№2 Қаратау колледжінің ІІ санатты арнайы пән
оқытушысы
Тақырыбы: «Сабақта қосымша материалдарды қолдану әдіс- тәсілдері»
Әл- Фараби “Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік” деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыруды) ұсынды. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырады олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды.
Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар- атап айтсақ: плакат,кесте,картина, карта,тақтадағы суреттер,үлгілер көрсетіледі.
Бұл әдісті қолдана отырып, оның көрсетілуі әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Оқытушының алдына қойған мәселесі материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Берілген диаграммалар, таблицалар мақсатты түрде қолданылады.
Демонстрациялық әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино- фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. Бұл әдістің сапасын көтеруге,оъектіні дрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар әдістерді педагогтың біліктігіне қарай пайдалана білу үшін қолданады.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі- жеке тұлғалар қолданылатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді қолға алуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер , көрнекілік әдістерін оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
- Көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
- Көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
- Демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
- Иллюстрацияның ең бастысы, мәндісін нақты бөлу;
- Құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
- Демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
- Көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.
Кейінгі кезде білім беру саласында ғаламтор ақпараттарын оқу үрдісінде қолдану күнделікті әдетке айналуы тиіс. Мысалы: ағылшын тілін үйретуде. Себебі бейнематериалдар үйренушілердің ойын қозғап қана қоймай, оларға эмоциялық, сезімдік деңгейде әсер етіп, көрініс түрінде есінде қалады, басқа халық өкілінің сөйлеу мәнері, қимыл- қозғалыс ерекшеліктері, әдеп- дағдылары жайында түсінік береді. Бейнематериалды көргеннен кейін берілген тапсырмалар тақырыпқа байланысты әртүрлі болып келеді:
- Кесте толтыру;
- Көрілген оқиғалардағы әрекеттердің болған ретін қалпына келтіру;
- Кейіпкерлердің айтқанын жазып алу;
- Жаңа тақырыпқа байланысты сөздердің айтылуын есте сақтап, қайталау;
- Видеоны көріп болған соң, мазмұндама немесе пікір жазу;
Кей кезде тапсырманы орындау үшін видеоны екі не үш рет көругетура келеді. Уақыт өте келе білімгерлер видеоны қатты зейін қойып көруге , мұқият тыңдауға, байқампаз болуға үйренеді. Тапсырманы орындау үшін айтылып жатқан мәтіннің мағынасына 100 пайыз түсіну міндетті емес екенін ұғады.
Бейнематериал тым ұзақ, бірсарынды болса, оқушы тез жалығып, қызығушылығын жоғалтуы мүмкін.
Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймай, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қорытындылауда кеңінен қолданады. Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану,оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын ұйымдастыру.
Бұл әдіс:
- Шет тілі сабақтарында;
- Тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында өмір мен білім байланысын бекіту, тест өткізуді ұйымдастыру.
Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, мақсаттығымен ерекшелінеді. Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы біліктілігін, олардың іс- әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.
Сабақта нақыл, қанатты сөздерді қолдану әдістерін пайдалануға болады. Мысалы: тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «Қайталау – оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін кесте толтырғызып, сабақты бекітуге болады.
Шынайы тарихты қолдану жолдары: тарауды байланысты жаңалық ашқан ұлы адамдар немесе техниканың шығу тарихына тоқталып кету.