Жұбатова Гулфайруз Убайдуллаевна
№2 Қаратау колледжінің «Электргазбен пісіруші»
мамандығының ІІ санатты өндірістік оқу шебері
Тақырыбы: «Кім болам? Қандай болам?»
Мақсаты: білімділік — мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр — сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу
Кіріспе сөз:Бұл сұрақ біздің бітіруші сынып білімгерлерін толғандырады. Олар осы сұраққа жауап алуға тырысады. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық — дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Білімгерлерге осы толғандырып жүрген сұраққа жауап беретін бүгінгі біздің қонақтарымыз: «Біздің сүйікті дәрігеріміз»-Абдинабиева Мадина Қобыланқызы, кітапханашы- Исакова Рыскүл Мелісқызы, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаз-Нарыкова Любовь Алексеевна.
«Кім болам? Қандай болам?»
Осы сұраққа бүгін жауап беру ретінде сыныптан тыс іс-шараны ашуға рұқсат етіңіздер.
Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене
Айналаң толған мамандық
Айналаң толған өнеге
Тыңдайық кәне ойлайық
Білімге терең бойлайық
Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғасын
Соқса да дауыл, өрт болсын өмір
Қанаттар балғын талмасын
Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау әр шәкірттің арманы. Әркім өзінің жұмысын қызықты болуын қалайды. Мамандық алғың келе ме?
Мұғалім: Келесі сөзімізді психологына береміз:
Психолог: Маған білімгерлер арасынан «Болашақта кім болғың келеді?» атты сауалнама жүргізу тапсырылған еді. Сол сауалнаманың қорытындысы мынадай болды:
10%-экономист
20%- программист
11%-менеджер
7%- дизайнер
6%- актер
2%-модельер
2%- әскери адам
Мұғалім:Бүгін бізде қонақта әртүрлі мамандық иелері. Бұлар құрметті және керекті маман иелері, себебі әрқайсысы өз жұмыс орындарында адал қызмет атқаруда.
Құрметті қонақтар, өздеріңіздің мамандықтарыңыз туралы айтып берсеңіздер.
( Қойылған сұрақтар: Сіз өзіңіздің мамандығыңызды ең қажетті мамандық деп санайсыз ба?
Осы мамандығыңызды кімнің көмегімен таңдадыңыз?
Кәсіби өміріңіздегі ең қызықты және ең қиын сәттеріне тоқталсаңыз?
Мұғалім: Қазіргі сіздің айтқан әңгімелеріңіздің біздің білімгерлерге көмегінің көп болатындығына сенеміз. Сіздерге музыкалық сәлем жолдаймыз.( музыкалық үзіліс)
Құрметті білімгерлер! Біздің өмірімізде «кім болам?» деген сауалға жауап іздейтін уақыт болады. Мыңдаған мамандықтар ішінен бір мамандықты таңдау- өте қиын, ал бұл болашақта адамның өмірдегі ең басты- өмірге, жұмысқа деген қанағаттануына байланысты болады. Әлемде әртүрлі мыңдаған мамандықтарбар. Олардың пайда болуы ғасырлар қойнауына созылады. Мысалы, отжағушы, жылқышы, мұржа тазалаушы т.б. Қоғамдық пікір сауалнамасы бойынша, кейбір жасөспірімдер жаңа мамандықтар бар екендігінен хабарсыз екен.
ХХІ ғасырдың жаңа мамандықтары мыналар:
Бизнесмен, банкир, компьютер қызметкері, социолог, эколог, эколог, менеджер, агент,бренд-менеджер, мерчендайзер, супервайзер, риэлтор, жарнама бойынша менеджер, нотариус.
Банкир— банк иесі немесе банктің ірі акционері. Банк қарыз беруші мен қарыз алушының делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме.
Бизнесмен-дара адамдар. Бизнесмен болу үшін адамның өзіне тән қасиеттер болуы керек. Оны дараландыратын арнайы қабілеті және белсенді болуға биімділігі.
Менеджердің міндеті- жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және тексеру.
Нотариус— заң жайымен түрлі істерді отқарып отыратын, шарттарды, өсиеттерді, сенім-хаттарды т.б куәләндыратын, толтыратын қызметкер.
Бренд-менеджер, мерчандайзерлер, супервайзер, жарнама бойынша менеджер-өз атын бәсекелес мекемелерден бұрын өткізу үшін адамдарға дұрыс жеткізе білетін маман иелері.
Риэлтор— казіргі таңда адамдар бір нәрсені сатып алу немесе үй ауыстыру қажет болса, риэлторьарлық пайдалы және қалай жұмыс істеу керектігіне көмектеседі.
Енді біздің іс-шарамыздың мақсаты- жастарды мамандық таңдай білуге көмектесу болғандықтан, сіздер мамандық 5 түрге бөлінетіндігін білулеріңіз керек. Соны мен ойын түрінде таныстырып кетсем деймін.
