Басы » Cыныптан тыс » Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (Презентация)

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (Презентация)

Қарағанды облысы, Шет ауданы, С.Сейфуллин кенті, Жарық ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. 3-сыныпқа арналған интеллектуалды сайыс

 

Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Сыныптың 6 оқушысын сайыстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: презентация

 

  1. Ұйымдастыру.
  • Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы ат салысайық.

 

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе — бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

 

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр бойында – дей келе, сайысқы қатысушылармен танысып алайық.

  • Қуатжан Ажар
  • Кенжебай Еламан
  • Жуматай Алия
  • Дауылбаева Жанбота
  • Тастемирова Еркеназ
  • Құдайберген Ерсұлтан

Әр сайыскер өзін таныстырып кетеді.

 

Хормен:

Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір озатты таңдаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен оқушы жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

 

І. Бәйге

ІІ. Жорға

ІІІ. Дода

ІҮ. Эссе

 

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!

Бағалайды әділқазы сіздерді.

Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайыстың ұпайларын санап отыратын сарапшыларды таныстырып өтейін.

 

Ал келіңдер, келіңдер!

Дұрыс жауап беріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

 

Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне.

 

І кезең «Бәйге»

Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.

Әр жауапқа 10 ұпай.

 

  1. Сезім мүшелеріне нелер жатады?

а) көз, құлақ, мұрын, тіл, тері;

ә) жүрек;

б) ми, жұлын;

в) бұлшықет.

 

  1. «Ол ақын болар ма еді?..» деген сөз кім жайлы?

а) Қайрат Рұсқұлбеков;

ә) Қайрат Нұртас;

б) Ляззат Асанова;

в) Коммунар Табей

 

  1. 93-ы нешеге тең?

а) 512;

ә) 729;

б) 343;

в) 216.

 

 

  1. Жастықшалар сөзінің түбірін тап:

а) жас;

ә) жастық;

б) жастықша;

в) жастықшалар.

 

  1. Балалар сөзінің орысша аудармасын тап:

а) дети;

ә) люди;

б) ребенок;

в) малыш.

 

  1. Мұғалім сөзінің ағылшынша аудармасын тап:

а) teacher;

ә) doctor;

б) driver;

в) cooker.

 

І кезең қорытындысы – артта қалған екі сайыскер кетеді.

 

ІІ кезең «Жорға»

 

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.

Арамызда тапқыр достар көп екен,

Соларды енді жарыстырып көрелік!

  • Бұл кезеңде 4 тақырыпта 10,20,30 балдық сұрақтар болады.

 

Математика 10

1 кітап 80 теңге тұрса, осындай 9 кітапқа неше теңге төлеу керек?

(720тг төлеу керек)

 

Математика 20

300 метрді 30 метрден балалар эстафетамен жүгіріп өтті. Эстафетаға неше бала қатысты?

(10 бала қатысты)

 

Математика 30

Ауданы 25 см2 шаршының периметрін тап.

(20 см)

 

Тіл 10

Түбір дегеніміз не?

(Сөздің бастапқы, өзгермейтін, мағыналы бөлігі)

 

Тіл 20

Назови 5 имен на русском языке

(Маша, Вова, Ирина, Наташа, Александр)

 

Тіл 30

Ағылшынша 5 адамның атын айт

(Джон, Смит, Джесика, Альба, Бен)

 

Әдебиет 10

«Бетховен тас керең болса да, ғажап музыка жазған. Байқадамов қазақ әндерін айтуға олақ болғанымен, нағыз қазақи әндерді жазған. Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір-бір Аққұс бар» деген кім?

(Шәмші Қалдаяқов)

 

Әдебиет 20

Әбіш кімнің баласы?

(Абайдың баласы)

 

Әдебиет 30

Шеген ауылы мен Шыңғыс ауылының жылқышыларының арасында болған кикілжін оқиғаның себепкері кімдер?

(Шеген аулының жылқышылары)

 

Әр түрлі 10

Музыкалық сұрақ. Бұл әнді кім орындайды?

(Айгерім Қалаубаева)

 

Әр түрлі 20

Биыл ненің 500 жылдығы аталып өтпек?

(Қазақ хандығының 500 жылдығы)

 

Әр түрлі 30

Немере атасынан : «Жасыңыз нешеде? «деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?

(66 жаста)

 

ІІ кезең қорытындысы – артта қалған екі сайыскер кетеді.

 

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым соған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

 

 

ІҮ кезең «Дода»

Мұнда соңғы екі сайыскерге 13 сұрақтан беріледі. Уақыт көлемі 1 минут. Әр жауапқа 10 ұпай.

 

1-сайыскерге

  1. 13-ы нешеге тең? 1
  2. Затың сынын білдіретін сөздер не деп аталады? Сын есім
  3. Өсімдік қандай топырақта өседі? Құнарлы
  4. «Мен» сөзінің орысшасы. Я
  5. «Қайырлы таң!» сөзінің ағылшыншасы. Доброе утро!
  6. Абайдың шын есімі? Ибраһим
  7. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг

болады?                                                                                  200кг

  1. «Бөбек» қорының басшысы кім? С.Назарбаева
  2. Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз? 16 желтоқсан
  3. Денсаулық — …? Зор байлық
  4. Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл? 70
  5. Түскі сағат екіде не басталады? Сабақ
  6. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут

піседі?                                                                                      4 мин

 

2-сайыскерге

  1. 103-ы нешеге тең? 1000
  2. Затың санын білдіретін сөздер не деп аталады? Сан есім
  3. Өсімдік қандай топырақта өспейді? Құнарсыз
  4. «Сен» сөзінің орысшасы. ты
  5. «Сау бол» сөзінің ағылшыншасы.                    досвидание
  6. Сабалақтың шын есімі?                    Абылай
  7. Күшік 4 аяғымен тұрса 1 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг

болады?                                                                                  2кг

  1. Мектептің басшысы кім? директор
  2. Жеңіс күнін қашан тойлаймыз?                    9 мамыр
  3. Оқу – білім азығы, …? білім – ырыс қазығы
  4. Биыл Қазақстан халықтарының ассамблеясына

неше жыл?                                                                              20 жыл

  1. Еңбек сабағы қай күні болады?                    сенбі
  2. 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма?                  Тең

 

Ұпайлар саналады.

 

ІV. кезең

 

Менің болашағым – шағын эссе 5 минут беріледі.

Қорытынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *