Басы » Tәрбие сағаттары » Менің әкем алтын

Менің әкем алтын

altАқтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы

Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Турмаханова Улмекен Абдикеровна

Сабақтың тақырыбы: «Менің әкем алтын» 

Сабақтың білімділігі:  Жанұядағы әке орнының биіктігін дәріптеп, әке – болашақ тұтқасын тәрбиелеуші, маңызды тұлға екенін көрсету.

Сабақтың тәрбиелігі:  Әке қатал болса да,

                                      Сыйлау оны бір құрмет.

Дамытушылығы: Танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:   Жаңа материалды меңгерту..

Сабақтың әдісі:  концерт, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар т.б.

Сабақ барысы:

  1. Кіріспе.

  « Адамға ең бірінші білім емес,рухани тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім-азаматтың қас жауы.ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген ұлы ғұлама әл-Фараби.

    Олай болса білім бере отырып елін, жері сүйетін азамат тәрбиелеуде әкенің алар орны ерекше.Әке ұлы күш пен сабырлықтың иесі.

Музыка.(әуен ойналып ,тақпақ хормен айтылады)

Қуанып арайланған ақ таңға,

Қуанамыз жақсылық болып жатқанға

Қош келіпсіздер, сабырлы,

Асқар таудай біздің әкелер

Сәлем беріп бас иеміз баршаңа.

 

1-жүргізуші: Әке – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы, асыраушысы және тәрбиешісі.  Жеті атадан санағанда, екінші ұрпақ.  Әке – өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстырып тұрған алтын көпір.

Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты.  Себебі, әке ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылады.

2-жүргізуші:  Босағамызды босатпай, керегемізді кең, тереземізді тең ткен, ата-бабаларымыздың қалдырған асыл сөзіне мән берейік.  Ақтайлақ би Қанай шешенді сынамақ болып:

1-оқушы: Ақтайлақ –

  • Ер басында бақыт нешеу?
  • Кемдік нешеу?
  • Құлазу нешеу?

Әке: Қанай –

  • Ер басында бақыт бесеу, кемдік – үшеу, құлазу – төртеу.

Астындағы атың жүрдек болса,

Жалғанның пырағы.

Алғаның жақсы болса,

Үй мен қонақтың тұрағы

Әкең – асқар тау,

Шешең – қанар бұлақ

Балаң жақсы болса,

Екі көздің шамшырағы.   Міне, бес бақыт осы.

 

Атың шабан болса,

Жағанның азабы.

Алғаның жаман болса,

Дүниенің тозағы.

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.   Міне, үш кемдік – осы.

 

Қалың ел көшсе,

Көл құлазиды.

Қаптаған мал кетсе,

Бел құлазиды.

Нарқын танымаған,

Сөз құлазиды.

Қатарынан айырылған

Шал құлазиды.  Міне, төрт құлазу – осы.

— Бәрекелді таптың балам, — депті Ақтайлақ.  Енді маған жұмбақ айт.

Қанай: — Ажалды қарға бүркітпен ойнайды деген, мен сіздей білгір дүл-дүлге жұмбақ қоя алмаймын.

2Негізгі бөлім.

2-жүргізуші:  Құдайым бізді құлазу мен кемдіктен сақтасын.

Асқар тауы мен қайнар бұлағының жағасындағы құрақтарымыз бен ұрпақтарымыз аман болсын дей отырып, кешімізді бастаймыз.

 

Айсұлу:  Иә, Әке – асқар тау,

               Ана – бауырындағы бұлақ,

               Бала – жағасындағы құрақ.

Сол асқар тауға балаған әкелерімізді дәріптейтін кешіміздің тақырыбы:  Менің әкем алтын. Олай болса, кешімізді өздеріңізге арналған әннен бастауды жөн көрдік.

ӘН: «Әкешім» — орындайтын қыздар тобы

Аружан: «Әке» монолог.

 

1-жүргізуші: Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ.  «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз.