Мұғалім: Ал енді сіздердің мамандық жайлы қаншалықты білімдар екендіктеріңізді екендеріңді тексеріп көрейік: І тур
- Қазіргі таңда «Қасқыр және лақ» ертегісіндегі қасқыр кім болып істер еді?( пародист)
- «Простоквашино» мультфильміндегі мысық кім болар еді? (коммерсант, фермер)
- «Қызыл телпек»? ( әлеуметтік қызметкер)
- Пропан қыздырғышымен жұмыс істейтін , күні бойы аяғымен тұрып, 60-90 С жұмыс істейтін және тек орыс халқы ғана істейтін мамандық? (пеш үрлеуші)
- Қай патша 14 түрлі мамандық иесі болған? Атын ата? ( 1 Петр)
- ЭВМ мен сиырдың екеуінің қандай ұқсастығы бар? Яғни екеуін қай мамандық иесі басшылық етеді?( оператор)
ІІ тур
Қазір сіздерге қандай да бір мамандыққа мінездеме беретін сөз оқимын, ал сіздер қай мамандыққа жақын екенін табасыздар.
Өте тәтті, ақшалы, тіл табысқыш, күлдіргіш, байыпты.
Мұғалім: Өткен аптада біздің 2 білімгерімізге шығармашылық жұмыс түрінде үй тапсырмасы берілген еді. Тақырыптары:1. Мамандық таңдау жолы
- Мамандық таңдаудың әдіс-тәсілдері
1 білімгер:
Баланың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс -әрекеті оның кейін әлеуметтенуінде өте үлкен мәнге ие. Мамандық таңдауына , рухани құндылықтарға ие болуына , әртүрлі адамдармен араласуға , мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді. Бұған мыналарды жатқызуға болады: жас жеткіншектің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі,өзінің өмірлік позициясын қорғай алу, қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу құқықтық мәдениетті дамыту. Соңғы кезде жоғары сынып оқушылары тарапынан тұрмыстық және өндірістік дизайн, гүл өсіруші және бақташы, әр түрлі аңдар асырау сияқты қызығушылық артуда. Мұндай жұмыс түрі қосымша білімді қажет етеді. Мектеп түлектерінің мамандықты дәйекті түрде таңдауы туралы нақты ақпараттар құруға еңбек нарығында олардың қажеттілігін қамтамасыз етуге міндетті.
2 білімгер:
Мамандық таңдаудың 2 әдіс-тәсілі бар.
Бірінші әдіс- сынақ және қателік, нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп, әртүрлі салада жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын да сыйлайды. Бұған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін.
Екінші әдіс-қандай мамандық таңдаса да әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін, ойын , есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу. Өзіміз туралы білген соң, мамндық әлемімен танысуға , сол мамандықтағы өз мүмкіншілігіңді , адамның маманға сай болу жөнінде білуімізге болады. Тағы да үшінші жолы бар. Ол өз ата-анамыздың мамандығын таңдау. Мұндай жағдай егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады. Бірақ ең бастысы-адамның өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ. Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойнына алады.
Мұғалім:
Мамандық таңдау-бір минуттық іс емес, ол сенің өміріңдегі ең қиын таңдау болуы мүмкін. Ата-анаңның сен міндетті түрде юрист, доктор болуың керек деген кеңесіне ермеуің керек. Сен бұл кезде өмірдегі ең бақытсыз болуың мүмкін. Өзіңнің немен айналысқың келетініне жақсылап ойлан. Міндетті түрде арманыңды іске асыру жолдарын жоспарла. «Мен бизнесмен болам. Машинам болады» деген оймен тоқтауға болмайды. Достарың түсетін оқуға тұспе. Жаңа достар тауып, өзіңе ұнаған жұмыспен айналысатыныңа сен. Өзіңе ұнаған мамандық туралы көбірек білуге тырыс. Мүмкіндік болса, кейін өзің жұмыс істейтін жерге барып, сол іспен айналысатын адамдармен сөйлес. Өз-өзіңе бұл таңдау түпкілікті болмай, өміріңнің кез келген кезеңінде өзгерістер болатынын ойла. Қорқыныш сезіміне берілме- бұл сезім кез келген адамның таңдауы алдында кездеседі. Кейде жұмыс жолын практикадан бастаған пайдалы. Бүгін білгің келетін нәрсені , ертеңге қалдырма. Қалай түсесің, қалай оқисың. Бітірген соң қандай жұмысқа орналасасың, осының бәрін білуге тырыс. Мектепішілік сыныптан тыс іс-шараларға міндетті түрде қатысуға тырыс- бұл қоғамда, ұжымда адамдармен қарым-қатынас жасау жолдарын және олармен тіл табысуға үйретеді.
Әркім бұл өмірде өз орнын табады, сенің кім болатының маңызды емес, сенің қандай адам болып ,өз еліңе, Отаныңа пайда келтіретінің маңызды.