Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Тенге ауылы; №11 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі,ПБЖ жетекшісі: Сабытаева Бибигул Сарсеновна.
Апталықтың мақсаты:
1. Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабилеттерін тексеру;
2. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту;
3. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен іздене білуге үйрету, өз ана тілі мен қатар ағылшын тілін қурметтеуге тәрбиелеу.
Безендіру: Мектептің кіре беріс холы, акт залы, қабырғалары әр түрлі ағылшынша ұрандардан, бағыттардан, қабырға бұрыштарынан жасақталынды: «” Welcome , to our English Week!,” “ Let’s learn English!”, ” Let’ speak English once week”, “ English language –is a World Language”, “ Do you speak English?’’ and others».
Аптаның алғашқы күні апталықтың ашылу салтанаты болды.
Апталықтың ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсатымен , шарттарымен танысты. Бірінші күннің сайысы «We speak English» атауымен өтті. Бұл сайыста оқушылар сұрақтарға жауап берді,(Answer the question?) мәтін бойынша сөйлемдерді растады.(Is it true?) , суреттерді бейнеледі : (What can you see?)-What is this?, Who is He( She)?, Where are you from?, Where are you just a moment? What subject’s do you like? Who is your Class Teacher? Who is your English teacher? How many letters in English? Осындай сұрақтар қойылып оқушылар сұрақтарға жарысып жауап беріп жатты. Ең алғашқы қолын көтеріп жауап берген оқушы жеңімпаз болып оларға смайлик сыйлық беріл
ді.
Апталықтың ашылу салтанатында екі жүргізуші болып , біреуі аіылшын тілінде, екінші оқушы қазақ төз ана тілімізде алып барды. Ашылу салтанатында 5-6-7-8 сынып оқушылары белсенділік танытты. Оқушылар өздерінің ағылшын тілін қалай жақсы көретіндерін дәлелдеп өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар ағылшынша әндерін өз әуендерімен, таппақтарын, жұмбақ- жаңылтпаштарын, мақал –мәтелдерін айтып біздерді қуантты. Қыздарымыз буралып би билеп, флешмоб, шығыс билерін, арасында ұлттық билерімізді билеп көңлімізді көтерді.
27.01.15 де 8 «А» сыныпта « The Most things in my Life» атты тақырыпта мектебіміздің майталман ұстазы, озық тәжрібелі І санатты ағылшын тілі мұғалімі Гусайынов Суйиндік ағай қалалық ашық сабақ өткізді. Қалалық ашық сабаққа көптеген ағылшын тілі мұғалімдері, жас мамандар сабаққа қатысып , тәжрибе алмасты жәнеде жас мамандарымыз әдістемелік метод жинады деуге болады. Суйиндік ағай жаңашыл, ізденімпаз, ашық сабақта өз шеберлігін көрсетіп, оқушыларың барлығын сабаққа тартты. Балалар өте жақсы қатысты және бағаланды.
28.01.2015. І кезең: «The World of English» атты сайысымен жалғасты. Осы кезеңде балалар көп нүктенің орнына тиісті әріптерді орналастыру тапсырмаларын орындады. Берілген сөйлемдерді сұраулы, болымды, болымсыз сөйлемдерге ауыстыру мәселесін шешті. Өз жанұясы туралы мәлімет беру тақырыбы көтерілді. Осыған қоса балалар өз уақыттарын қалай өткізер деген шартпен әңгіме құрастырды.
28.01.2015. ІІ кезең: «The World of Pictures» кезекті сайыста оқушылар суреттерге назар аударып , өз ойларын жеткізді. Суреттерді қолдану арқылы сайыскерлер бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарымен таныстырды. «Can you find?» деп аталатын шартта оқушылар ауысқан суреттерді орнына қойып, ағылшын тіліндегі аудармасын тапты.Сайыс өте тартымды өтті.