Олай болса, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы не? (жақсы тәрбиесі)(әкелер пікірі)

Ал, енді біздің, яғни – әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлі қаншалықты дәрежеде?  Бұл сұрақпен сіздердің алдарыңызға мектептің психологы Шыныбаева Л.С. келмек.

Ақорын:     Бір құрмет.

Әке қатал болса да,

Сыйлау оны бір құрмет.

Әке қандай болса да,

Қорқу одан бір құрмет

Әкенің бір сөзіне

Ешқандай тыйым жетпейді.

Әке қатал сөз айтса,

Есіңнен еш кетпейді.

Әкесін сыйлай білгендер,

Көгереді көктейді.

Байсауов Алдияр:   Әкеме.

Балаға деген мейірің бөлек,

Әкелік үлкен тілекке бөлеп.

Азамат болып өссе деп бізді,

Көрсеттің әке, үнемі көмек.

Талпынып жүрмін ұшуға шыңға,

Еңбегің әке сіңбейді құмға.

Қазақтың қайсар қызы боп өсіп

Танытам әлі атыңды мыңға.

ӘН:  «Әкешім» орындайтын Мерейім.

 

Әке мен бала. (кілтипан)

  • Әке, көзіңді тарс жұмып, қол қоя аласыз ба?
  • Қойғанда қандай.
  • Онда, тарс жұмып күделігіме қол қойып беріңізші…
  • Тапқан екенсің ақымақты! (баласына тап береді,

баласы қаша жөнеледі.

Көрсетейін мен саған көзді жұмып қол қойғанды.

*********

  • Ал, тағы не болды?
  • Мұғалім бізге: Балалар, осы бізге ай жақын ба, әлде Италия жақын ба? – деді.
  • Не дедің? –
  • Италияны осы жасқа келгенше өзіңізде көрмеген шығарсыз, ай болса күнде төбемізде, әрине, ай жақын дедім.

                          *********

  • Сенің күнделігіңде неге екелік көп?
  • Өйткені, мұғалім менен сабақты көп сұрайды.
  • Сенен басқа сұрайтын бала жоқ па?
  • Олар сұрамай-ақ сабақ айтады.
  • Сенде сұрамай-ақ сабақ айт
  • Оқымасам не айтам.

Сізсіз әке – ең ақылды, ең шыншыл

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала жүрек тілегін.

2-жүргізуші:  Пәк үмітке ұқсап тұрған үзілмей,

Алғырлығы ұстараның жүзіндей.

Беу, балалық, тәттісің ғой, тәттісің,

Бала тілегі әнімен тәттісің.

1-жүргізуші: Қазіргі таңда қоғамдағы масқара саналған бейшаралар, залымдар, ішкіштер, нашақорлар және тағы басқалар кешегі тәрбиесіне мән берілмеген балалар.  Ал, біздің жауапсыздығымыздың кесірінен ертең өкшемізді қандай ұрпақтың басатынын бір сәт ойланып көрдік пе?

(Әкелер пікірі)

3Қорытынды.

КӨРІНІС:    «Әке мен бала»

2-жүргізуші:  Бірде тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты.

Сонда Төле би: — Бата – басқа, қына тасқа, ақыл – жасқа не қалайсыз балам?

— Сонда Жетес:  «О, қасиетті баба!  Ат берсеңіз, өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз бір өсиет айтсаңыз соған ризамын» — депті

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп елдің ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе көпшілікті сағала

Өзіңе-өзің кәміл бол

Досыңа адал бол, Әумин!

 

Аман болшы

Әкем менің – тірегім

Қателігімді кешірген

Анам менің – жүрегім

Әлпештеген өсірген

Бала қамын ойлаған сипап қойып басымнан

Аман болшы, ата-анам

Алыстамай қасымнан.

Осымен әкелерге арналған кешіміз мәресіне жетті.

 

ӘН:  «Ризамын».

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *