Басы » Химия » Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері.

Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері.

Алматы облысы

 Балқаш ауданы

 Бақанас орта мектебі 

Суанбаева Роза Шаяхметқызы

Химия пәнінің мұғалімі 

Пән аты Химия 8 сынып
 

Тақырыбы

Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері. Уақыты
Мақсаты Қышқылдардың жіктелуі, алыну жолдары, тиісті реакция теңдеулерін дұрыс жазуға баулу.  
Міндеттері Оқушылардың қышқылдар туралы білімідерін одан әрі дамыту.Химиялық реакция теңдеулерін жазуға, сөйлеуге баулу,Оқушылардың қызығушылықтарны арттыру мақсатында, қышқылдар жайлы ақпарат қабылдай отыра, білімдерін саралау.Қауіпсіздік ережесін сақтауға баулу.Ізздемпаздыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу.  
Сабақтың типі Жаңа сабақты меңгерту  
Сабақтың әдіс-тәсілі Топтық, жекелей, зерттеу,есептеу  
Сабақтың түрі Жарыс сабақ  
Көрнекіліктер және құралдар мен реактивтер: Сызбалар, слайд-шоу, электронды оқулық  , бейнефрагменттер  
І Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа дайындау

Критералды бағалау жүйесімен таныстыру

1-2
Оқушыларды білімді, саналы

және белсенді түрде меңгеруге дайындалу кезеңі

-Бейорганикалық қосылыстар қаншаға бөлінеді?

-Қышқылдар несімен қызық?Олар табиғатта және адам өміріне қажет пе?

Біздің қоршаған қышқылдар өте көп.Бізге қышқылтым дәмі бар қымыз, шұбат, лимон, алмабұрыннан таыс.Бұлардан басқа май , сүт, сірке, қымыздық, бор қышқылы да кездеседі.Қышқылдар тағамдарда, жемістерде, көкөністерде, соустарда, дәмдеуіштерде және дәрігерлердің құрамында кездеседі.Табиғатта сірке және күкірт қышқылдарын шашатын құмырсқа, жұлдыз құрттар да бар.Ал мыңаяқты синиль қышқылын бу түрінде шашады.Табиғатта кейбір өсімдіктер соның ішінде қыналардың рөлі өте зор.Олар өзінен қышқыл бөледі.Қышқылдардың адам өміріндегі маңызы зор.Қышқылдар дәрумендер,құрылыс материалы болатын фосфор қышқылының тұздары түрінде, ал адам сқазанында тұз қышқылы түрінде кезеседі.

Екі жақты жазба күнделігі          L

 

Қышқылдар маңызы
Сүт қышқылы Айран жасауда қолданылады
Саустар мен дәмдеуіштер Тамаққа қышқылтым дәм береді
Бор, аскорбин қышқылы Медицинада пайдаланылады
Құмырсқа қышқылы Жауыннан қорғанады, қорегін өлтіреді.
Қына қышқылы Тау жыныстарын бұзады, топырақ түзейді
Фосфор  қышқылының тұздары Сүйеке, тіске, тырнаққа мықтылық, қаттылық қасиет береді.
Асқазандағы тұз қышқылы Ас қорытуға және бактеридцидті, бактериялардың көбеюіне, дамуына жол бермейді.
 

Қышқылдар дегеніміз-металл атомдарының орын алмастыруға бейім  сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі заттар.

Бірнеше химиялық элементтердің формулалары беріледі.

3-4
Жаңа сабақты түсіндіру 1.Қышқылдардың жіктелуі : оттекті және оттексіз

Бір негізді, екі негізді, үш негізді қышқылдардың формулаларын жазу.

2.Қышқылдардың құрылымдық формуласын жазу

3.Қышқылдардың алынуы: Қышқылдық оксидтерден алу тәжірибесін қарастырайық. Суы бар стақанға қатты фосфор (Ү) оксидінің 1-2 түйірін салса, жылу бөліне отырып реакция жүреді.Нәтижесінде ортофосфор қышқылы түзіледі.

P2O5+H2O-H3PO4

  1. Зертханада кейбір қышқылдарды алу үшін қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер етеді

NaNO3+H2SO4-NaHSO4

3.Оттексіз қышқылдардың кейбіреуін сутекпен бейметалды тікелей әрекеттестіріп алады

H2+S-H2S

Қышқылдарға тән ортақ қаиеттерді сызбаснұсқасына сәйкес реакция теңдеулерін жазу:

 

 

Қышқылдар+ негіздік оксидтер—-тұз+су

+металдар——- тұз+сутек

+негіздер——- тұз+ су

+карбонаттар—— тұз+су+газ

Қышқыл ерітіндісін анықтау үшін лакмус пен метилоранж индикаторлары пайдаланылады.

Зертханалық жұмыс көрсетілім №6

Сарамандық жұмыс №4

 

 15-20
Жаңа сабақты қалай қабылдағаныны алғашқы тексеру кезеңдері Оқулықпен жұмыс №7

Берілген реакция теңдеулерін жазу

Na2CO3+HCl-

K3PO4+H2SO3-

Au+H2SO4—

NaOH+HCl-

Есеп шығару: Массасы 12,6 г натрий сульфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзіледі.?

Массалық үлесі: 2,4% сутек, 39,1% күкірт,58,5 % оттектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар

6-7
Білімді қорыт ындылау және жүйелеу ВЕНН диаграмасы ортақ қаиеттері мен айырмашылығын жазу

( Ортақ:қауіпсіздік ережесі ,негіздер қышқылдармен әрекеттескенде тұз және су түзеді, суда ериді, дәстрлі атаулар болады.)

Айырмашылығы: Қышқылдар негіздік оксидтермен әрекеттеседі

Негіздер қышқылдық оксидтермен әрекеттеседі, индикаторларға әсері әртүрлі

 
Үй тапсырмасын беру кезеңі ** 47 №4, 5,6 10 1-2

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *