Рысбаева Ғалия
Сабақтың тақырыбы: Дарынды және талантты балаларды оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Мақсаты: Коучингке қатысушы мұғалімдердің дарынды және талантты балалармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану дағдысын жетілдіру.
Оқу нәтижесі: Заман талабына сай озық технологияны меңгерген, бастамашыл, ізденімпаз, шығармашыл педагогикалық ұжым қалыптастыру.
Түйінді идеялар: «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» (Питер Клайн)
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей
Ресурстар: ДК, сабаққа қажетті ресурстар
Әдіс – тәсілдер: Тәсілі : жеке, топпен Әдісі: АКТ, СТО, диалог
Бірлескен жұмыс-қа негізделген тәсіл Әңгімелесу кезінде әріптестер бейнефильмдегі өзара әрекеттесу сапасын талқылайды. Диалогтік қарым-қатынасты дамыту үшін әртүрлі деңгейдегі сұрақтар дайындауды үйренеді.
Тапсырмалар: 1. Ынтымақтастық оқу дағдыларын қалыптастыру үшін берілетін тапсырма сауалнама
2. Ой шақыру мақсатында берілетін тапсырма:
1) Балалардың бәрі дарынды болады …
2) Дарынды бала сирек кездеседі ….
3) Талант пен дарын …
4) Вундеркинд ………
3. Мағынаны ашу
«Менің атым Қожа»
4. Қорытындылау «Талантты және дарынды балалармен жұмыс кезіндегі кедергіден шығу жолдары»
5. Бағалау
6. Тренинг «қағазды умаждау»
«Ақын Жамбыл» бейнеүзінді
7. Рефлексия
8. Кері байланыс
9. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: уақыт Коучтің іс – әрекеті Қатысушылардың іс – әрекеті
Топқа бөліну 2мин Қатысушыларды пазлдар арқылы топқа бөлу. Тапсырмаларды тез орындау арқылы топ-топқа ұжымдасу
Кіріс сауалнама-сы 3мин Сауалнама беріледі Сауалнаманы белгілеп, топ басшысы жинап береді.
Ой шақыру 15мин
1) Балалардың бәрі дарынды болады …
2) Дарынды бала сирек кездеседі …
3) Талант пен дарын …
4) Вундеркинд ……… Сөйлемдерді аяқтап, ойларын тұжырымдайды
Мағынаны ашу 10мин Коуч мұғалімдерді сырттай бақылайды. Топтар өз тапсырмаларын қорғайды.
Мағынаны ажырату 15мин Бейнежазба «Менің атым Қожа»
Қатысушылар талқылап, тақырыпты ашады.
Тақырыпқа талдау жүргізеді. Берілген жұмысты топ мүше-лері орындайды, талдайды.
Қосымша сұрақтар беріп, бағыттау сұрақтарын береді. Қатысушылардың пікірлері ескеріледі.
Қорытындылау 10 мин Талантты және дарынды балалар-мен жұмыс кезіндегі кедергіден шығу жолдары «Сіздің сынып» жобасын қорғау
Бағалау 3мин Топтарды сағат тілі бағытымен бір-бірін бағалауға дайын бағалау парағы критерийлерімен беріледі. Топтар жұмысы бағаланады, жиынтық бағасы қойылады.
Тренинг 3мин Қағазды умаждау
«ақын Жамбыл» Тапсырманы орындайды
Рефлексия 1мин Стикер таратып береді. Стикерлерді толтырады
Кері байланыс 2мин Сауалнама беріледі. Сұрақтарға жауап береді.
Кейінгі тапсырма 2мин Интернет арқылы өз білімдерін кеңейтіп отыру;
Бағалау парағы
рубрикатор критерийлер дескрипторлар ұпай
Мағынаны ашу Өз ойларын жеткізе алды ма? Тақырыпты талдауға негізгі рөл атқарды 4
Тақырыпты талдауға ішінара қатысты 2
Талдауға қатысқан жоқ 0
Мағынаны ажырату Талант пен дарынды ажырата алды ма? Тек бір мүшесі қатысты 2
Топ мүшелерінен көмек сұрады 1
Топ мүлдем қатысқан жоқ 0
Қорытындылау Түйіндеп және өз пікірлерін біріктірді ме? Барлық жағдайда жақсы қатысты 5
Ішінара селқостық танытты 3
Өз ойларын жеткізе алмады 1
Топтың жиынтық бағасы