдар) басқа жақтарға кетеді. ( Өзіне жаңа « қоныс» іздеп қиналады). Бүгінгі кұні жануарларды шектен тыс атудың , аулаудың салдарынан құрып кету қаупі туындап отыр.

Еліміздің табиғат байлығын өз қалпында сақтау , өсімдіктер мен жануарларды  қамқорлыққа алу , санын молайту , су құстары мамырлайтын  және қыстайтын орындар мен балық уылдырық шашатын өзен – көлдерді қорғау халықтық іс. Осы мақсатта құрылған Алматы , Ақсу – Жабағылы, Қорғалжын , Наурызым , Марқакөл т.б мемлекеттік қорықтар бар.

Жануарларды қорғау туралы слайд көрсетіледі.

1996 жылы Қазақстанда жойылып кету қаупіндегі жануарлар тіркелген Қызыл кітап шықты. Олардың біразымен  2 – сыныпта таныстыңдар. Оқулықта берілген жануарларды ерекше қорғауды қажет ететінін білгенің жөн.

 

  1. Бекіту сұрақтары.
  2. «Орнын тап» ойыны . Бұл «Орнын тап» ойынында екі тапсырма орындала-ды. Бірінші тапсырмасында суреттері берілген жануарлардың аттарын табу керек. Екінші тапсырмасында жануарларды мекендері бойынша орналас-тыру керек.

 

«Көріңіз қызық жануарлар»  атты бейнефильмнен үзінді  көрсетіледі.

 

Сергіту сәті . Сергіту сәтінде оқушылар  бейнефильмдегі балалардың қимылын қайталап , бойларын сергітеді.

 

  1. « Сәйкестендіру тесті» Сәйкестендіру тесті тапсырмасында сендер қорықтарды төмендегі келтірілген қорғауға арналған жануарлар бойынша сәйкестендіресіңдер.

 

Ақсу-Жабағылы                                                                          кәмшат

 

фламинго

Науырызым

ондатра

Алматы

ілбіс

Қорғалжын

Ақ барыс

Марқакөл

құлан

Үстірт

Қызыл қасқыр

Батыс Алтай

 

Алакөл қорықтары                                                                        аққу

 

Барсакелмес                                                                                   үстірт муфлоны

 

 

 

 

  1. Кілт сөздерден мәтін құрастыр.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды ( рефлексия)

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Не білдіңдер?

Үйге тапсырма: 116 – 123  беттердегі  тақырыптарды оқып , қорықтар туралы реферат жазып келу.

Табиғат, Ана құшағын саялайық,

Қорғау үшін күш-жігер аямайық.

Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ.

Адамзат!  Табиғатты аялайық!

 

Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *