Басы » Физика » Қайнау. Меншікті булану жылуыбет 152

Қайнау. Меншікті булану жылуы

karlaҚызылорда облысы  № 5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қиянбекова Қарлығаш

Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы.

Сабақтың білімділік мақсаты:, Буланудың екінші тәсілі қайнау процесімен оқушыларды таныстыру, меншікті булану жылуы туралы түсінік беріп, формуласын түсіндіріп, есептер шығарту арқылы игерту, сапалы білім беру;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды көп ізденуге, сауаттылыққа, ұқыпты болуға,  тазалыққа, шапшаңдыққа баулу;

Сабақтың дамытушылық мақсаты:  Логикалық ой-өрісін,сабаққа деген ынтасы мен  қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту

Сабақтың әдісі: Топтық,өзара оқыту, сұрақ – жауап, проблемалық.

Сабақтың құрал-жабдығы: мультимедия тақтасы, бор,    электронды оқулық.

Сабақтың көрнекілігі: сурет, кеспе  қағаздар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, қазақ тілі, география.

Сабақтың барысы:          I Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесіп, оқу-құралдарын түгелдеу. Топқа бөлу, сабақтың мақсатын айтып өту.

Сабаққа қызығушылығын ояту.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан 2030 жылы Орта Азия барысына айналады» — деген сөзін білесіңдер, яғни Қазақстан Орта Азия елдерінің ішінде биіктен көрінуі үшін біз, Қазақстан жастары білімді болуымыз керек. Биыл тәуелсіздігімізге, бейбітшілік пен жасампаздығымызға  20 жыл екенін білеміз. Суретке қарасаңдар шың басындағы барыс пен оған шығар жолдың баспалдақтарын көріп тұрсыңдар. Сол баспалдақтың алғашқысы үй тапсырмасы.                                       

II Үй тапсырмасы

1-баспалдақ

  1. Ауаның температурасы 20˚С. Ауадағы су буының қысымы 1160 кПа, ал осы температурадағы қаныққан бу қысымы 2330 кПа болғандағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы.

Шешуі: φ=1160кПа/2330кПа*100%≈ 50%

Жауабы: ≈50%

Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

  1. Қандай буды қаныққан бу деп атайды?
  2. Қандай буды қанықпаған бу деп атайды?
  3. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?
  4. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады?
  5. Шық нүктесі деп нені айтады?

 

ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру

Сабаққа эпиграф:

Бу шығармай ұстасаң —                               Попробуй пар не выпускать –

Шәйнегің бомба боп атылар!                   И чайник может бомбой стать!

В. Марков.

 

Жақсы шығарылған, ыстық шайдан артық не бар? Бәріміз шәйді қалай шығарылу керектігін білеміз. Шайды шығармас бұрын, суды қайнатып алуымыз керек.

Бүгін біз сабақта «Қайнау. Меншікті булану жылуы» тақырыбымен танысамыз.

Қазір біз қайнау процесін бақылаймыз. Электронды оқулықпен жұмыс.

Қайнау процесін бақылау: көпіршіктер, жоғары көтеріліп жоғалып кетуі, ызыл, көпіршіктердің судың бетіне жетіп жарылуы, судың қайнауы.

Суды қыздыру. Қыздырған кезде құтының үстінгі жағында пайда болған тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Осы кезде, ызыл естіледі. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Сұйық қайнайды. Сұйық температурасы өзгермейді. Осы температура сұйықтың қайнау температурасы деп аталады.

2-баспалдақ.

Ал енді қайнау процесінің жұмбағын шешейік

Жауабы:

1.Құтының үстіңгі жағынан тұманды байқауға болады.  Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.

  1. Бұлар — судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері.

3.Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері  біртіндеп  үлкейе береді.

  1. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі.
  2. Көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.

 

Оқушылар анықтаманы өздері қорытады: Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін мұндай қарқынды кебуді қайнау деп атайды.

Есіңе сақта!

  • Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді.
  • Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.

Кейбір заттардың қайнау температурасы, °С

(қалыпты атмосфералық қысымда)

Сутек               -253 Су                      100 Сынап                  357
Оттек               -183 Сүт                    100 Қорғасын             1740
Эфир                 35 Спирт                 78 Мыс                      2567

 

Қайнау процесі үзбей жүріп тұруы үшін сұйыққа сырттан үнемі энергия беру керек. Бұл жағдайда қайнайтын сұйықтықтың температурасы барлық уақытта тұрақты болып қалады.

Демек, қайнау температурасында барлық жеткізілген энергия сұйықтың булануына жұмсалады. Әр сұйықтың неғұрлым көп массасын буландыру үшін соғұрлым көп жылу беру керек. Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әр түрлі жылу қажет болады.

Заттардың булануға қабілеттілігі меншікті булану жылуымен сипатталады. Меншікті булану жылуын r  әрпімен белгілейді.

Меншікті булану жылуы (r) деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.

 

Кейбір заттардың меншікті булану жылуы, Дж/кг

Су                                   2,3*106 Эфир                                   0,4*106
Аммиак (сұйық)          1,4*105 Сынап                                0,3*106
Спирт                            0,9*106 Ауа (сұйық)                      0,2*106

 

 

 

 

 

 

 

IV Есептер шығарту

3 — баспалдақ        

Үйрен, үйрен өмірден

Жақсы емес көп бөгелген

…                                          Оқушылар жалғастырады.

11- жаттығу

3) 100°С-тан 0°С-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия мөлшерін бөледі?

 

Жауабы: 94*105Дж

 

4) 10кг суды 100°С-та буға айналдыру үшін 23*106Дж энегия жұмсалады. Осы температурадағы су буя түзілісінің меншікті булану жылуы қандай?

 

Жауабы: 2,3*106Дж/кг

 

7) Шәйнектегі бастапқы температурасы 100°С судың 0,5л көлемі бу болып ұшып кетті. Сонда қанша жылу мөлшері артық жұмсалады?

 

Жауабы: 1,15*106Дж

 

8) Массасы 0,75кг суды 20°С-тан 100°С-қа дейін қыздырып, одан кейін 200гр бу алу қанша энергия жұмсалады?

 

Жауабы: 2,3*106 Дж/кг

 

V Сабақты бекіту

4-баспалдақ      Жүгіртпе тест

Тест сұрақтары

  1. Булану дегеніміз:
  2. Сұйықтың молекулаларының  кез-келген бағытта таралуы
  3. Сұйықтың буға айналу құбылысы
  4. Шапшаң қозғалатын молекуланың қозғалысы
  5. Заттың сұйық  күйде болуы
  6. Сұйықтың бетінде жүретін булану ……….. деп аталады.
  7. Кебу
  8. Булану
  9. Кристалдану
  10. Қатаю
  11. Қаныққан бу дегеніміз —
  12. Өз қысымы тұрақты болатын бу
  13. будың концентрациясы
  14. температурасы өзгермеген кездегі бу
  15. өз сұйығымен динамикалық тепе — теңдікте болатын бу
  16. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өрнегін көрсет:
  17. φ=P/Pқ*100%
  18. φ=s/t0*100%
  19. φ=P/m0*100%
  20. φ=P/v0*100%

 

  1. 5. Шық нүктесінің анықтамасын көрсет:
  2. ауадағы су буының қанықпауы
  3. салыстырмалы ылғалдылықтың жоғары температурасы
  4. бу қаныққан күйге өткендегі, ал салыстырмалы ылғалдылықтың 100 пайызға тең болған кездегі температурасы
  5. жердегі өмір сүруге қажетті жағдай
  6. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құралды көрсет.
  7. Таразы
  8. Спидометр
  9. Психрометр
  10. Термометр
  11. Меншікті булану жылуының анықтамасын көрсет.
  12. Сұйықтың агрегаттық күйі
  13. Сұйықтың 1 кг-ын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу.
  14. Салыстырмалы ауаның ылғалдылығындағы жылуы
  15. Заттың булану қабілеті
  16. Меншікті булану жылуын қандай әріппен белгілейді?
  17. r
  18. μ
  19. λ
  20. φ
  21. Меншікті булану жылуының өлшем бірлігін көрсет:
  22. Дж
  23. Км/Сағ
  24. м/с
  25. Дж/кг
  26. Балқу жылуының өрнегін көрсет:
  27. λ=Qm
  28. λ=mq
  29. λ=mt
  30. λ=Q/m
  31. Меншікті балқу жылуы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
  32. Дж/кг
  33. Дж/м
  34. Дж/м3
  35. Дж/с

 

  1. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесін қалай айтады?
  2. Балқу
  3. Булану
  4. қатаю
  5. Кебу

 

  1. Жылу мөлшерін есептеудің формуласы:

А)                         В)              С)            Д)

 

  1. Жылу берудің қай түрінде зат тасымалданады?

А) Конвекция

В) Жылуөткізгіште

С) Сәулешығаруда

Д) Электр өткізгіште

 

  1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?

А) Дж

В) Кл

С) Н

Д) Дж/кг

 

  1. Отын жанғанда жылу мөлшерін есептеу формуласы:

А)

В)

С)

Д)

VI Қорытынды: Шыңға шыққан топ  шың басындағы Елбасының мына сөзін оқиды:

«XXI ғасыр жастары білімді де жігерлі, мықты денсаулық иесі, жалқаулыққа бой алдырмайтын, кез-келген қиындықтардан өтуге қабілетті де, қағылез, спорттық бапта болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».

VII Үйге тапсырма  §18 11-жаттығу,  №1,2,3,5,6 есеп

ҮІII  Бағалау

Сабаққа араласқан, сұрақтарға жауап берген, есеп шығарған оқушылар (жетон жинаған) бағаланады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *