Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы
Б. Бегалиев атындағы орта мектеп
География пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Тақырыбы: Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Мақсаты:
- Оқушылар Африканың физикалық – географиялық орны ұғымын, оның материк табиғатына әсерін, материктер және олардың жеке бөліктерін, зерттеушілерді білу.
- Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Топтық танымдық
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс, ойын элементтері
Сабақтың көрнекіліктері: Африканың физикалық-географиялық картасы, суреттер, трек-сызбалар, глобус, интерактивті тақта
Сабақтың жүру барысы: І ұйымдастыру
А)Оқушылардың қатысын тексеру\Зейінін сабаққа аудару
Б) Оқушыларды топтарға бөлу
ІІ Білімін тексеру
Географиялық фото жұмбақтар арқылы
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту а) материктің географиялық орнын мұғалім түсіндіреді
Африка — Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы — 30, 3 млн. км2, аралдарсыз — 29, 2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта теңізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте — Эль — Абьяд мүйісі (37˚20′ с. е.), оңтүстікте — Игольный мүйісі (34˚52’с. е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км — ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені — Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас — Нгема — Бииого, Принсипи, Сан — Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.
Африканың экватордың екі қапталындағы негізінен тропиктік — экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географиялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай бірін — бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.
Б) Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
В) зерттелу тарихын оқушылар өзі оқып постер қорғайды
Негізгі ұғымдар
“Шығыс Мүйіз”
“Африги”
“Биосфераның Алтын қоры”
Сергіту сәті
Кескін карта мен жұмыс.
1.Африканың шеткі нүктелерін түсіру
- Ең биік жері Килиманджаро жанартауы
- Ең төмен жері Ассаль көлі
Географиялық координаталарды табу
Солтүстікте Бен Сека мүйісі
Оңтүстікте Игольный мүйісі
Батыста Альмади мүйісі
Шығыста Хафун мүйісі
Килиманджаро жанартауы
Ассаль көлі
Тапқыр болсаң, тауып көр”
Масштаб 1см-430 км
Географиялық есептер шығару
Африка материгінің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі арақашықтығын тап
Африка материгінің батыстан шығысқа дейінгі арақашықтығын анықта.
Африка материгінің батыстан шығысқа дейінгі арақашықтығын анықта.
Бұл не?”
сұрақтарына кім тапқыр
Африги
Гибралтар
Гвинея,Сидра
Сомали
Сокотра, Комор, Сейшель
Бенгел, Канар
Қызыл, Жерорта
Сахара, Намиб
Ніл, Замбези
Танганьика, Чад
Төмендегі сұрақтарға өзіңнің пікірің арқылы жауап бер
№ | Сұрақтар | Сенің пікірің |
1 | Африканы не себепті ең ыстық және дүниенің төрт бұрышында жатқан материк дейміз? | |
2 | Егер сен “Африкаға саяхат” жолдамасын ұтып алсаң,қандай жерін тамашалайсың, не себепті? | |
3 | Қызыл теңіздің не себепті суы 41 промиллеге жетіп отыр? | |
4 | Килиманджаро жанартауын суахили тайпасының тілінде “суық құдайының тауы”деп атайды екен, неліктен? | |
5 | “Биосфераның Алтын қорына” Африканың басқа да нысандарын қосар едің? |
Үйге тапсырма: 44-тақырып оқу, түсінік айту
“ Ғажайып Африка әлемі” тақырыбында материалдар,
қызықты оқиғалар жинақтау.
Күні
Сыныбы 7
Тақырыбы: Табиғат кешені
Сабақтың мақсаттары:
- Білімділік Оқушыларды табиғат кешендерімен таныстыру; табиғаттағы болатын құбылыстардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Картамен жұмысты жүргізуге дағдыландыру.
- Тәрбиелік: Табиғаттағы болатын құбылыстарды танып білуге тәрбиелеу және бірін-бірі сыйлауға ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, өзбеттік тапсырмалар орындау
Сабақтың көрнекілігі: Атлас, Д/ж-ң картасы, интерактивті тақта, суреттер, трек-сызбалар
Сабақтың жүру барысы: І ұйымдастыру
А)Оқушылардың қатысын тексеру\Зейінін сабаққа аудару
Б) Оқушыларды топтарға бөлу
ІІ Білімін тексеру
«Ытық орындық» әдісі арқылы
1.Жер бедерін өзгеріске ұшырататын қандай күштер?
2.Төтенше жағдай дегеніміз не?
3.Қандай төтенше жағдайларды білесіңдер?
4.Зілзала дегеніз не?
- Сел қалай пайда болады?
- Опырмалар дегеніміз не?
- Жер сілкінісі не себепті болады?
- Қар көшкіні, қар басу, сырғыма сөздерін сипатта
- Тау тастарының құлауына қандай үрдістер әсер етеді?
- Дауылдар, табиғи өрттер қалай пайда болады?
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту
1.Таиғат кешені
- Географиялық қабық
3.Географиялық қабықтың
заңдылықтары
- Негізгі ұғымдар
Табиғат дыбыстарын беретін музыка қойылады, Табиғат көрінісінің суреті интерктивті тақтада көрсетіледі
Оқушылар суретті сипаттайды
Табиғат –ол су нәрлі, «Су тіршіліктің көзі» деп бекер айтпаған
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
Табиғат — ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір иісі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесіне беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.
Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.
Табиғат — ол Жануарлар әлемі. Жүгірген, аң, ұшқан құс, дала ажары-ақбөкен, әні мен сәні — бұлбұл, су аруы — аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
Бекіту
Негізгі ұғымдар мен жұмыс
1)Географиялық қабықтың тұтастығы ——
2) Зат және энергия айналымы———
3)Тәуліктік ырғақтылық————-
4)Жыл ішіндегі ырғақтылық—————
5) Аумақтық табиғат кешендері—————-
6) Антропогендік табиғат кешендері————-
Постер қорғау
1.Дүниежүзілік су айналымы. Суды қорғау
- Жер қыртысындағы заттар айналымы. Топырақты құнарту.
- Табиғат кешендерінің сызбасын түсіндіру. Табиғатты қорғау
Қорыту
0
Бағалау.
Бағалау парқшалары арқылы оқушылар өздерін өзі бағалайды Әрбір дұрыс жауап 1 балл. Қорытынды бағаны мұғалім қояды, оқушылардың белсенділігін, жылдамдығаын, дұрыстығын ескере отырып
Күні
Сыныбы 7
Сабақтың тақырыбы: Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Мақсаттары;
Білімділігі; Оқушылардың жүниежүзілік мұхит туралы түсінігін кеңейту, дүниежүзілік мұхиттар мен таныстыру
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізденуге, отансүйгіштікке, суды қорғауға, білімалуға баулу
Дамытушылығы; Оқушылардың мұхиттар туралы біліктілігін, картамен жұмыс жасау, оқулық мәтінін жүйелі түсіну дағдысын қалыптастыра отырып дамыту
Сабақтың түрі; Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,салыстыру, түсіндіру, өз беттік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Д/ж физикалық картасы, суреттер, тірек сөздер
Сабақтың жүру барысы:
1 Ұйымдастыру;
А) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
Ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
2 Білімін тексеру
Сұрақтар топтамасы
1.Мұхит дегеніміз не?
- Жер шарында неше мұхит бар?
- Дүниежүзілік мұхиттың ауданы қандай?
4.Солтүстік Мұзды мұхитына сипаттама бер.
5.Мұхитқа Атлант атауының берілуі туралы не білесің?
- Атлант мұхитының ең терең жері?
- Аталған екі мұхитта қандай табиғи байлықтар бар?
3 Жаңа сабақты меңгерту
Мұхиттардың:
1.Географиялық орны
- Зерттелуі
3.Табиғаты
- Негізгі ұғымдар
Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.
Атлант мұхитымен Ине мүйісінің ш.б.) меридианымен Африкадан Антарктидаға өтетін сызықпен шектеседі. Тынық мұхитпен арадағы шекара°(20 Малакка ш.б.)¢18°түбегінен басталып (98 Суматра, Ява, Сумба, Тимор, Танимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға ш.б.),¢03° о.е., 142¢05°(11 Тасман аралдарына ш.б. меридианымен белгіленеді. Аудандық теңіздерімен қоса есептегенде 76,17 млн. км2, суының көлемі 282,6 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).¢55°өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 146
Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстікжәне Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрылықтарымен шекаралас.
Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15, 8 мың км, шығысынан батысына 19, 5 мың км созылын жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179, 7 млн км², орта тереңдігі 3984м, көлемі 723, 7 млн км³ (теңізсіз есептегенде165, 2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707, 6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасында).[1] Тынық мұхитындағы 180-інінші мередиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.
Мұхиттардың зерттелуі, табиғаты,өсімдіктері мен жануарлары туралы мәтіннен оқып білу 3 қатар оқушыларына беріледі
Негізгі ұғымдар
“Витязь”
“Калипсо”
“Челленджер”
“Отты шеңбер”
“Акваланг”
4, Бекіту
1)Сандық диктант
- 361 млн км. кв——————————————————-
- 11022 метр————————————————————-
- 178 млн км.кв———————————————————
- -1гр +29 гр————————————————————-
- 41 промилле————————————————————
- 91 млн км кв———————————————————-
- 53 пайыз—————————————————————
2) Карта мен жұмыс
Кітаптың соңындағы қосымша кестені пайдалана отырып:
А) Мұхиттардың Ірі аралдарын табу, кескін картаға түсіру
Ә)Мұхиттардың теңіздерін анықтау
Б) Географиялық координаталарын табу
В) Мұхитты сипаттаудың жоспары мен танысу
5, Қорыту
Мұхиттар туралы алған мәліметттерді топтастыру
- Бағалау Оқушылардың сабаққа белсенділігіне қарай бағаланады
7 Үйге тапсырма
15-57 тақырыптарды оқы
кескін картамен жұмысты жалғастыр
қосымша материалдар жинақта
Мұхиттарды жоспар бойынша сипаттап келу