ШҚО, Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мектебі» КММ
аға тәлімгер Нуркасынова Динара Есенбековна
«Темекі шеккенің-өзіңді құртқаның»
(тәрбие сағаты)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға темекінің зияны көрсете отырып, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, брошюралар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
Негізгі бөлім
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Табиғат адамға өмір сүруге неше жыл береді?
- Адам өмірін қысқартатың не?
- Зиянды әдеттерді ата?
- Денсаулық сақтау министрлігі әрбір темекі шегуші неден сақтандырады?
- Темекіде қандай зат қауіпті деп саналады?
- Темікі шегу әдепті адам өмірін қанша уақытқа қысқартады?
- Темекі шегуші адамның қасында болу неге зиянды?
- «Темекі шейгудің пайдасы» көрініс көрсету, өз пікірін білдіру.
- Қортынды.
- Үйге тапсырма.
Ұстазым, өзіңмен мақтанамыз!
Дана да басын иетін
Дарын да шексіз сүйетін
Жаныңда мәңгі жүретін
Жаныңды жақсы білетін
Суарып ізгі тілекпен
Жаныңа сенің гүл еккен
Асуды дәйім бірге асып
Қиындықта да бірге өскен
Ұлағатты адам бар.
Ол кім? Деп сен де сұрамайсың
Мен де сұрамаймын.
Жүрекпен бәрін ұғысқан
Ол- ұстаз! Білсең туысқан.
Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ
Сәттерінің бәрінде, қазан айының қоңыр күндері
Мен ілесіп, төл мерекелеріңіз-Ұстаздар күні де келіп жетті.
Құрметті ұстаздар! Дүниедегі ең тамаша мамандық иелері! Сіздерге тек қана ұстаз бақытын тілейміз! Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ, еңбектеріңіз жемісті болсын.
Бүгін осы заманда оқу мен тәрбие жолында аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген мектеп басшылықтары отыр.
Бүгін осы заманда біздің ең алғаш партаға жетелеп әкеп отырғызып әріп танытқан бастауыш сынып ұстаздар отыр.
Бүгін осы залда білімнің биік шыңына жетелеген пән мұғалімдері отыр.
Бүгін осы залда біздің жақсылығымызды асырып жамандығымызды жасырған жанашарымыз- сынып жетекшілірі отыр.
Бүгінгі кеште келген ұлағатты ұстаздар, олар тек қана ұстаз емес, ағайларымыз – өз отбасының үміт артар тірегі, асқар тау әкелер.
Апайларымыз ұл-қыз өсіріп отырған жанұяларының ұйтқысы, ардақты аналар.
Ұстаздарым, биік тұлға байсалды
Құшақ жайып өз мерекен қарсы алды
Қуанышты жарқын тілек білдіріп, құттықтаймыз ұстаздарым баршаңды.
Ән «Тойға тілек»
Ұстаздар жан анандай аялаған
Нұрланған шуағымсың, саялаған
Айналдық мейірімді жүрегіңмен
Шәкірттен өз бақытын аялаған
Жақсылыққа біздерді баптаған
Ұстазым өзіңменен мақтанам!
Ізгілік сыйлаған біздерге
Мың алғыс, мың алғыс сіздерге!
Ұстаздарым білім берген тереңнен
Бастау алып сол білімнен келем мен
Бағың жанып, біліктерге өрлей бер,
Айтам тілек жүрек жарды өлеңмен
Сіздерсіздер қуанышым, әлім де
Жақсы көрем ұстаздардың бәрін де
Сіздер болып нұр шуағын төксін күн
Шәкірті бар, сәбиі бар үйге.
Биікте жүр менің бала қиялым
Жақсы сөзді өзіңе арнап жиямын
Тірегі де, жүрегі де өздерің
Мектеп атты біліммбергенмұямның
Ізгілікті ои бойына жинаған
Шәкірттерге жан жілуын сыйлаған
Қалап берген ірге тасын білімнің
Мұғалім ол –дүниедегі ең сыйлы адам.
Ұстаз деген өмірінің шырағы
Ұстаз деген білімнің бай бұлағы
Ұстаз деген шәкіртіне ой берген
Жас ғұмырдың тағдырының пырағы
Ұстаз деген ұлы адам ұлылық
Әр ұстаздың жүрегінде жылылық
Ұстаз деген ол екінші ата-ана
Ақылғойі, данышпаны, данамыз
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Мақсаты: Оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз немесе өмірлеріне қауіп тудыраты жағдайларды болдырмау. Зорлық-зомбылықсыз балалық шақтықты өткізу ең басты мәселе. Осы орайда оқушыларға ақыл- кеңестер бере отырып, сұхбаттасу шараларын өткізу.
Сабақтың барысы:
- Баяндама «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
- Балалар үйіндегі тәрбиенушілердің хал-ақуалы (видео фильмдерді көрсету.)
- Мақал- мәтелдер
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның елтаңбасы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып қалыптасады.
Адамды өзара түсініктікке жнткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың білім деңгейі, ата-анадан алығған тәлім- тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ тұындайды. Бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел- бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күннен-күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастармызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Кеңес дәуірі кезінде балаларымызды мектеп тәрбиелейді деп отбасымыздағы ата- ананың рөлін тым босаңсытып алдық . Мектептер оқу мәселесін өздерінің басты міндеті деп санады да, тәрбиелік сабақтарға аса көңіл бөлмеді.
Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек,тірбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы».
Балалар-еліміздің. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру болашаққа қадам бастырып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Ал, ата- анасыз жетімсіреген бала қайтеді?! Осы басты мәселе . Осы орайда оларға көп қөңіл бөлуде. Оларға қаражат бөлініп, оқытып,тоқытып отыр. Дегенмен «Бес саусақ бірдей емес» дегендей оларды қанша жерден бағып , қағып отырса да, бәрін бірдей қорғауға жағдай жетіңкіремейді.
Тек балалар үйінің тәрбиеленушілер ғана емес,қарапайым отбасы балалары да зорлық көруде.Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда. Бұның аяғы неге әкеліп соғарын білмейтін ата-ана бала алдындағы өздерің міндеттелген борышына жауапкершіліксіз қарайды.
Айтылғандары біреудің мәпелеуінде және ата-анасы, панасы бар балалар. Ал өмір есігін ашқалы жатқан балалардың, өмірге келе сала далада қалатынына не кедерсіз?!
Жеңіл жүрісті аналар, үлкен күнә жасап, кеін оған жауапкершіліксіз қараған болашақ әкелер осыған себепкер. Біреулердің етегіне ерген жас қыздар өздерінің алдына не күтіп тұрғанын білмей, нәпсі қуып, зор мақсата жетелеп, артынша балалы болып, ол баланы асырауға жағдайы жетпейді. Әрине, сосын ол өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына, баланың болашағына балта шабады.
Ананың бесік жырынан басталатын қарым –қатынасы,іс әрекет,әдеп-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымның, сана-сезімін, мінез құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Баларлар үйіндегі тәрбиенушілердің хал- ақуалы (видео фильмдер көрсету.)
- «Ұл-қызынды бес жасқа дейін хандай көтер, он беске келгенше құлдай жұмса, одан соң құрбындай көріп ақылдас»
2.«Ақылсыз бала араққа құмар»
3.«Жақсы бала-сүйеніш, жаман бала-күеніш».
4.«Қызың өссе қызы жақсымен, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол».
5.«Баланы жастан».
- «Адамы азған қоғам тозу шаң келеді»
Сөз соңында мынандай тілекпен аяқтағым келеді.
ХХІ ғасырға-21 тілек
ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.
Қазақ елім мәдениетті дамыған әл болсын.
Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.
Елде бейбітшілік орнасын.
Данышпандардың саны көбейе берсін.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.
Сыр елдермен достығымыз нығая берсін.
Экономикамыз өрге бассын.
Салт-дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.
Қазақстан елі- байтақ ел болсын.
Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.
Отандық өнеркәсіп дамысын.
Жастарымыз білімді, мықты болсын.
Мектеп табалдырығында оқушылардың боыйнда имандылық қасиеттерді жетілдіріп, тәлім-тәрбиені жаңғырту, адамгершілік әдетке баулу, рухани мәдениетке үйрету.