ШҚО, Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мектебі» КММ
аға тәлімгер Нуркасынова Динара Есенбековна
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Зиянды заттардан балаларды қорғау.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға темекінің, арақтың, анашаның зияндығы туралы толық мағлуматтар беру. Оқушылардың зиянды заттардан бойын аулақ ұстауы туралы әңгімелер ойындар өткізу арқылы көздерін жеткізу.
Көрнекіліктер: Газеттер, журналдар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Денсаулық және дене тәрбиесі бағыты жайлы бірер сөз.
- Сыныпты 2-топқа бөлу және жұмыс сипатын түсіндіру.
ІІ .«Зиянды заттардан балаларды қорғау» тәрбие сағаты.
Викториналық сұрақтар:
Денсаулық және дене тәрбиесі бағыты жайлы біріер сөз.
Денсаулық және дене тәрбиесінін көздейтін мақсаты.
Салауатты өмір салтын ұстана білетін және уағыздайтын азамат қалыптастыру.Оқушыларды екі топқа бөлу және немен айналысатынын түсіндіру.
«Зиянды заттардан балалрды қорғау».
Тапсырмалар
№1 топтың (жұмыс) тапсырмасы.
Арақтың адам ағзасына тигізетін әсері.
№2 топтың тапсырмасы.
Анашаның адам ағзасына тигізетін әсері.
Екі топт та өздерінің тапсырмасын дәлелдеп, схема түрінде көрсетеді.
Викториналық сұрақтар:
- Арақтың жүйкеге зиянды әсері қандай?
- Алкогольден адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті қалай өзгереді.
- Алкогольден адам денсаулығына қауіптілігі неде?
- Шылым шегудің қандай зияны бар?
- Тыныс мүшелеріне никотиннің зиянды әсері қандай?
- Ауа таза болу үшін қандай шаралар қолданылады?
- Темекінің зияның өз жолдарыңа түсіндір.
- СПИД-ауруы дегеніміз не?
- СПИД- ауруы адамға қалай жұғады?
ГДЕ ОТВЕТЫ НА ВОПРОСЫ