29.01.2015. 7 «Ә» сыныбында мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі, І санатты мұғалімі Сабытаева Бибигул “School rules” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім өз ісінің шебері әр түрлі көрнекіліктерден, суреттерден, слайдтардан көрсетіп, видеороликтерден әуен, ән тыңдатып, сергіту сәтін өткізіп, оқушыларды мектеп ережелерімен ағылшынша таныстырып үйретті. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, диолог қурастырып барлық оқушы сабаққа тугел қатысты. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарыда өте жақсы.
29.01.2015. «5 -6-7 « сыныптар арасында ағылшын тілі мұғалімі, ізденімпаз, өз ісінің шебері Сандыбаева Сагира «Ертегілер әлеміне саяхат»6 “ A fairy tale Snow White’ тақырыбында акт залында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты өте тамаша болды.Ақшақардың жәнеде қасындағы достарының киімдері, олардың шеберлігі ойнаган ролдері, ертегідегі кейпкерлердің дәл өздері болып ойнап ағылшынша жеткізіп біздерді таң қалдырды. Слайдтан әуенін келтіріп , оқушылар әр кім өз ролдерін ойнағанда Англияға саяхатқа барғандай болдық. Тәрбие сағаты өте жақсы, қызықты т
алапқа сай өтті.
30.012 .015 1 «А» сыныбында «The Birds» тақырыбында жас маман Бектемисова Жазира мектепішілік ашық сабақ өткізді. Жас маман әр түрлі құстардың суреттерін, бейнелерін көрсетіп сабақты жүргізді. Оқушыларға әріптерді қайталатып, сандарды айттырды. Жаңа сөздерді құстардың аттарын дәптерлеріне жаздырды. Жаңа сөздерді оқушылар мен бірге қайталады.
30.01.2015. 5 «Б» сыныбында Сандыбаева Сагира «Hе is Russian» тақырыбында мектепішілік ашық сабақ өткізді. Сабақта Мемлекеттер,ұлттар, сол ұлттардың тілдері тұралы түсіндіріп, слайдтан көрсетіп сабақты өте тамаша, дәстүрлі өткізді. Жақа сөздерді ойын арқылы қайталатты. Әр мемлекеттің ұлы тұлғаларын атып өтті. Сабаққа оқушылар белсенді қатысып барлығы бағаланды.
30.01.2015. « 6-7» сыныптар арасында Сабытаева Бибигул Intellectual Show: “ Educated Youth and Clever Children” атты тәрбие сайыс сабағын өткізді. Сайыс 7 турдан болып, сұрақтарға жауап беру, оз ойларын жеткізу, 2 топта өздерін таныстыру , өнерлерін көрсету,матаматикамен байланыстырып логикалық сұрақтарға жауап беру, оқушылардың жылдамдығын, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, білім біліктілігін тексеру. Сайыста жеңімпаз топ марапатталды. Тәрбие сағаты өте тамаша болды.
31.01.2015. І- кезең: Соңғы сайысымыз «About yourself» атауымен аяқталды. Сайыстың атауына байланысты оқушылар келесі тақырыптарға әңгіме құрастырды.-«About me», «My hobby», «My friend».
31.01.2015. Апталықтың жабылуы болды. Апталықтың жабылу салтанатында оқушылар тағыда өздерінің өнерлерін, аөылшын тіліне деген қызығушылықтарының үстем екендіктерін дәлелдеді. Апталықта белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Апталықта өткен әр сайысқа сөз кезегін әділқазылар алып, бағаларын қойып марапаттады. Оқушыларымыз апталықтан жақсы әсер алып, белсенділіктері артып, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтары артты.
Мектеп басшысы: Исағалиев Самигулла агай және де мектеп әдіскері Сатенова Сара сөз алып: Ағылшын тілі мұғалімдеріне, оқушыларға шығармашылық табыс тілей отырып өздерінің алғысын жеткізді. Апталықтың өте жақсы деңгейде өткенін, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарының жоғары екендігін айтып өтті. Будан әрі де биіктерден көріне берулерінетілгін білдірді.
Осымен «English Language is a World language» атты ағылшын апталығымыз жабық деп жариялаймыз.
Осы мен Ағылшын тілі апталығы өз мәресіне жетті. Хош сау болыңыздар. Кездескенше күн нурлы болсын!!! Good Bye!!! Good Luck!!!