Басы » Tәрбие сағаттары » Отан оттан да ыстық…

Отан оттан да ыстық…

Тақырыбы: Отан оттан да ыстық…
Мақсаты:. Балаларды 9 мамыр – жеңіс күні туралы түсінік беру, маңыздылығын түсіндіру, ҰОС батырларымен таныстыру
2. Есте сақтау, түсіну, жаттау дағдыларын дамыту
3.Аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға және патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балаларға Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге, болашақ Отанды қорғауға баулу
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, қызығушылығын ояту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар,
Пәнаралық байланыс: ән сабағы
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық. Оқушыларды орындарына тұрғызып, тақпақ айтқызу арқылы сабаққа назарларын аудару
Күн нұрына алақанды созайын
Жүрегіме басып ұстай алайын
Нәзік, әрі жылы, әрі мейірімді
Сонда дерек болып кетер жан-жағым.
Суретпен жұмыс/Ұлы Отан соғысы туралы әр қатарға қиылған суреттер таратылады \ Суреттерді мозайка түрінде жинап, не бейнеленгенің айтып беру
– Балалар, қандай сурет шықты?
– Майдан кезі
– Соғыс дегенді қалай түсінесіңдер? Сурет бойынша балалардың ойларын тыңдау
– Соғыс деген жоқшылық , аштық, қорқыныш, көз жасы, жесіреген балалар, соғыс деген Отан үшін ерлік көрсету, басқа түскен уаыйм-қайғы, қасірет
Әңгімелесу
– Балалар, үлкендер неге Ел іргесі аман болсын! Аспанымыз ашық болсын! Бейбітшілік болсын деп бата береді?
– Бейбітшілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Бейбітшілік болса
Алаулап гүл тұрады, Үйлер де құламайды,
Туған жер құлпырады, Ешкім де жыламайды,
Бейбітшілік болса! Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы, Балалар болады аман,
Тірлік те жақсарады, Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса! Бейбітшілік болса!

Елімнің мақтанышы тақырыбына әңгімелесу// Слайд көрсету
Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз, Жеңіс күні 9 – мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға төккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Еліміз өз батырларын ешқашанда ұмытпайды. Олардың құрметіне ескерткіштер орнатылып, мұражайлар ашылған, мектеп ,көшелерге есімдері берілген.
Ұлы Отан соғысында от пен оқтын ортасында жүріп, жерін жаудан тазартып, елін қорғаған қаһарман батыр-жазушымыз Бауыржан Момышұлына Астана төріне биіктігі 16 метр ескерткіш орнатылған.
Ал Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының ержүрек, қайсар батыр апамыз Әлия Молдағуловаға ескерткішін орнатты.
Сергіту сәті: Жұмсақ қуыршақ пен жауынгер /Балалар бір сапқа тұрады. Жауынгер болып тік тұрып, бір сәт қимылсыз қатып қалады. Қуыршақ сияқты денелерін босатып, алға еңкейіп, қолдарын төмен салбыратып қояды. Қайта жауынгер болып тік тұрады/
– С. Мұхамедкалиев «Пилотка» әңгімесі. Оқу. Талддау
Ой толғау
– 9 мамыр –қандай күн?
– Жеңіс күні
Қандай Ұлы Отан батырларымен таныстық?
– Оларды неге батыр дейміз?
Жеңіс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Аңсар: Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама
Жеңіс келді әке боп,
Елдігі бар балаға.
– Біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
– Дұрыс айтасыңдар, кең байтақ, бай өлке Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.
– Қазақстанның рәміздері қандай?
– Елтаңба, ту,гимн
– Қазақстан туралы тақпақ айтып берейік
Айдана: Қазақстан-күн елі,
Қазақстан гүл елі.
Бақыт құшқан ұл-қызы
Күндей болып күледі.
Аружан: Қазақстан –тау елі,
Қазақстан-бау елі.
Әуеніне бұлбұлдың
Қосылады әуені

ӘН «Отан»
Слайд бейбітшілік өмір
– Балалар! Сендер ең бақытты балаларсыңдар. Себебі, Отан сендерге бар қамқорлығын жасап жатыр. Сол үшін Қазақстанымыз гүлдей, жайнай берсін дейік.

Үйге тапсырма 1 топ Отан туралы мақал жаттап әкелу, 2 топ «Менің Отаным»суретін салу, 3-4 топтар тақпақ жаттау

«Зырян қаласының № 9 орта мектебі» КММ

Отан оттан да ыстық…
Даярлық тобы 0«Б»

Сынып жетекшісі:Г.О.Тлеукенова

Зырян қаласы,
2015жыл

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *