Басы » Бала бақша » Ертегіде қонақта

Ертегіде қонақта

azzАтырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Құмарова Азат

«Өрімтал» балабақшасының тәрбиешісі

№30 технологиялық карта

Білім беру саласы:   Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Ертегіде қонақта

 Мақсаты:а)Балаларды сурет бойынша,өздеріне таныс ертегінің мазмұнын қысқаша баяндай білуді үйретуді жалғастыру.Сөйлеу барысында сөзді қолдана білулерін қалыптастыру.

Ә)Үлкенге,кішіге көмек бере білуге тәрбиелеу.

Б)Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға ,әңгімеге араласып,сұрауға және сұраққа жауап берубілігін дамытуды жалғастыру.

Сөздік жұмыс:тышқан

Қолданылатын көрнекі құралдар:текшенің 6 жақ бетінде әр ертегінің кейіпкерлері болуы керек.Тіл дамыту дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері: «Жылы сөздер»

Шарты:балалар шеңбер болып тұрады,кезекпен-кезек бір-бірінің қолын ұстау арқылы жылы сөздер айтады.Мысалы:Әйгерім сен сондай ақылды қызсың!

Балалар шеңбер бойымен тұрып,бір-бірінің қолдарын ұстап жылы сөздерін айтады.

-Рахмет, апай. Әйгерім келесі балаға қарап: Азамат сен сондай тәртіпті баласың!-дейді. Азамат:Рахмет,Әйгерім.Ол келесі балаға айтады.Ойын осылай жалғаса береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Ғажайып сәт:Ортаға ғажайып текшені алып келу.

-Балалар бұл не?

-Балалар,анықтап қарасақ,текшенің бетінде әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің суреттері бар.

Дидактикалық ойын: «Ғажайып текше»

Ойын шарты:Шеңбер болып тұрамыз,ортаға текше тасталынады.Текшеде қандай кейіпкер суреті түссе,сол ертегі жайында айтып береміз.

Мысалы:текшеден ата,әже,қыз,ит,мысық, тышқан суреттері кездесті делік.Бұл ертегінің аты қалай?

 

 

Содан соң атай не істепті?

Келесі баладан жалғасын сұрайды.

 

-Одан кейін олар кімді шақырды?

 

-Соңында шалқанды қалай жұлып алды?

-Жақсы  сонда кішкентай тышқан қандай болыпты?

-Тышқанның дыбысын салайық?

-Иә,тышқан шиқылдайды екен.

Тышқанды не аулайды?

-Ал ,енді мысықтың дыбысын салайық?

Ал енді орнымызға отырамыз.

Дәптермен жұмыс:дәптердегі  «Ертегі кейіпкерлерінің кезекпен тұру ретін сызық арқылы қос» тапсырмасын орындау.

-Балалар ертегіде атайға барлығы көмектесіпті.Ал сендер үйде үлкендерге көмек бересіңдерме?

Сергіте  жаттығуы:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қойайық,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

1,2,3,(мұрынмен дем алып)

Демімізді алайық,

 

 

 

-Бұл-текше.

 

 

 

Ойын шартын мұқият тыңдап,шеңбер болып тұра қалады.

 

 

 

 

 

«Шалқан»ертегісін әңгімелейді.Әр сұраққа толық жауап  беруге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптердегі тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту жаттығуын орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік Ертегі мазмұнын кез-келген жерінен  жалғастырып кетуге дайын отыруға ұсыныс білдіру. Балалар ұсынысты қабылдайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің көпдеген түрін білу.

Игереді: ұқыптылықты игереді.

Меңгереді: ертегі кейіпкерлерін сахналауды біледі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *